29
пұттарды тастап, ғибадатты бүкiл әлемнiң Раббысы Аллаһқа ғана жасаңыз»,
– деп насихат айтты.
Ибраһимнiң бұл сөзіне әкесi қатты ашуланды. Ұлының сөзiн тыңдаудан
бас тартып, оған ескерту ретінде: «Ей, Ибраһим! Сен менi тәңiрлерiмнен
айырмақпысың? Өзің бабалар жолынан таймақпысың? Егер бұл жолыңнан
қайтып, бабалардан жеткен пұттарымызға қайта оралып, құрмет
көрсетпесең, сенi өлтiремiн. Көзiме көрiнбе, менен аулақ жүр.
Менiң
ашуымнан абай бол», – деді. Ибраһим әкесiнiң ашулы сөздерiн, қорқытуын
сабырлы, тыныш жүрекпен қабылдап, оған: «Саған есендік болсын.
Раббымнан сен үшiн кешiрiм сұраймын. Және сендерден әрi сендердiң
Аллаһ тағаладан басқа сиынып жатқан пұттарыңнан беземін», – дедi де,
әкесiмен қоштасып, оның кәпiр күйiнде қалғандығына қайғырып,
шығып
кеттi. Әкесiнен кетіп, қауымына барған Ибраһим оларды шындыққа
сабырлылықпен шақыра бастады. Бірақ пұттарға әбден сеніп, жандары
жадыланған қауым Ибраһимнің сөзіне құлақ аспады.
Достарыңызбен бөлісу: