91
қылушылардан болдым», – деп iстеген iсiне өкiнiп, кiнәсiн мойындап, кит
қарнында тұрып, жылап дұға жасады. Аллаһ
тағала оның дұғасын қабыл
алды. Оны Өз құдiретiмен киттің қарнынан, теңiз тұңғиығынан шығарып,
қауымына, елiне қайта баруын әмiр еттi.
Юнус Раббысына теңiзден, кит қарнынан құтқарғанына сансыз шүкiрлiк
етті. Раббысының әмiрiн орындап, елiне қарай жол тартты. Ол елiне жетiп,
қауымындағы өзгерiстердi көргенде, таң-тамаша болды. Қауымы Аллаһ
тағалаға сиынып, құлшылық етiп жатыр екен. Олар тәубелеріне келiп,
Аллаһқа қайтыпты. Мұны көрiп шексiз қуанған Юнус сол сәтте: «Уа,
Раббым! Саған сансыз шүкiрлер, мадақтар болсын! Сен менi де, қауымымды
да құтқардың. Менi де, қауымды да кешiрдiң. Сенен өзге құдай жоқ. Сенi
ғана дәрiптеймiн. Расында, Сен – тәубенi қабыл Етушi, Мейiрiмдiсiң», – деп
Раббысына сансыз шүкiршілік айтты.