ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет70/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
Хикаялар

Азап және тәубе 
Юнус қауымынан алыстап, елiнен шығып кеткеннен кейiн ескертілген 
азаптың белгiлерi көрiне бастады. Қауым адамдарының беттерi, дене 
мүшелері, түстерi өзгерiп кеттi. Айналада шаң-тозаң көтерiлiп, ешкім оң-
солына қарай алмай қалды. Олар Ад, Самуд қауымдарына және алдыңғы 
Нұхтың қауымына келгенiндей өздерiне жоюшы азаптың келгенiн түсiндi. 
Олар Юнустың сөздерiнiң растығын, оның шын пайғамбарлығын мойындап, 
бұл азаптан құтылудың жолы тәубеге келiп, Юнустың дiнiне кiру ғана 
екенiне көз жеткiздi. Пайғамбарға сенбей, кәпiр болып қателескендiктерiне 
қатты өкiнiп, өздерiн кінәлады. Аллаһ тағаладан бұл азаптан құтқаруды 
сұрап, жалбарынып, шулап тау-тасқа, сахараға, алыс-алыс жерлерге босып 
кеттi. Осылайша қауым адамдарының Аллаһқа бет бұрып, тәубеге келiп, 
Одан кешiрiм сұрап, Аллаһтың біреу әрі Жаратушы екендігін қайталап 
жалбарынуларымен ұзақ уақыт өттi. Аллаһ тағала олардың тәубелерін 
қабылдап, олардың бастарына төнген азапты көтердi. Олар мүмін болып, 
аман-есен үйлерiне оралды. Сөйтiп, Юнустың да өздеріне келiп, уағыз-
насихатын жалғастырып, тура жолға бастайтынынан үмiт еттi. 
Юнустың тағдыры 
Ал Юнус «қауымым Аллаһтың азабына ұшырап, жойылып кеттi» деген 
оймен, теңiз тарапына бет түзеді. Ол қауымының тәубеге келгенінен және 
Аллаһ тағала олардан азапты көтергенiнен бейхабар еді. Теңiзге жеткен 
кезiнде бiр топ жолаушы оны да өздерiмен бiрге кемелерiне мiнгiзiп алды. 
Олар теңiздiң ортасына жеткенде, қатты толқын тұрып, кеме шайқала 
бастады. Жолаушылар кеменi жеңiлдету үшін азын-аулақ азықтан басқа 
жүктің барлығын суға лақтырды. Бірақ кемеге төнген қауiп сейiлмедi. Ендi 
жолаушылар басқалардың аман қалуы үшiн өздерінің ішіндегі біреуін суға 
тастау керек екендiгiн түсінді. Олар кiмнiң суға тасталатындығын анықтау 
үшiн орталарына жеребе тастады. Таңдау Юнусқа түсіп, ол теңiзге 
тасталатын болды. 
Юнус бұл iстiң артында Аллаһқа ғана аян бiр сырдың бар екендігін 
түйсініп, басқалардың аман қалуы үшiн өзiнiң теңiзге тасталуына келісімін 
берді. Кемедегілер Юнусты теңізге лақтырды. Аллаһ тағаланың әмірімен бiр 
үлкен кит Юнусқа ешқандай зиян келтiрмей, жұтып жіберді де, теңiздiң ең 
төменгi, қараңғы түкпіріне сүңгiдi. Кит қарнында Юнустың жүрегi 
қысылды. 
Юнус өзiнiң Аллаһ тағаланы риза етпейтiн іс жасап, қауымын 
Раббысының әмiрi келместен бұрын тастап кеткенi үшiн Аллаһ тағала оның 
басына бұл қиындықты салғанын бiлді. Ол Аллаһ тағалаға жалбарынып: 
«Сенен өзге құдай жоқ. Сенi ғана дәрiптеймiн. Расында, мен өзiне зұлымдық 


91 
қылушылардан болдым», – деп iстеген iсiне өкiнiп, кiнәсiн мойындап, кит 
қарнында тұрып, жылап дұға жасады. Аллаһ тағала оның дұғасын қабыл 
алды. Оны Өз құдiретiмен киттің қарнынан, теңiз тұңғиығынан шығарып, 
қауымына, елiне қайта баруын әмiр еттi. 
Юнус Раббысына теңiзден, кит қарнынан құтқарғанына сансыз шүкiрлiк 
етті. Раббысының әмiрiн орындап, елiне қарай жол тартты. Ол елiне жетiп, 
қауымындағы өзгерiстердi көргенде, таң-тамаша болды. Қауымы Аллаһ 
тағалаға сиынып, құлшылық етiп жатыр екен. Олар тәубелеріне келiп, 
Аллаһқа қайтыпты. Мұны көрiп шексiз қуанған Юнус сол сәтте: «Уа, 
Раббым! Саған сансыз шүкiрлер, мадақтар болсын! Сен менi де, қауымымды 
да құтқардың. Менi де, қауымды да кешiрдiң. Сенен өзге құдай жоқ. Сенi 
ғана дәрiптеймiн. Расында, Сен – тәубенi қабыл Етушi, Мейiрiмдiсiң», – деп 
Раббысына сансыз шүкiршілік айтты. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет