ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет75/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Хикаялар

Нағыз шындық 
Кемпір бір сәт үнсіз қалды. Сосын: «Узайр діндар әрі ізгі адам болатын. 
Аллаһ оның дұғасын әрқашан қабыл ететін. Бірде ол Аллаһтан бір пенденің 
ауруына шипа беруін тілеген еді, Аллаһ оған шипа беріп, ем қонды. Ендеше, 
сен нағыз Узайрдың өзі болсаң, Аллаһтан менің көзіме мен сені көре 
алатындай шипа тілеп, дұға етші. Сонда мен сенің расында Узайр екеніңді 
таниын», – деді. Узайр Аллаһ тағалаға дұға етіп, қолымен кемпірдің 
көздерін сипады. Сол сәтте-ақ Аллаһтың қалауымен және құдіретімен 
кемпірдің көз қарашығы қалпына келді. Ол кемпірді қолынан ұстап: 
«Аллаһтың қалауымен орныңнан тұр», – деп сүйемелдеп еді, Ұлы Мәртебелі 
Аллаһ оның аяғына да жан бітірді. Сөйтіп, кемпір сау қалпына оралды. 
Узайрға нақтылап қараған ол: «Мен куәмін, сен расында – Узайрсың», – 
деді. 
Узайр кемпірмен бірге адамдардың жиынына келді. Олар жиында 
Узайрдың ұлын кездестірді. Ол да қартайыпты, қасында немерелері мен 
балалары жүр екен. Оларды көрген кемпір: «Қараңыздар, Узайр оралды», – 
деп айқайлап жіберді. Барлығы да селк етті. Олар: «Ессіз кемпір, не айтып 
тұрсың?! Неге айқайлайсың?» – деді. Сонда кемпір: «Қалайша 
байқамайсыңдар! Мен енді соқыр да, мүгедек те емеспін! Барлығына осы 
себепші. Ол Аллаһқа дұға етті. Содан соң менің көз жанарым да, аяқтарым 
да орнына келді. Мен енді жүре де, көре де аламын», – деді. Олар кемпірге 
тиіскендерін тоқтатты. Таңданыстан олардың бойын үрей билей бастады. 
Узайрдың қартайған ұлы орнынан тұрды да: «Есімде қалғаны – әкемнің 
арқасында, дәлірек айтқанда, жауырындарының ортасында меңі болған», – 
деді. 


96 
Узайр шешінді де, оның арқасындағы меңді жиналғандардың барлығы 
көрді. Расында, мең қария адам айтқан жерде орналасыпты. Ұлында күмән 
қалмады, әкесі мен ұлы сол жерде құшақтасып, қауышты. Сәлден соң 
адамдардың бір тобы: «Әкелеріміз бен аталарымыздың айтуынша, олардың 
іштерінде Тәуратты жатқа білетін Узайрдан артық ешкім болмапты. Бізді 
вавилондық залым патша жаулап, кітабымыз Тәуратты өртегеннен кейін 
қолымызда Тәураттың ешбір жазба нұсқасы қалған емес. Сондықтан біз 
Тәуратты ауызша ғана білеміз. Сен, расында, Узайр болсаң, бізге қайталап 
жазып бер», – деді. Баяғы бір заманда залым патшадан бұл қауымды жаулап 
алу қаупі төнгенде, Узайрдың әкесі Тәураттың бір нұсқасын өзі және ұлы 
Узайр ғана білетін жерге көмген-ді. Узайр адамдарды сол жерге ертіп 
апарды. Расында, барлығы Узайр көрсеткен жерді қазып, Тәураттың жазба 
нұсқасын тауып алды. Ол әбден езіліп кетіпті. Ылғалдың әсерінен кітаптың 
көптеген беті жарамсыз болып қалыпты. Сол сәтте Узайр бір ағаштың 
көлеңкесіне отырды, айналасына оның қауымының адамдары жайғасты. 
Ұлы мәртебелі Аллаһ оған Тәуратты көрсетті, ал ол адамдарға кітапты ашып 
оқып отырғандай айта бастады. Бәну исраил қауымы осылайша Тәураттың 
жаңа түрін жазып шықты. Ал Узайр олардың арасында бірнеше жыл өмір 
сүріп, дүниеден өтті. 
Аллаһ тағала Узайрдың жүз жыл бұрын өмір сүргендігін және оны Өзінің 
қалауымен қайта тірілткенін адамдарға дәлелдеп беруi үшiн әрі олардың 
Жаратушы Иеміз – Аллаһ тағаланың құдiретiне сенiп, имандарының артуы 
үшiн осы бір мұғжизаны жасаған едi. 
Бiрақ бұл мұғжизадан кейін қауымдағы иманы артқан пенделердің бұл 
жағдайы ұзаққа созылмады. Адамдардың көпшiлiгi адасып, Узайрды шектен 
тыс ардақтап: «Узайр – Аллаһтың ұлы», – деп дәріптей бастады. Бұл – 
Аллаһ тағаланың қаһарына ұшырататын асқан күпiршілік. Махаббат пен 
қорқу ғибадат түрлерiне саналып, тек Аллаһ үшiн ғана болуы керек. 
Аллаһтан басқа ешкімді ерекше жақсы көруге болмайды. Ал біз Узайрды 
немесе басқаларды Аллаһ тағалаға серiк етпейміз. Ол да – Аллаһтың 
жаратқан ізгі бір пендесі. Бәну исраил қауымы яһудилер Перғауыннан 
қорқып, оған сиынды. Узайрды жақсы көрiп, оған да сиынды. Самири 
олардың ақылдарын адастырып, бұзауға сиындырды. Ал Аллаһ қаласа, біз 
бұл қателіктерге ұрынбауымыз керек. Сондай-ақ Аллаһтан басқа ешкiмнен 
де ерекше қорқуға болмайды. Аллаһ иман келтiргеннен кейiн, қайта 
кәпiрлікке оралып, адасып кетушiлердi ешқашан ұмытпайды. Аллаһ тағала – 
әрбір істе Құдіретті. 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет