ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет74/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
Хикаялар

Аллаһ – Ұлы Жаратушы 
Узайр перiштенiң сөздерiне таңғалды. Әрi себеттегi жемiстердiң
тамақтардың өзгермей бұрынғы қалпына келгендiгiн, есектiң сүйектерi 
жиналып, ет бiтiп, жан берiлiп, қайтадан қимылға келiп, тiптi жүз жыл өлiп 
жатпағандай болғандығын көргенде, таңданысы арта түстi. Ол өзінің 
иманының арта түскенiн сездi. Шындықты көзiмен көрiп, жауапты толық 
бiлгеннен кейiн сенiмдi сөзбен: «Мен Аллаһтың әр нәрсеге шамасы 
жететiнiн бiлемiн», – дедi. Сонан соң перiште оған: «Мұның барлығы сенiң 
көңiлiң тыныштық тауып, қаншама заман өтсе де, Қиямет күнi өлiктердi 
тiрiлту шындық екенiне көзіңді жеткiзуiң үшiн болды. Ендi мұны басқа 
адамдар да бiлiп, сенуi керек. Ей, Узайр! Ендi сен өзiң көрiп, бiлгендерiңдi 
басқаларға айтып, жеткiз. Басқалардың да сенiмдерiн оят», – деп сөзiн 
аяқтады. 
Узайр орнынан қозғалып, жүрісін жалғастырды. Бірақ бұрынғы 
жолдарды табу оған қиынға соқты. Айналаның барлығы басқаша түрге 
енген. Адамдар да, үйлер де өзгеше. Ол ешкімді танымады. Олардың 
киімдері мен тұрмыс-тіршілігі Узайрға мүлдем жат көрінді. Ал жүргіншілер 
Узайрдың түр-сипатына таңдана қарасып өтіп жатты. 


95 
Ол шамалай отырып, өзінің бұрынғы лашығының орнына келді. 
Табалдырықта қартайған кемпір отырды. Ол соқыр әрі мүгедек екен. Бұл 
кемпір баяғыда Узайрдың үйінде күтушілік істейтін жас қыз еді. Узайр 
одан: «Ей, кемпір! Узайрдың үйі осы ма?» – деп сұрады. «Иә, Узайрдың үйі 
осы», – деп жауап берген ол айқайлап жіберді де: «Оның есімі аталмағалы 
қаншама жыл өтті. Адамдар Узайрды ұмытып та үлгерді», – деді. 
Узайр оған: «Ей, Аллаһтың құлы! Мен Узайрдың өзімін. Мені Аллаһ жүз 
жылға өлтіріп, сосын қайта тірілтті», – деді. Қорқыныштан кемпірдің аяқ-
қолдары дірілдеп, орнында тоқтай алмады. Оны біреу мазақтап тұрғандай 
күйге түсірді. Кемпір ызаға булығып: «Ей, жүргінші! Біз Узайрды жүз жыл 
бұрын жоғалтқанбыз және адамдар қазір оны естеріне де алмайды. Ендеше, 
менімен бұлайша қалжыңдасуды тоқтат», – деді. Бірақ Узайр тағы да: «Бұл – 
менмін, Узайрмын. Бұл шындық! Менің сөзімнің растығына Аллаһ куә», – 
деп жауап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет