Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


(құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар  орналасқан, яғни View (вид)



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
(құралдардеген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар 
орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) 
арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін 
жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал 
роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда 
құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл 
арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options
(параметрлер) құрылады.
Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:
Flash редакторының мүмкіндіктерін атап беру
Flash редакторының құралдар сайманы панеліндегі саймандарды атап беру
8 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті.
AutoCad жүйесі.
14,15 - дәріс. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және 
артықшылықтары
Дәрістің мақсаты: Сызба графикасының ерекшеліктерін студенттерге 
таныстыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері
AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
Дәрістің тезисі: Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті 
AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол сіздің 
нұсқауыңыз бойынша сізге қажетті сызбаның тез және дәл, нақты генерациясын 
алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар сізге сызу барысында 
жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлдеп түзетулерді бүкіл сызба 
жұмысын қайтадан құрмай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың 
таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі сіз үшін жұмыс
істейді. Сызбаңызға «өзінен» ешнәрсе қоймайды. AutoCad жүйесінің көмегімен 
дайындалған сызба сіздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбаңызбен ойша 
бірдей болып келеді. («Ойша» дейміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне 
байланысты оның нақтылығын арттырады). Сіздің сызбаңыз нұсқауыңыз бойынша 
дәл болады, және әрбір элемент қалаған орныңызда дәл орналасады. 


AutoCad программалар пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге арналған қосымша
сызба жұмыстарының жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын автоматизациялаудың 
қосымша жүйелері өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің 
пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы 
жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін 
қамтамасыз етеді. AutoCad жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен 
және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді 
береді. 
Негізінен алғанда AutoCad жүйесін пайдаланғанда сызба жұмыстарына 
шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де 
генерацияланған болу керек.
Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген: 
барлық архитектуралық сызбалар
интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау
технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар
кез келегн қисықтар 
электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға 
арналған сызбалар. 
Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі. 
Суреттер салу.
Қазіргі кезде Автокад жобалық-сызба жұмыстарының автоматизациясының
стандартталынған жүйесіне дейін өсті. Компьютерлік техникалық ақпараттық 
құралдарының жақсы дамуы Автокадты ойлап шығарушылардың оны екі өлшемді 
жазық сызбалар жасауға, сонымен қатар күрделі көлемді концтрукцияларды 
модельдеуге, әр түрлі сандық және символдық массивтермен байланысты 
құрылымдық жүйелер құруға мүмкіндік туғызды. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі 
қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен 
алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет