Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


№15 Практикалық жұмыс. Парақтары ашылып жатқан кітап жасау



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
№15 Практикалық жұмыс. Парақтары ашылып жатқан кітап жасау
Біз бұл мысалда ашулы тұрған кітаптың суретін саламыз. Бұл мысалдың 
қиындығы кітаптың беттері бір-бірінен бөлек болуы қажет. Мұны қолмен салуға 
болады, бірақ оған көп уақыт кетеді. Бірақ біз бұл мысалда оны оңай салу 
жолын келтірейік. Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Star Shapes 
(Звезды) құрал–сайманын таңдап алып, 32-бұрышты жұлдыздың суретін салыңыз 
(196-сурет).
Бұл құрал-сайманның параметрін суретте көрсетілгендей беріңіз, яғни Angle 
of Rotation (Угол поворота) батырмасына бұрылу бұрышы ретінде 20о деп беру 
нәтижесінде фигураны көбейтеміз (197-сурет).
196-сурет
197-сурет
40, 60 және 80о мәндерін беру арқылы осы операцияны қайталаңыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен барлық объектілерді белгілеп 
біріктіріңіз (198-сурет)
Пайда болған фигураға ашылған кітап парағының эффектілерін жасайық. Ол 
үшін Eraser (Ластик) құрал-сайманын таңдап алып, артығын өшіріңіз (199- сурет)


198-сурет
199-сурет
Енді кітаптің мұқабасын жасауға кірісейік. Ол үшін құрал-саймандардың бір 
тобын пайдалануға болады. Бірақ жұмыстың көп бөлігі қолмен жасалады. Bezier 
(Кривая безье) құрал-сайманын алып, суретте көрсетілгендей қисық сызыңыз (200-
сурет).
200-сурет Салынған мұқабаны бояңыз. Мысалы, қоңыр түске.
Енді бейнеге көлем беру керек. Ол үшін Interactive Extrude (Интерактивный 
объем) құрал-сайманын таңдап алып, фронтальды және артқы бөлігі сәйкес 
келетіндей етіп параметрлерін беру қажет (201-сурет).
201-сурет
Бұл мысалды орындау кезінде объектіге жарық көзін берсек артық емес
параметрі 202-суретте көрсетілген.
Жұмыс аяқталды, нәтиже төменде 203-суретте көрсетілген.


202-сурет
203-сурет (нәтиже)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет