сол қалпында қалдырамыз. Ал келесі терезеде суретте көрсетілгендей
параметрлерін береміз (207-сурет)
Ондағы Palette (Палитра) тізіміне Adaptive (Адаптивная) вариантын таңдап
алған дұрыс. Dithering (Настройка растра) параматрін өзгертпеген жөн. Өйткені
біздің жағдайда ол нәтижеге ешқандай өзгеріс келтірмейді. Colors (Количество
цветов) бетінде ең үлкен мән (максималды) 256-ны беруге болады. Бұл мәнді
батырманың файл
мөлшеріне шектеу қойылса ғана, азайтуға болады. Осымен
мысал дайын болып жұмыс үстеліне шығарылды (208- сурет)
207-сурет
208-сурет (нәтиже)
№17 Практикалық жұмыс. Жердің көлемді суретін салу
Ellipse (Эллипс)
құрал-сайманын таңдап алып, екі бірдей дөңгелек
салыңыз (209-сурет).
209-сурет
Дөңгелектің
бірін белгілеп, Texture Fill (Текстурная заливка) құрал-
сайманын
таңдап алсаңыз, келесі сұхбат терезе ашылады (210-сурет).
210-сурет
Ашылған сұхбат терезеде Texture Library (Библеотека текстур)
кітапханасынан Styles кітапханасын, ал Texture List (Список текстур)
кітапханасынан Satellite Photography (Спутниковая фотография)
кітапханасын
таңдап, параметрлерін беріңіз. Сонда келесідей Жер пайда болады (211-сурет).
211-сурет
Енді планетамызға көлем беру жұмысына кірісейік. Ол үшін екінші
дөңгелекті белгілеп, Fountain Fill Dialog (Диалоговое окно градиентной заливки)
құрал-сайманын таңдап алып, келесі параметрлерді беріңіз, яғни типін радиалды,
қарадан-аққа, ортасы сол жақ жоғарғы бұрышқа ығысу деп береміз (212-сурет).
212-сурет
Екінші дөңгелекті бірінші дөңгелектің үстіңгі жағына орналастырамыз.
Градиентті боялған дөңгелекті белгілеп, оған Interactive Transperency
(Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын пайдаланып
мөлдірлеу эффектісін
қолданамыз. Параметрі төменде көрсетілген (213-сурет).
213-сурет
Нәтижесінде жер екінші дөңгелектің бетінен көрінеді (214-сурет).
Енді бұл дайын болған көлемді объектіге қара фон, яғни түнгі аспан мен
жұлдыздар жетіспейді. Оны өздеріңіз салыңыздар. Нәтижесі төменде көрсетілген
(215-сурет).
214-сурет
215-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: