Сол экранның шекарасы қара сызықпен белгіленеді.
Вид – 3D виды командасын
қолданып, түр вариантын таңдауға болады. Мысалы, суретте жоғарғы экранда
Изометрия – «Юго-Запад» түрі қойылған, төменгі сол жақтағы экранда
Сверху түрі
көрсетілген. Төменгі оң жақтағы экрандағы изометриялық түрі
3D –орбита
құралымен қойылған. Бұл құрал модель қалауынша
айналдыруға және керекіті
бұрышта қарауға мүмкіндік береді.
9 Өздік жұмыстардың тапсырмалары
Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік
жұмысы (СӨЖ) реферат немесе минипроект түрінде орындалады және
студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша
баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға
жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушымен бірге
меңгерілген материалмен
қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
Өздік жұмыс тақырыптары:
1 Реферат тақырыптары:
1.
Графикалық ақпарат туралы түсінік.
2. Компьютерлік графика түрлері. Векторлық, растрлық, фрактальді графика.
3.
Компьютерлік графиканың қолдану салалары.
4. Графикалық редакторлар. Графикалық файлдардың форматтары.
5. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері. Түсті басқару
жүйелері.
2 Минипроекттер:
1. Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану.
2. Corel Draw бағдарламасында жоба жасау.
3.
Анимация құру құралдары Flash– технологиясын қолдану.
4. Web-кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен;
5.
Web-кескіндерді өңдеу: Macromedia Flash
бағдарламасы құралдарымен;
6.
Web-кескіндерді өңдеу: 3D Studio Max бағдарламасы.
7.
AutoCad жүйесінде конструкторлық жоба жасау.
Достарыңызбен бөлісу: