Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


Бір немесе бірнеше түйіндерді белгілеу



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Бір немесе бірнеше түйіндерді белгілеу
Түйінде редакциялау үшін оны алдымен белгілеп алу қажет. Әдетте, бұл 
үшін Shape сайманын пайдаланады. Алдымен көрсетілген сайманмен қисықтың 
өзін, сонан кейін таңдалынған түйінді белгілейсіз. Бірнеше түйінді бір мезгілде 
белгілеу үшін Shift пернесін басулы күйде әрқайсысын кезекпен шертіңіз немесе 
белгіленетін түйіндердің ішінде пунктирлі рамканы созыңыз (126- сурет). Барлық 
түйіндерді бірден ерекшелеу үшін
Edit → Select → Nodes (Түзету → Бәрін ерекшелеу → Түйіндер) 
командаларын орындаймыз. Барлық түйіндерден ерекшелеуді алып тастау үшін, 
қисықтан тыс жерде, сурет салу терезесінің кез-келген нүктесінде шертіңіз. 
Түйіндер мен объектілерді, олардың жасалу ретімен ерекшелеу үшін, Tab пернесін 
басыңыз.
Shift + Tab пернелерін басу, түйіндер немесе объектілерді, олардың 
жасалуының кері ретімен ерекшелейді.
Түзу сызықты қисыққа тікелей және кері түрлендіру
Түзу сызықта бақылау нүктелері болмайды (127-сурет). Мұндай сызыққа 
бақылау нүктелерін қосу үшін, түзу сызықты қисыққа түрлендіру қажет. Ол 
үшін түзуді ерекшелеңіз немесе объектіні Shape (Форма) сайманымен 
ерекшелеңіз, сонан соң қасиеттер панеліндегі (128-сурет) Convert Line to Curve 
(Түзуді қисыққа түрлендіру) батырмасын шертіңіз. Түрленгеннен кейін түзудің 
бөлігінде екі жаққа бақылау нүктелері пайда болады (129- сурет).


126-сурет
127-сурет
128-сурет
129-сурет
Егер бізге кері операция қажет болса, яғни қисықты түзу сызыққа түрлендіру 
үшін Convert Curve to Line (Қисықты түзуге түрлендіру) (130-сурет) 
пиктограммасын пайдаланыңыз. Бақылау нүктелері жоғалып, қисық сызық түзуге 
айналады (131-сурет).
130-сурет
131-сурет
Түйіндерді қосу және жою
Кейде объектінің формасын өзгерту үшін, бірнеше түйінді қосу немесе жою 
қажет.
Жаңа түйінді жасау үшін (132-сурет) объектіні Shape (Форма) сайманымен 
ерекшелеп, көрсеткішпен пішіннің қажетті нүктесінде шертіңіз – пішін сегментінде
уақытша дөңгелек түйін пайда болады. Әрі қарай ұсынылатын әрекеттердің бірін 
орындаңыз: уақытша түйінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама 
менюден (133-сурет) Add (Қосу) командасын таңдаңыз немесе қосымша цифрлық 


пернетақтадан + пернесін басыңыз немесе қасиеттер панеліндегі Add Node (Түйінді
қосу) батырмасын шертіңіз.
Түйіндіні бірнеше тәсілмен жоюға болады:
оны Shape сайманымен ерекшелеп, пернелер тақтасынан Del пернесін басу;
оны ерекшелеп, сонан соң қасиеттер панеліндегі Delete Node (Түйінді жою) 
белгісін шерту;
берілген түйінде тышқанды екі рет шертуді орындау.
Түйіндерді жою жанама менюдегі Delete командасының көмегімен 
орындалады (134-сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет