Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Көпбұрышты өзгерту
Көпбұрыштың жақтарының санын өзгерту – ол үшін қасиеттер панелінде 
көпбұрыштың, жұлдыздың, күрделі жұлдыздың жақтарының немесе төбелерінің 
санын енгізіп, Enter пернесін басу керек. Көпбұрышты жұлдызға ауыстыру үшін, 
көпбұрышты және форма сайманын таңдап, көпбұрыштың түйінінде тышқан 
батырмасын жылжыту арқылы қажетінше жұлдызша жасау керек.
Спираль салу
Спираль салудың екі түрі бар: симметриялы және логарифмдік. 
Симметриялы спираль біркелкі оралымдардан тұрады, ал логарифмдік орам 
айналған сайын оның қадамдары үлкейе түседі.


Тор салу
Торды бағаны мен қатарының санын көрсетіп салуға болады. Тор – 
тіктөртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.
Саймандар қатарынан 
таңдап, 
қасиеттер панелінде жоғарғы 
сан
бағандар санын, төменгі сан – қатарлар санын көрсетіңіз. Егер торды 
центрінен бастап салу керек болса, SHIFT батырмасын басып тұрып, ал 
торлардағы ұялар өлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып 
тұрып салыңыз. Ал егер де, торды алып тастау керек болғанда
сайманын 
таңдап, Упорядочить → Отменить группировку командасын орындау керек.
Стандартты фигуралар салу
Дұрыс фигуралар коллекциясын пайдаланып, стандартты фигуралар салуға 
болады. Белгілі бір фигуралар, мысалы, негізгі фигуралар, бағыттауыш фигуралар, 
баннер фигураларын және ескертпе фигураларында глифтер бар. Глифті
жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады.
. Глиф – 
ромб түріндегі маркер, оны жылжыту арқылы фигураны өзгертуге болады.
Стандартты фигураға мәтін қосу
1. 
мәтін сайманын таңдаңыз.
Курсорды мәтін жағдайына өзгеретіндей етіп фигура абрисінің ішіне 
орналастырыңыз.
Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз.
CorelDRAW-та түйіннің үш типін ажыратады:
тегіс түйін (smooth), тегіс қисықты (122-сурет) салу үшін тағайындалған. Екі 
бақылау нүктелері де, түйін де бір түзуде орналасады, бірақ жанама сызықтардың 
ұзындықтары әр түрлі. Бір бақылау нүктесінің орын ауыстыруы, бақылау 
нүктесінің бір жағынан қисық сызықты сегменттің қисықтығының сәйкес өзгеруіне 
әкеледі, ал келесі жақтың ұзындығы өзгермейді;
симметриялы түйін (symmetrical) көп жағдайда тегіс түйінге ұқсас – бақылау 
нүктелері де, түйін де бір түзудің бойында жатады (123-сурет), бірақ жанама 
сызықтар ұзындықтары бірдей. Бақылау нүктесінің біреуі қозғалған жағдайда 
екіншісі де қозғалады, яғни жанама сызықтар үнемі тең болады. Бақылау нүктесі 
орнының өзгеруі, жанама сызықтың қисыққа еңкею бұрышының сәйкес өзгеруіне 
әкеледі;
сүйір түйін (Cusp) объектінің қисығында сүйір бөліктерді жасау үшін 
пайдаланылады. Бұл түйіннің әр түрлі жағындағы жанама сызықтары бір түзуде 


жатпайды, демек, жанасқан қисық сызықты сегменттердің қисықтығы әр түрлі 
болады, ол мұндай түйіннен өтетін қисық сүйір бұрышпен иіледі (124-сурет). 
Әрбір сегмент үшін қисықтың радиусы мен жанаманың еңкею бұрышын, 
ұзындығы мен жанаманың еңкею бұрышынан өзгеруімен бір-бірінен тәуелсіз 
реттеуге болады, яғни бақылау нүктелерін жылжыта отырып.
122-сурет
123-сурет
124-сурет
Түйін типін өзгерту үшін ашылатын Shape Edit Flyout (Фигураны редактрлеу) 
тізімінде орналасқан Shape (форма) сайманын пайдалануға болады. Алдымен 
редактрленетін түйінді белгілеп алып, сонан соң тышқанның оң батырмасын 
басыңыз да, жанама менюден қажет пунктті таңдап алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет