TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғары сапалы растрлық
бейнелерді сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі TIF). Кеңінен таралған
форматтар қатарына жатады, көптеген графикалық, дизайнерлік программалар
тарапынан қамтамасыз етілген. СМҮК түсбөлінісінің монохромды ақ-қара түсінен
бастап 32-разрядты модельдерге дейінгі түстердің кең диапазонын қамтиды. 6.0
версиясынан бастап TIFF форматында бейненің маскілері (контурлары) жайлы
мәліметтерді сақтауға болады. Файлдың көлемін азайту үшін ішкі LZW сығымдау
алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document).Растрлы графикалық ақпаратты сақтау
мүмкіншілігіне қарай анағұрлым қуатты программалардың бірі (файл атының
кеңейтілуі PSD). Көптеген маскілерді, айқындық дәрежесін, арналарды, қабат
параметрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Әр түрлі түстік модельдер мен түс
бөлу, түсті 48-разрядпен кодтау қолданылады. Басты кемшілігі, ақпаратты
сығымдаудың тиімді алгоритмінің болмауынан файл көлемінің өсуіне алып
келетіндігінде.
PСX. Формат Z-Soft фирмасының PC PaintBrush программасының
растрлық мәліметтерін сақтау форматы ретінде пайда болды және анағұрлым
кең таралғандардың бірі болып табылады. (файл атының кеңейтілуі . PSХ). Түске
бөлінген бейнені сақтау мүмкіндігінің болмауы, түстік модельдердің жетіспеушілігі
мен өзге де шектеулер форматтың танымалдылығының жоғалуына алып келді.
Қазіргі кезде формат көнерген болып саналады.
PhotoCD. Формат жоғары сапалы сандық растрлы бейнелерді сақтау үшін
Kodak фирмасында жасалған. (файл атының кеңейтілуі .PSD). Мәліметтерді
файлда сақтау форматы Image Pac деп аталады. Файл бейнені көрсетілімнің
белгіленген шамасында сақтауға мүмкіндік беретін ішкі құрылымнан тұрады,
сондықтан да бұл форматта сақталған кез-келген файл көлемінің бір-бірінен
айырмашылығы болмашы ғана және 4-5 Мбайт аралығында болады. Әрбір
көрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден
оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base/16-дан (128х192 нүкте)
бастап Baseх 16-ға (2048-3072 нүкте) дейін бес деңгей бар. Бастапқы бейнені
бірінші мәрте сығымдауда іс жүзінде сапа жоғалмайтын субдискреттеу әдісі
қолданылады.