Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет8/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
Windows Bitmap. Windows операциялық жүйесінде растрлық бейнелерді 
сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .ВМР). Сәйкесінше бұл ортада жұмыс 
істейтін барлық қосымшаларда қолданылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Groups). Формат растрлық бейнелерді 
сақтауға арналған (файл атының кеңейтілуі . JPG). Бұл формат файлды 
сығымдау дәрежесі мен бейне сапасы арасындағы арақатынасты реттеуге 
мүмкіндік береді. Сығымдауда қолданылатын әдістер «артық» ақпаратты өшіруге 
негізделген, сондықтан да форматты тек электрондық жарияланымдар үшін 
қолданған жөн.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстердің саны (256) белгіленген 
сығымдалған бейнелерді сақтау құралы ретінде 1987 жылы стандартталған (файл 
атының кеңейтілуі .GIF). Жоғары дәрежеде сығымдалуы арқасында Интернетте 
танымал болды. Форматтың соңғы нұсқасы бейненің жолтастап жүктелуіне және 
түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді. Түстер санына шектеу қойылуына 
байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда ғана қолданылады.
PNG (Portable Network Graphics). Бейнелерді Интернетте жариялауға 
арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл) сақтау форматы (файл атының 
кеңейтілуі .PNG). Бейненің үш типі – түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік тереңдікпен 
және сұр түстің 256 градациясы бар ақ-қара түс қолданылады. Ақпаратты 
сығымдау іс жүзінде ешбір жоғалыссыз жүргізіледі және 254 деңгейлі альфа- 
канал қарастырылған.
WMF (Windows MetaFile). Windows операциялық жүйесінің векторлық 
бейнелерін сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .WMF). Анықтама бойынша
жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда қабылданған 
стандартты түстік палитралармен жұмыс істеуге арналған құралдардың болмауы 
және өзге де кемшіліктер оның кеңінен қолданылуына кедергі жасайды.
EPS (Encapsulated PostScript). Векторлық, сондай-ақ растрлық бейнелерді 
іс жүзінде баспаға дейінгі процестер мен полиграфия саласында стандарт болып 
табылатын Abode фирмасының PostScript тілінде сипаттау форматы (файл атының 
кеңейтілуі .EPS). PostScript тілі әмбебап болып табылатындықтан, файлда 
векторлық және растрлық графика, қаріптер, контурлар (маскілер), құрал-
жабдықтарды пішімдеу параметрлері, түстік профильдер бір уақытта сақтала 
алады. Экранда векторлық мәнді көрсету үшін – WMF, ал растрлық үшін – TIFF
форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме жалпы алғанда EPS-тің елеулі 
кемшілігі болып табылатын тек нақты бейнені ғана көрсетуге қабілетті. Шынайы 
бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса арнайы көру программарының 
көмегімен немесе файлды Acrobat Reader, Acrobat Exchange қосымшаларының 
PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет