Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



Pdf көрінісі
бет3/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
7 Дәрістер мазмұны
1 тақырып. Кіріспе. Графикалық ақпарат туралы түсінік. Компьютерлік 
графика түрлері. Векторлық, растрлық, фрактальді графика.
1-дәріс. Компьютерлік графика ұғымы
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру. 
Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Компъютерлік графика түсінігі.
2 Даму кезеңдері. 
3 Қолданылу аймақтары. 
4 Компъютерлік графика түрлері.
5 Векторлық, растрлық, фрактальді графика. 
Глоссарий (анықтама, сөздік);
Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.
Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен 
өлшенеді.
RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс 
жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк). 
CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын 
суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл, жасыл 
және көк).
HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік 
моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK 


моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол 
қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі, түстің 
қоюлығы, түстің ашықтығы). 
BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде 
қолдануға негізделген растрлық формат. 
PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған 
растрлық форматтарының алғашқыларының бірі. 
TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus 
фирмасымен арнайы жасалған. 
PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы. 
JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің 
сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне 
көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді. 
CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online 
бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы 
жасалған. 
CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып 
табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі. 
PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында 
электрондық дакументті тарату үшін жасалған. 
DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге 
әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет