Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Кәріпжанова А. О



бет12/22
Дата08.05.2023
өлшемі465.5 Kb.
#473374
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

7-тақырып. Психолингвистикалық бақылаулар
1. Психолигвистикадағы бақылаулар рөлі.
2. Ассоциативтік бақылау.
3. Семантикалық дифференциал әдісі.
4. Толықтыру әдістемесі.
5. Сөйлемді аяқтау әдістемесі.
6. Семантиканы жанама зерттеу әдістемесі.
7. Сөз мағынасы тура түсіндіру әдістемесі.
Психолингвистикалық бағыт бойынша адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын анықтауға болады. Адам сыртқы дүниені, сырттан қабылданған дүниені өзінің ассоциативтік қабылдау қабілеттері арқылы (сезім мүшелері арқылы) таныта алады және автоматты түрде жиі қайталанудан дағдылы түсінікке айналған стереотиптер арқылы таныта алады. Ал әрбір халықтың немесе ұлттың, әлеуметтік топтың не болмаса әрбір адамның өзіндік таныту ассоциациясы, стереотиптері болады. Психолингвистикада сонымен қатар салғастырмалы әдіске сүйене отырып, әрбір ұлттың аффективті тіл бірліктерін, эмоционалды ұғымдарын, тіліндегі экспрессивтік ерекшеліктерін нақтылап көрсетуге болады. Әрбір ұлттың өзіне сөйлеу мәдениетіндегі, жалпы қарым-қатынасындағы адам психикасының деңгейін, адамның психикалық қабілеттерін, мінез-құлық ерекшеліктерін (ұстамдылық, күйгелектік, намысқойлық, қызуқандылық) т.б. айқын көрсетуге болады.
Ассоциация латынның «associatio – біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ассоциация – екі түрлі танымның өзара байланысы (сезіну, түсіну, ойлау, елестету қабілеттері арқылы жүзеге асады). Бұл ұғым Платон мен Аристотель заманында пайда болғанмен, ассоциация деген ғылыми атауды ХУІІ ғасырда Дж. Локк енгізген болатын.
Ассоциация – жеке субъективті тәжірибеге негізделген белгілі объекті немесе құбылыс арасындағы байланыс. Бұл тәжірибеден субъектінің нәр алған мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі байқалады. Осы ассоциация ұғымымен тығыз байланысты ассоциациялық өріс ұғымы да бар. Ассоциациялық өріс – тілдік бірліктердің жиынтығы, мазмұн ортақтығына қарай біріккен белгілеуші құбылыстардың ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығы. Ол ассоциатив сөздердің, өзекті сөздердің төңірегінде бірігуі ретінде түсініледі. [134, с.183]. Ассоциатив сөздердің түрлі ақпарат берушіде жиналуы ассоциациялық өрістің орталық өзегін көрсетеді. Мысалы, Еуропа мәдениетінде қара түсті киім кию, қара орамал тарту – жағымсыз, өлімді білдіретін түс деп танылады. Ал Жапон, Индия мәдениетінде өлімді білдіретін қаралы түс – ақ түс. Қытайда ақ түс – өлім мен тазалықтың символы.
Қазақ халқының салты бойынша шаңыраққа қара ту тігу – өлік шыққан үйді білдіру. Мұндағы ақ/қара түстері ассоциативтік мағынаға ие болған мәдениаралық бірлік ретінде қызмет атқарып тұр.
Қара дегені– ұзын найзаның басына тігілген ту. Егер Бөжей жай қара қазақ емес, төреден шыққан болса, сол төрелердің өзді өз тұқымының туларын тігер еді. Ақ тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұқымы, жік­ жігі осындайда көрінетін. Ал, қарадан кісі өлсе, тудың түсі өліктің жасына қарай болады.

Сүйіндік жас кісі өлсе, туы қызыл болатынын, кәрі өлсе, ақ болатынын айтып келді де, «Бөжейдей орта жасты кісінің қаралы туы бір жағы ақ, бір жағы қызыл болуы керек» дегенді айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тіккен ту қара дегені осы еді. (М.Әуезов. Абай жолы)
Ассоциативті тәжірибе – ХХ ғасырда К.Г. Юнг пен М. Вертгеймердің енгізуі бойынша адамның дүние танудағы уәжділігін зерттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Эксперименттің қарапайым түрі: тәжірибеден өтетін адам белгілі бір ақиқат дүниені таныту үшін жиі қолданған сөздерінің жинағын білу. Біртектес ассоциациялардың жиілігін білу, ақиқат дүниеге деген адамның әсері мен ниетін білу.
Ассоциация процесі психика феномені ретінде ежелден зерттелген. Кейінгі заманда, жаңа уақытта психологтар мен психиаторлар айналысады. Психологтар ассоциативті байланыстардың қалыптасу және беку процестерін зерттеуді өздерінің басты міндеті деп санаған. Түс жору да адам санасындағы ассоциацияның бір үлгісі болып табылады. Түс жору – алғаш психоанализдің негізін салушы Зигмунд Фрейд қолданған ассоциацияға негізделген. Оның ізбасары Карл Густав Юнг ассоциацияны зерттеуді психоанализдің басты құралы деп есептеген. Осындай пайымдаулар нәтижесінде психикалық норма жайындағы зерттеулердің басы болып есептелетін алғашқы ассоциациялар тізімі жасалынды. Бұл тізімнің авторлары – А.Розанов, Х.Кент. Материал 1910 жылы психикалық ауруларды зерттейтін америкалық журналда жарық көрді.
Психолингвистикада ассоциативті үрдістер тар шеңберде қарастырылады. Ол тек сөздік ассоциация немесе вербалды ассоциацияны зерттеумен айналысады [135]. Вербалды ассоциацияны анықтау барысында ассоциативті тәжірибе жүргізіледі. Бұл тәжірибе «ойға оралатын алғашқы сөзбен жауап беру» нұсқау қағидасы арқылы жүзеге асады. Зерттеу барысында адам не айтамын, қалай жауап беремін деп ойланбайтын нәтижелер мен реакциялары бақылау негізі болады.
Психолингвистикадағы ассоциативті эксперименттің басты мақсаты – ақиқат дүниені танытуда қолданылатын тіл бірліктері мен тіркестерін орынды мазмұнға сәйкес таңдай ала ма, белгілі бір стилистикалық және жалпы нормативтік жүйеге сай реттеп жеткізе ала ма, жоқ па деген мәселені шешу. Психолингвистика мамандарының көрсетуінше, ассоциацияны анықтау үшін адамға ықпал етуші әртүрлі сөздер, суреттер, түстерді беріп, жауап ретінде олардың интерпретациясын бақылайды, яғни реакциясын байқайды. Демек, ассоциативті тәжірибе «стимул – реакция» жүйесі бойынша жүргізіледі.
Адам ақиқат дүниені тани отырып, оның мәнді және жалпылама мәнді белгілерін сол дүниенің бөлшектері арқылы жадыда сақтайды. Осыдан барып ассоциацияның жалпылама және индивидуалды (жеке) түрлері туындайды. Жалпылама ассоциация ассоциациялық өріс арқылы қалыптасқан соның орталық өзегінде мүшелене көп жиналған сөз-стимулы негізінде көрініс табады. Мәселен, ақ түс барлық дерлік елде мерекелік, берекелі, жағымды түс ретінде танылады. Еуропада той киімі ақ түсті көйлекпен белгіленеді, ал қазақ халқы үшін ақ түс молшылық, берекелілік, яғни малдың сүті, өнімі – байлық деп түсініледі. Сонымен қатар ақ түс адалдық, пәктік ұғымын беруде де қолданылады. АҚШ-та ақ түс «тазалықты», Францияда бейтараптықты, Египетте қуанышты білдіреді. Махаббат символы деп танылатын құстың өзі де аққу ақ түсті құс ретінде елестеледі. Бұл ұғымдардың тілдік көрінісі мынадай тіркестер арқылы дәйектеледі: Ақ адал жүрегі (адалдық), ананың ақ сүті (мейірімділік), ақ қағаздың бетіндей (пәктік), айдындағы аққудай (сұлулық), ақ білек, ақ тамақ (көріктілік). Бұл келтірілген дәйектемелер – ақ түсінің тек жағымды ассоциациялық мәні. Қазақ халқында аққа оранды, ақ ажал боратты деген тіркестер қолданылады. Мұндағы ақ түс – өлімнің мәнін беруде қолданылып тұр. Себебі, ұлт дәстүріне сай өлген адамды ақ матаға орап жерлеу салты бар. Сондағы ақ мата деталі өлім ассоциациясын тудыратын белгі ретінде халық санасында сақталып қалған. Жалпылама ассоциация жалпыадамзаттық танымға негізделген әсерлер арқылы көрініс табады.
Ассоциативтік теория – ертеден келе жатқан психология саласының ұғымы. Яғни, ассоциацияның пайда болуы адамзат баласының тану, тани білу, яғни танымдық қабілетін зерттей бастағаннан қалыптасқан. Әрбір адамзат баласы өзінің ортасына қарай, туып-өскен жеріне қарай, өмір сүріп отырған еліне қарай, ұлтына қарай, бейімделген менталитетіне қарай, алған білімі мен тәжірибесіне қарай айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды (ақиқат дүниеге) әртүрлі қырынан таниды және танытады. Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады. Кез келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол тілдік қорындағы тіркес арқылы, метафора арқылы немесе фразеологизмдер арқылы көрініс табады. Мысалы, күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқындық, жаңбыр, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, күңгірттік, бұлтты күндер, қоңыр түс, алтын қырман, т.б. Бұлардың барлығы – адамның бес сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы-перцептивті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар. Ал шығармашылық таланты бар, ерекше танып қабылдайтын ақын-жазушылар танымында ассоциативтік білім көздері бейнелі түрде көрініс табады. Сондай-ақ қызға қатысты нәзік, мейірімді, шашы ұзын, үкілі тақия, қыпша бел, оймақ ауыз, т.б. түсініктер санада жинақталған қарапайым ассоциациялар болса, ал ақын-жазушылар танымында елік қыз жанарының нұрын берген; құдықтай тұнық суы тартылмаған; аш белі сәмбі талдай солқылдаған; қыздың беті – қызарып піскен алма; торғын да торғын шаштары тобық көметін тоты қыздар; өмірдің қызғалдағы; қыздары есік, төрден несіп терген, сөйлетсе – Сара ақындай дес бермеген; аяулы ару – ақбөкен; (И. Сапарбай) ; Шыт көйлек... белін бір бүрген, Етегін желге ілдірген, Омырауында бүлдірген; сен бота едің көздерің мөлтілдеген (М.Мақатаев) т.б.

Күрделі психикалық құбылыстар, яғни ақиқат дүниені тану, қабылдау сезіну, көру, дәмін білу, терімен сезу, иіскеп көру, оймен жоспарлау, интуиция, болжау секілді қарапайым психикалық әрекеттердің көмегімен туындайтын сол дүниеге берілген баға адамның ассоциациясы негізінде жүзеге асады. Дегенмен ғалымдардың пікірінше, ассоциациялық білім ақиқат дүниені бүтіндей, барлық мағыналарын қамтитын құрылымдық негізінде кең түрде таныта алмайды. Себебі, қоғам дамып, өркендеген сайын әрбір дүниенің (зат не құбылыстың) танымдық деңгейі өзгеріп, жаңарып отырады. Сонымен қатар сол ақиқат дүниенің қызметі мен қасиеттері де кеңейіп отырады. Осыдан барып дүниенің танымдық мәні өзінің уәжді мағынасынан алшақтай түседі. Сондықтан әр дәуірде ол дүниеге берілетін ассоциативтік түсінік сол кезеңге сай қызметіне қарай өзекті мәнімен беріліп отырады. Мысалы, қазақ әйелінің қоғамдағы орнының тарихи кезеңдер мен әлеуметтік жаңарудың қағидаларына сәйкес өзгеруін алайық.



Әңгіме әуелі тұйыққа тіреліп қалып, енді қайта шешіле бастағаннан кейін, Елизавета Быкова қазақ халқының әйелге көзқарасын сұрастырып еді, Игілік оған біріне-бірі қарама-қарсы келетін әйел басынан өтетін үш түрлі кезеңін айтты. Оған өзі де таң қалатындай азырақ мысқыл қосып, шенеп айтты:


  • Қазақ қыз баласын қатты қадірлейді, – деді Игілік. – Ана болған әйелді де сондай қадірлейді. Бұл екеуіне тіл тигізген адам, ең көргенсіз саналады. Алыс-жақыны оны түгел жексұрын көріп, жеркене қарайды. Безініп кетеді. Бірақ әйелдің қатын деген бір кезеңі бар... Ол кезде әйел күңмен тең... Мына отырған Байжекеңдер әйелін адам көріп, үй ішінің он тиындық жұмысын ақылдаса ма екен?... Жоқ бұл кісінің әйелі күңмен тең... Мына отырған қожалар әйелді еркекпен бірге намазға да қатынастырмайды... Қазақ әйелі құлшылықта да теңдік көре алмайды! Қазақта «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деген мақал бар. Оны істейтін біз, қазақтың еркегіміз... Бала сияқтымыз, қолымызға берген қандай асылды болса да тез бұзып, тез тоздырып тастаймыз, – деді Игілік (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке) .

Демек, ассоциация – жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенің үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі.


Д.Гартли, Т.Браун, Дж. Милль т.б. ғалымдар ассоциацияның ментальді (санада, ойда болатын) тетік екенін, ассоциацияның негізгі белгісі деп ассоциациялық танымның адамның өмірде жинаған тәжірибесі мен сезінуі, ұғынуы арасындағы байланыстан туындайтынын атап көрсетеді.
Қазіргі кезеңде ассоциацияның тәжірибелік деңгейі кеңейіп, ассоциативті эксперимент пен оған практикалық зерттеулер жүргізілуде. Ассоциативті эксперимент жүргізудегі негізгі мақсат – субъектінің ақиқат дүниені тануға деген, танытуға деген белсенділігін, әсерін (реакциясын) байқау, субъектінің «менін» бақылау. Осы кезеңде біраз тәжірибелер нәтижесі бойынша А.Бэннің «шығармашылық ассоциация» түрі қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда ассоциация ұғымы психология саласынан кешенді ұғым ретінде басқа ғылым салаларында қолданысқа ие болды. Мәселен, тіл біліміндегі жаңа бағыт психолингвистика, конгитивтік лингвистика салаларында адамның ақиқат дүниені қабылдап, тіл арқылы жеткізудегі психикалық құбылыстары туралы мәселелерді қозғағанда ассоциацияның психологиядағы қызметі ерекше байқалатыны анықталды. [136, с. 224]сезіну ассоциациялары адамның өмірі мен тәрбиесі негізінде қалыптасып, дами отырып, елестету/түсіну ассоциациясына, соңғы ассоциацияға, күрделенген ассоциация түріне ұласады. Барлығы жинақтала келе, себептік тізбегіне қарай сыртқы әлемге тәуелді болады, соған сәйкестендіріледі. Бұның нәтижесі пайымдау барысында, ой жинақтау барысында өзара байланысқан ой жүйесін құрайды. Сондықтан да ассоциация заңдылықтары қалау және сезіну қабілеттерімен үйлесіп жатады. Осындай таным үрдісінде міндетті түрде адамның эмоционалды күйі, күш-қуат деңгейі, жалпы тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлқы көріне бастайды. Сыртқы әлемді тану барысындағы адам миының рефлекторлық қызметі жүрген сайын ассоциациялардың шеңбері кеңейіп, тізбектік сипатқа ие болады. Егер бір ақиқат дүниеге берілген ассоциациялар қоры мол болса, олар ассоциациялық қатарлар мен тізбектерге түзіледі.
И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі – адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы – бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, яғни алғашқы түсінік. Адамзат баласы бес сезім мүшесі арқылы ақиқат дүниені қабылдай отырып, оны жадында сақтай отырып, оған қоса санада кеңінен өңдей отырып өзінің сол дүние туралы білімін мен танымын, ассоциативтік қатарын кеңейтеді, күрделендіреді. Ассоциация мәселесін психологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырған ғалымдардың бірі – И.П.Павлов. Ғалымның пікірінше, ассоциация толықтығы динамикалық стереотип құбылысымен астасып жатады. Динамикалық стереотип пен ассоциацияның байланысы неде? Ассоциация стереотиптен туындай ма? деген сұрақтарға ғалым былай жауап береді: «Барлығымызға белгілісі – ақиқат дүниені танытатын алғашқы түсініктер – ассоциациялар, солардың жиынтығынан жүйе құралады, ол жүйеден гештальт ұйымдасады. Демек, ассоциация қалыптасқаннан кейін барып, қалғандары (стереотип, гештальт) туындайды екен, керісінше емес» [136, с 89]. Стереотип ассоциациялардың жалпыхалықтық сипат алып, автоматты түрде сол дүниені таныту үшін қолдану мақсатында жиі-жиі қайталана беру нәтижесінен барып қалыптасады. Мысалы, әйелдердің – нәзік, екінші орында болуы мен ерлердің – қажырлы және бірінші орында болуы стереотиптік танымға жатады. Ұлттық ассоциациялардың стереотипке айналған түрлеріне мысал келтірсек: бәйбіше мен тоқал арасындағы, абысын мен келін арасындағы күндестік стереотипті танымға айналған.

^ Апа-ай! Осы бір кеселді мінез кіші апамнан неге көп шыға береді? деп, шешесінің қасына келді.

Балам-ай, күндестің аты күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе менің де қай сырымды біліпсің! ­ деді (М.Әуезов. Абай жолы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет