Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
9-тақырып. Патопсихолингвистика.
1. Эмоциялық дағдарыс жағдайындағы сөйлесім.
2. Сананың өзгерген қалпындағы сөйлесім.
3. Акцентуация және психопатия барысындағы сөз.
4. Сөйлесімнің физиологиялық орталығы.
5. Сөйлеудің бұзылуы.
6. Сөйлеу дефектілері.
7. Мылқаулар тілі.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
10-тақырып. Психолингвистиканың қолданбалы аспектілері.
1. Сот психолингвистикасы.
2. Тіл және тендер.
3. Нейролингвистикалық бағдарламалау.
4. Мәтінді автоматты талдау..
5. Тіл және тілдесімдік әсер.
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.
Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дүниеге, сыртқы ортаға қатысты сезімдік дүниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сөздің түрлі морфологиялық формалары, сөйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы ортамен сезімдік қатынастарының өзара байланысын, динамикасын нақты контекст жағдайында бейнелейді. XX ғасырдағы Ш.Баллидің концепциясының негізінде стилистика тілдің экспресивтік формалары туралы ілім ретінде анықталды. Стилистика тілдік жүйе элементтерінің эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің мәнерлегіш құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті.
XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды [2]. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде [3] тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі құрайды.
Қазақ тілі ерекше жүйе ретінде өзінің құрамындағы бірліктерінің энергиялық қуатын сөйлеу барысында, сөйлеу әрекетінде таныта алады. Сөйлеу барысы көптүрлі және көпбейнелі түрге ене алатын күшке ие болып келеді. Адам баласының сөйлеуі барысында физикалық та, психикалық та, физиологиялық та процестер қатар жүріп жататынын байқауға болады. Сол сәтте сөйлеу – әрі индивидуалды, әрі әлеуметтік құбылыс ретінде өтіп жатады.
Стильдік ерекшеліктерді мәтінге жинап-теріп, бір арнаға ұйымдастыратын психикалық процестердің негізгісі ретінде сөйлеу процесі барлық тіл бірліктерінің жаңа бағдар ала ұйымдасуының жаңа сапасын танытады. Сол болмыспен сыртқа шығарылған сөйлеу туындысы енді сыртқы ортаны өзгертуге мүмкіндік алатын белгілі бір күшке ие екенін көрсетеді. Адамның санасында ойлау мен қиялдау процесі сөйлеу әрекетімен тығыз байланыста болып, адам ойлауының ерекше түрін, яғни тілдік ойлауын (сөйлеу – ойлау – речевое мышление) қалыптастырады.
Тіл құралдарының эмоционалды-экспрессивтік қызметі лексиканың, грамматиканың аясында зерттелгенмен, экспрессивтік стилистиканың арнайы құралдары ретінде бірізге түсірілген жоқ. Психология мен психолингвистика адамның іс-әрекетіндегі эмоцияның қызметін зерттеуге бағытталған. Сол себепті адамда болып жататын психикалық процестерді талдауда эмоцияның психикалық және іс-әрекеттік қырын бірлікте алып түсіндіру басты ұстаным болып есептеледі. Психологияның өзінде де адамның эмоциялық сезімдерінің қат-қабат сырларын зерттеу әлі жеткіліксіз. Бұл эмоцияны тілдік тұрғыдан зерттеуге де қиындық тудырып отыр. Сондай-ақ, психологиядағы эмоцияның түрлерінің топтастырылуы және оның жалпы сипаты дәл анықталды деп те айту қиын. Адамға тән негізгі эмоция түрлері әлі психологияда да, физиологияда да дәл анықталмаған.
Психологтардың ойынша, эмоцияға универсалдық сипат тән: «Некоторые отдельные эмоции являются универсальными, общекультурными феноменами. И кодирование, и декодирование ряда эмоциональных выражений одинаковы для людей всего мира, безотносительно к их культуре, языку или образовательному уровню» [12, 56 б.]. Эмоцияның универсалды қасиеті В.А.Артемьева т.б. ғалымдардың зерттеулерінде де эксперименталды тұрғыдан дәлелденеді. Дегенмен, ғалымдар арасында тілдегі сезім мен адамның табиғи сезімдерінің әрдайым сәйкес келетіндігіне күмән келтіретіндері де бар. В.И.Шаховский оған үзілді-кесілді қарсы пікір айтады: «шынайы сезімдер мен оның тілдік моделі ешқашан сәйкес келмейді» [13, 90 б.]. А.Н.Леонтьев болса, тіл бірліктері заттық өмірдің барлық қатынастары мен қасиеттерін идеалды формада бейнелейді деген пікір айтады [14]. Адамның өзіндік табиғатына тән универсалды эмоциялық сезімдерді негізге ала отырып, тілдің стилистикалық жүйесіндегі универсалды экспрессивті мағыналарды анықтауға және олардың тілдегі көрінісін анықтауға болады деген болжам жасауға болады. Бұған тілдегі адам сезімдерінің бейнелену семантикасы негіз болады. Лингвистикалық зерттеу еңбектерінде мұндай эмоциялық универсалдар түрліше аталып жүр: доминант эмоциялар, негізгі эмоциялар, эмоционалды тон, жетекші эмоциялар, базалық эмоциялар т.б. Сонымен қатар, психологтар адам баласына тән сезімдер мен толғаныстардың табиғаты бірдей болғанмен, әр тілдің эмоциялық сөздік қоры әртүрлі екенін айтады. В.Н.Гридиннің пайымдауынша, барлық халықта эмоциялар универсалды, ортақ болғанымен, олардың әр тілдегі типологиялық құрылымы бір-біріне ұқсамайды екен, себебі әр тілдің эмоционалдық табиғатына ұлттық ерекшелік тән болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |