Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Кәріпжанова А. О



бет2/22
Дата08.05.2023
өлшемі465.5 Kb.
#473374
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1. Пән паспорты


Пән атауы Психолингвистика


Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 4
Семестр: 7

Барлық аудиториялық сағат – 30 сағат


Дәрістер - 15 сағат
Тәжірибелік/семинар сабақ – 15 сағат
Зертханалық– жоқ
СӨЖ – 60 сағат
Соның ішінде СӨЖМ– 15 сағат
Барлығы – 90 сағат


Бақылау нысаны
Қортынды бақылау нысаны: Емтихан– 7 семестр


Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: тіл біліміне кіріспе; қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; қазіргі қазақ тілінің фонетикасы; қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы; қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.


Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі; қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі; стилистика және тіл мәдениеті; қазақ тілінің тарихи грамматикасы, жалпы тіл білімі.


2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Кәріпжанова Айнұр Оралқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Кафедра «Қазақ филологиясы», аудитория 356
телефон: 8-7011842854,
Е-mail: ainurok1974@mail.ru


3. Пән, мақсаттары мен міндеттері
Пән нысаны: «Психолингвистика» пәні филология бағыты бойынша дайындалатын студенттерінің негізі пәні болып табылады.
Пән мақсаты: студенттерді психолингвистиканың тілдесім әрекеті туралы ғылым екендігін, яғни аталмыш ғылымның психология мен тіл білімінің тоғысында пайда болған жаңа ғылым екендігін, оның адамның еліктеу қабілеттерінің шығуы мен қызмет етуі сияқты ұғымдарды зерттейтінін дәлелдеу.
Пән міндеттері: «Психолингвистика» пәні бойынша:
- негізгі арнайы ұғымдар мен түсініктемелердің мазмұнын ашу;
- психолингвистика негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру;
- қазіргі психолингвистика статусы, оның объектісі, мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, психолингвистиканың гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары циклындағы орнын анықтау;
- әрбір ғылыми парадигмаларының ерекшеліктерін, дамуындағы бағыттар мәселелерін зерттеу;
- психолингвистикалық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет