Құрастырушы Зиядин С. Т «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы


Бақылау жұмысының сұрақтары



бет5/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#138645
1   2   3   4   5

Бақылау жұмысының сұрақтары:


1. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні

2. Кірістер және шығыстар, табыстар және шығындар жоспары

3. Қарыздың және пайыздардың негізгі көлемін қайтаруды жоспарлау

4. Кірістер және шығыстардың шахматты балансы, оның құрылымы және

бағытталуы

5. Ақша қорларының ағымдарын жоспарлау.


Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды-нормативті базаны жаттау және осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.

Тапсырмалар

1. Егер табыс 300 000 теңгені, өнімнің өткізілген құны 160 000 теңгені, кезең шығындары 40 000 теңгені құраса, есепті кезеңдегі табысты анықта. Негізгі емес қызметтен шығындар – 20 000 теңге.

2. Талданатын кезеңге өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта, егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге. Өндіріске және өнімді өткізуге шығындар – 25 000 теңге, ал есепті кезеңде табыс 50 000 теңге, ал шығыстар 40 000 теңгені құраса.

3. Талданатын кезеңдегі табыс өзгерісінің рентабелділігін өзгеріске әсерін анықта. Базистік кезеңде табыс 40 000 теңгенң, шығыстар 25 000 теңге, ал есептік кезеңде сәйкесінше табыс 60 000 теңге, шығыстар 50 000 теңгені құрады, ал рентабелділік өсім 21%.

4. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс – 20 000 теңге

- өнімнің өзіндік құны – 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтен табыс - 4 000 теңге

- табыс салығының ставкасы 30 %

5. Өнім рентабелділігін анықта. Өнімді өткізуден табыс – 100 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 60 000 теңге, кезең шығындары 15 000 теңге.
Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


8 Тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның қаржылық жағдайының рентабельділік төлем қабілеттілігі және отімділігінің теориялық және практикалық анықтамалық түсініктемелерін ұғыну.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі және оларды анықтау әдістері.

  2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы және оны қалыптасырушы факторлары.

  3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және оны анықтау әдістері.

  4. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін нығайту бойынша шаралар.

  5. Кәсіпорынның рентабельділігінің көрсеткіштер жүйесі.

  6. Кәсіпорынның өтімділігі, оның көрсеткіштері, есептілік негізіндегі оны анықтау әдістері.

Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың экономикалық мәні.

  2. Өнім, жұмыс және қызметтер рентабельділігінің түсінігі және түрлері

  3. Кәсіпорын өтімділігінің негізгі көрсеткіштері

  4. Компанияның төлем қабілеттілігіне талдау

  5. АӨК кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайту қорлары мен жолдары

  6. АӨК кәсіпорынлардың қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу жолдары

  7. Компанияның қаржылық есеп берушілігі – маңызды ақпараттық негіз ретінде

  8. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау жүйесін жетілдіру

  9. Пайда көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын талдау және бағалау

  10. АӨК кәсіпорынлардың қаржылық талдауы және оның қаржылық саясат стратегиясындағы мәні

  11. Қаржылық талдауда қолданылатын негізгі көрсеткіштер.

  12. Халықаралық тәжірибедегі АӨК кәсіпорынлардың қаржылық талдауын жүргізу әдістемелері

Бақылау жұмысына сұрақтар:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы экономиканың негізі.

  2. Өнімнің қызмет көрсетудің рентабельділігі мен түсінігі және түрлері.

  3. Кәсіпорынның өтімділігінің негізгі көрсеткіштері.

  4. Компания төлем қабілеттілігін талдау.


Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
9 Тақырып. АӨК кәсіпорынның қаржылық қалыптаспауы (банкроттық)

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша теориялық білім баянды ету.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

  1. Баланстың жағымсыз құрылуы бағаланатын критерилер жүйесі.

  2. Кәсіпорынның қалыптаспауы: олардың қайта қалыптасуы және жойылуы, оларға мемлекеттік көмек көрсетудің шаралары.

  3. Қазақстанда банкроттық процедурасын жүргізудің заңдылық базасы. Банкроттық туралы ҚР заңы.

  4. Банкроттықтың түсінігі белгілері және принциптері.

  5. Компанияның қызметінің кризистік факторлары.

  6. Банкроттық формалары.

  7. Қайта қалыптастыру процедураларын жүзеге асырудың түрлері және тәртібі.

  8. Байқаулық өндіріс.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Фирманың дағдырыс жағдайының пайда болу механизмі.

  2. Кәсіпорының төлемқабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерін бағалау мен талдау.

  3. Қаржылық тұрақтылықсыздығы мен инвестициялық артықшылығы деңгейіне қарай компаниялардың сыныптамасы.

  4. АӨК кәсіпорынлардың каржылық тұрақтылықсыздығы: пайда болу себептері мен жеңу.

  5. АӨК кәсіпорынлардың каржылық тұрақтылықсыздығы және шаруашылық жүргізуді сауықтандыру жолдары.


Бақылау жұмысының сұрақтары:

  1. «Банкроттық туралы» ҚР заңдағы компанияның банкроттық процедурасының негізгі кезеңдерін ашу.

  2. Фирмадағы кризистік жағдайдың пайда болуы механизмі.

  3. Кәсіпорынның төмен қабілеттілігін қалыптастырудың нақты мүмкіндіктерін талдау және бағалау.

  4. Қаржылық тұрақсыздығы және инвестициялық өсімі,



Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
Тапсырмалар:

  1. Кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыра алатындығын анықтаңыз, егер тоқсан басындағы ағымдағы өтімділік коэф. 2,1, ал аяғында 1,9 болса айнымалы қорлардың меншікті айналым қорлары мен қамтамасыз етілу коэф. 0,3 тең.

  2. Егер өнеркәсіптік өндіріс 14%ға төмендесе, кәсіпорынның табысы бұрынғы қалпында қалу үшін өнімнің қаржылық өндірістік қалай өсіру қажеттігінің %ын анықтаңыз.

  3. Кәсіпорын өзінің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыра алатындығын анықтаңыз, егер тоқсан басындағы ағымдағы өтімділік коэф. 1,1 , ал аяғына 0,9 болса. Айнымалы қорлардың меншікті айналым қрлары мен қамтамасыз етілу коэф. 0,5 ке тең.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


10 Тақырып. АӨК кәсіпорын қызметін қаржыландырудың қайнар көздері: меншікті капитал және қарыздық қорлар.
Сабақтың мақсаты: АӨК кәсіпорын қызметін қаржыландырудың қайнар көздерінің теориялық және практикалық білімдерінің анықтамасын білу, меншікті капиталдың және қарыздың қаражатының құрылымын талдау.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны.

  1. Меншікті капиталдың түсінігі және мәні.

  2. Жарғылық капитал АӨК кәсіпорынның алғашқы қайнар көзі ретінде.

  3. Компанияның жинақтау қоры, тұтыну қоры және резервтік қоры.

  4. Ұзақ мерзімді банктік ссудалар.

  5. Лизинг.

  6. Ипотекалық несиелер.

  7. Акционерлік капитал.

  8. Қаржыландырудың жаңа құралдары: факторинг, франчайзинг, форфейтинг және т.б.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Қысқа мерзімді несиелердің берілу және өтелу тәртібі

  2. Несиелендіру әдістері

  3. Лизингтік кәсіпкерлік және оның ҚР даму жолдары

  4. АӨК кәсіпорынлар қорлары, олардың құрылуы мен пайдаланылуы

  5. АӨК кәсіпорын қызметіндегі меншікті капитал рөлі

  6. Қарыз капиталын тарту саясаты

  7. АӨК кәсіпорынлар қызметін қаржыландыру көздері: олардың құрамы, құрылымы мен негізгі сипаттамалары

  8. АӨК кәсіпорынлардың тікелей инвестицияларын қаржыландыру көздерін талдау

  9. Лизинг АӨК кәсіпорынлар-инвестицияларын тарту нысаны ретінде

  10. Компаниялардың қаржыландырудың қысқа қарыздық көздері


Бақылау жұмысының сұрақтары.

  1. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталының мәні және ролі.

  2. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталы, оның құрамы және құрылымы.

  3. Қосымша капитал негізгі қорлардың қайта бағалаудың нәтижесі ретінде.

  4. АӨК кәсіпорынның қаржылық қорлары, оларды қалыптастыру қайнар көздері және пайдалану бағыттары.

  5. АӨК кәсіпорынлық ұзақ мерзімді қарызды қорларын тарту және пайдалану мақсаттары.

  6. Компанияның эмиссиялық қызметі.

  7. Қаржылық құралдардың бағалары: акция, облигация.

  8. Компанияның қаржыландырудың қысқа мерзімді қарыздың қайнар көздері.

  9. Қысқа мерзімді несиелерді беру және төлеу тәртібі.

  10. Несиелендіру әдістері.


Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
Тапсырмалар:

    1. Ағымдағы активтердегі меншікті айнымалы капиталдың үлесін анықта, мұндағы меншікті капитал-100мың, ұзақ мерзімді активтер-800 мың тг, ағымдағы активтер-400мың.тг.

    2. Меншікті капиталдың үлесін анықта. Таза табыс бойынша экономикалық рентабельділік 16%, ал таза табыс бойынша қаржылық рентабельділік 24%.

    3. Капитал рентабельділігін анықтаңыз, егер сату рентабельділігі 25%, ал капитал айналымдылығы 120% болса.

    4. Фирмаға прес сатып алу үшін 275 млн. теңге қажет. Бұл сомана жинау үшін фирмаға 12жыл керек. Тоқсандық күрделі ставка -16%. Тоқсандық төлем қанша тұрады.

    5. Компания 20 жылда фабрика салғысы келеді. Бұл үшін оған 500млн. тг. қажет болады. Компания жинақтау қорына күрделі ставкамен жылына 14%тен салады. Тоқсандық төлем сомасын анықтаңыз.

    6. «Автомир» ЖАҚ –ы ВАЗ-2106 көлігі 50мың тг-ге сатты, және сату кезінде 100 мың тг-ні алып, сатып алушыға 400мың теңге көлемінде 3 жыл мерзімінде төленуге тиіс жылдың күрделі пайызбен 8%-ң несие берді. Анықтаңыз.

    7. Банк фирмаға3 жыл көлеміне, жыл сайын 1млн тг мөлшерінде жыл басында жылдық 20% бойынша төленуі керек. Фирма сәйкесінше 3,4және 5 жылдарды 1,2 және 1 млн. тг төлейді.

    8. Меншікті капиталдың үлесін анықта. Таза табыс бойынша экономикалық рентабельділік 6%, ал таза табыс бойынша қаржылық рентабельділік 14%.

    9. Капитал рентабельділігін анықтаңыз., егер сату сату рентабельділігі 17, ал капитал айналымдылығы 110%.

    10. 800 000 тг-ге 5 жылдың несиелік келісім бойынша фирма қарызды жабуды әрбір жылдың аяғында иең бөліктермен жүргізуі қажет. Қарыздың қалдығына банк 10% есептейді. Қарыздың амортизациялық төлеу жоспарын және несие бойынша пайыздар сомасын анықтаудың жоспарын құру.



Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий. М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


11 Тақырып. АӨК кәсіпорын капиталының құны мен құрылымы.
Сабақтың мақсаты: компания капиталының құны мен құрылымының теориялық базасын білу, АӨК кәсіпорын қаржысының құрылымын есептей білу.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

  1. Капитал бағасы мен құрылымының анықтамалары.

  2. Капиталдың ішкі, нарықтық, баланстық құны.

  3. Компания капиталының шектік инвестициялық құны.

  4. АӨК кәсіпорын капиталының теориялық құрылымы.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. Капитал құнының теориясы-компанияларды қаржыландыру теориясының негізі ретінде

  2. АӨК кәсіпорынлар капиталының құрылымын анықтаушы факторлар

  3. Компания капиталының құны мен құрылымының өзара байланысы

  4. Леверидж және капиталының оңтайлы құрылымын анықтау

  5. Қазақстан АҚ үшін капитал құрылымы теориясының мәні

  6. Өндірістік кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру және пайдалану тиімділігі

  7. Капитал құның бағалау әдістері

  8. Операциялық және қаржылық леверидж

  9. Әр түрлі бағалы қағаздардың үйлесімі ретіндегі компания капиталының құрылымы

  10. АӨК кәсіпорын капиталының қазіргі және болашақ құны


Бақылау жұмысының сұрақтары:

  1. Баға мен капитал құрылымының анықтамалары.

  2. Капитал құнының концепциясы компания қаржыландыруының негізі ретінде.

  3. Капитал құрылымын анықтайтын факторлар.

  4. Компания капиталының құны мен құрылымының арақатынасы.

  5. Капиталдың оптималды құрылымының анықтамасы және леверидж.

  6. Қазақстанның АҚ арналған капитал теориясының құрылымының маңызы.


Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша базалық әдебиеттерді пайдалану қажет, ауызша жауап үшін арналған сұрақтар мазмұнына белгіленген бақылау жұмыстарына сұрақтарды және тапсырмаларды жазбаша түрде сарамандық сабақтар үшін дәптерге жазу керек
Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Бақылауға арналған сұрақтардың үлгілік варианттары

1. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, кезең басындағы қорлардың құны 700 000 теңге, 2 тоқсанда 40 000 теңгеге негізгі қорлар шығып қалды, ал 3 тоқсанда 80 000 теңгеге түсті.

2. Амортизация нормасын анықта, мұндағы құралдың алғашқы құны 830 000 теңге, өтімділік құны 70 000 теңге, пайдалану мерзімі 6 жыл. Құралдың құны біркелкі шығарылады.

3. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативін анықтаңыз.



Материалдар

Көліктік қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қоры күнмен

А

2

1







Б

1

0,5






Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізулер күнделікті жүзеге асырылады. А материалы бойынша тоқсанына 6 рет, ал Б бойынша 5 рет. Базистык тоқсанда А материалы бойынша шығындар 270 000 теңгені, Б материалы бойынша 360 000 теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

4. Есепті кезеідегі аяқталмаған өндірістегі айналым қорларының нормативтік келесі мәліметтер бойынша есептеңіз.


Өнім топтары

Өнімдік циклдің ұзақтығы күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті мөлшері %

1

8

30

2

10

70

Базистік тоқсандағы өнімді шығару 810 000 теңгені құрады. Шығындардың өсу коэффициенті – 0,8, ал тамызда 60 000 теңгеге негізгі құралдар шықты.

5. Шығындар өсімнің коэффициентін анықта. Бір уақыттылы шығындар 30 000теңгені, кезекті 80 000теңгені құрайды.

6. Негізгі қорлардың орта жылдық құнын анықтаңыз, мұндағы кезең басындағы қорлар құны 600 000 теңгені құрады, 1 тоқсанда негізгі қорлар 60 000 теңгеге түсті, 4 тоқсанда 150 000 теңге қызметтен шықты.

7. Құралдар бойынша амортизациялық бөлулер нормасын анықта, мұндағы алғашқы құн 1 200 000 теңге жыл сайынғы амортизациялық бөлулер 400 000 теңгені құрайды.

8. Аяқталмаған өндіріс бойынша есепті кезеңдегі айналым қорлардың нормативтігін анықта, келесі мәліметтер бойынша:



Өнімнің тобы

Өндірістік циклдық ұзақтығы, күнмен

Жалпы көлемдегі топтың шекті көлемі %

1

7

40

2

9

60

Базистік кезеңдегі өнімді шығару 710 000 теңгені құрайды. Шығындардың өсу коэффициенті 0,7.

9. Келесі мәліметтер негізінде жоспарланған жылға сатып алынған жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттар бойынша айнымалы қорлардың нормативін анықтаңыз.

Материалдар


Көліктің қор күнмен

Дайындалған қор күнмен

Ағымдағы қор күнмен

Сақтандыру қор күнмен

А

4

2







Б

3

1






Материалдар тең түрде шығындалады және жеткізушілері күнделікті жүзеге асырылады, А материал бойынша тоқсанына 6 рет , ал Б бойынша -5 рет. Базистік тоқсанда А материал бойынша шығындар 370 мың теңгені , Б материалы бойынша 520 мың теңгені құрады. Жеткізу – қамтамасыз ету нүктелері жоқ.

10. Ағымдағы активтердің мөлшерін анықтаңыз. Мұндағы:

- материал және шикізат қоры 15 000 теңге

- аяқталмаған өндіріс – 10 000теңге

- дайын өнім – 30 000теңге

- дебиторлық қарыздар – 40 000теңге

- несиелік қарыз – 30 000теңге

- банктің қысқа мерзімді несиелері – 25 000теңге

- ақша қаражаттары – 35 000теңге

11. Айналым капиталының айналым санын және айналымдылық ұзақтылығын анықтаңыз. Табыс – 360 000 теңге, айналым капиталы – 90 000 теңге. Есепті кезең – 90.

12. Жоспарланған кезеңге дайын өнім бойынша айналым қорларының нормативін анықтаңыз, келесі мәліметтер негізінде.



Өнім тобы

Ассортимент бойынша таңдау күнмен

Жинақтау күнмен

Талдау күнмен

Түсіру күнмен

Шекті көлемі %

I

1

0,3

1

1

40

II

2

0,5

0,5

2

60

Базистік жылдың 4 тоқсанында өнімді өткізу 180 000 теңгені құрады.

13. Талданатын кезеңдегі айнымалы капиталдың айналымдылығын жеделдету есебінен айналым капиталдың экономиясын анықтаңыз. Егер базистік кезеңдегі табыс – 650 000 теңге, айнымалы капитал 100 000 теңге, ал есепті кезеңдегі табыс – 550 000 теңге, айнымалы капитал – 110 000 теңге болса.

14. Берілген кезеңдегі кәсіпорын капиталының бағасын анықта, егер дивиденттер 150 000 теңге мөлшерінде төленсе, меншікті капиталдың мөлшері 600 000 теңге пайыздар бойынша шығындар 80 000 теңге, қарыздың капитал мөлшері 400 000 теңгені құрайды.

15. Есепті кезеңдегі табысты анықта, мұндағы табыс 300 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 160 000 теңге, кезең шығындары 40 000 теңге, негізгі емес қызметтен шығын 20 000 теңге.

16. Егер табыс 300 000 теңгені, өнімнің өткізілген құны 160 000 теңгені, кезең шығындары 40 000 теңгені құраса, есепті кезеңдегі табысты анықта. Негізгі емес қызметтен шығындар – 20 000 теңге.

17. Талданатын кезеңге өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта, егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге. Өндіріске және өнімді өткізуге шығындар – 25 000 теңге, ал есепті кезеңде табыс 50 000 теңге, ал шығыстар 40 000 теңгені құраса.

18. Таладанатын кезеңдегі табыс өзгерісінің рентабелділігін өзгеріске әсерін анықта. Базистік кезеңде табыс 40 000 теңгенң, шығыстар 25 000 теңге, ал есептік кезеңде сәйкесінше табыс 60 000 теңге, шығыстар 50 000 теңгені құрады, ал рентабелділік өсім 21%.

19. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс – 20 000 теңге

- өнімнің өзіндік құны – 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтен табыс - 4 000 теңге

- табыс салығының ставкасы 30 %.

20. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы:

- өнімді өткізуден түскен табыс 20 000 теңге

- өткізілген өнімнің өзіндік құны 12 000 теңге

- кезең шығындары – 3 000 теңге

- негізгі емес қызметтің нәтижесі - 4 000 теңге көлеміндегі табыс

- табыс салығының ставкасы 10 %.

21. Талданатын кезеңдегі өнім рентабелділігінің жалпы өзгерісін анықта. Егер базистік кезеңдегі табыс 900 000 теңге, өндіріске және өнімді өткізуге шығындар 500 000 теңге, есепті кезеңдегі табыс – 1 000 000 теңге, шығындар 650 000 теңгені құраса.

22. Кәсіпорынның таза табысын анықтаңыз, мұндағы өнімді өткізуден түскен табыс 20 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 12 000 теңге, кезең шығындары 3 000 теңге. Негізгі емес қызметтің табысы – 4 000 теңге мөлшеріндегі табыс. Табыс салығының ставкасы - 30%.

23. Өнім рентабельділігін анықта. Өнімді өткізуден табыс 100 000 теңге, өткізілген өнімнің өзіндік құны 60 000 теңге, кезең шығындары 15 000 теңге.

24. Меншікті капиталдың рентабельділігін анықта, егер өнім рентабельділігі 30%, капитал айналымдылығы 110%, жалпы капиталдың және меншікті капиталдың қатынасы 1,4.



25. Капитал рентабельділігі тұрақты болатындай, 14%-ға - сауда рентабельділігі төмендесе капитал айналымдылығын қана пайызға өсіру керектігін анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет