Құрастырушы Зиядин С. Т «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы



бет2/5
Дата16.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#138645
1   2   3   4   5

В=Р*Ц

Мұндағы, В-өнімді өткізуден түскен түсім.

Р- сәйкестірілген өткізумен тауардың көлемі

Ц- өткізілген өнім бірлігінің бағасы.


2. Шығыс және кіріс қалдықтарының түзетілетін өткізілетін өнім көлемі негізі болып табылатын есептік әдіс.
В=Он+Т-Ок
Мұндағы, Он Ок жоспарлы кезеңнің басындағы және аяғындағы өткізілмеген дайын өнімнің қалдығы.

Т-жоспарлы кезеңде шығаруға арналған тауарлық өнім.


5. Өнімді өткізуден табысты жоспарлау әдістері және оның көлеміне әсер етуші факторлар.

Табысты жоспарлау - қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке жүргізіледі.

Жоспарлау көлемі - бұл баланстық пайданың элементі.

Жоспарлау әдістеріне келесілер жатады:

1. Excel, Acsecc бағдарламалары негізінде қаржылық жоспарлаудың бақылау-жоспарлылық әдісі.

2. Тура есептеу әдісі-оның негізінде өнімді өткізуден және шығарудан түскен пайданың ассортиментінің есебі жатыр.

3. Пайданы жоспарлаудың аналитикалық әдісі, баға инфляциясымен өзіндік құны жоқ кезде қолданылады.

4. Табысты жоспарлауда кеңінен қолданылатын операциялық тетікке әсер ету әдісі.

Пайда өсімінің келесі фактарлары бар:

1. Шығындарды төмендету, бюджеттендіру принципі негізінде жауапкершілік орталығымен басқарушылық есепті пайдаланады.

2. Шығарылатын өнімнің ассортиментін және құрамын жаңарту.
6. Баланстық пайда, оның мәні және құрамы.

Тәжірибеде келесі анықтамалар қолданылады: Жалпы табыс, баланстық табыс, таза табыс, кәсіпорын қолында қалатын табыс және т.б.

Балансық табыс-бұл өнімді өткізуден түскен, қаржылық қызметтен және жүзеге асырылмаған операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған операциялардан түскен жиынтық табыс.

Бухгалтерлік балансық валютасының жылдық есеп берушілігіне келесілер жатады:

Жабылмаған шығын немесе есептік жылдағы бөлінбеген пайда.

Жиынтық табыс-бүл өнімді негізгі қорларды және кәсіпорынның басқа да мүліктерін өткізуден түскен табысқа жүзеге асырылмаған операциялардан түскен табыс қосылғандағы сома.

Өнімді өткізуден түскен табыс сату бағасы бойынша жанама салықтарсыз тауарды өткізуден түскен түсіммен өнімнің өзіндік құнына қосылатын өндіріске және өткізуге кеткен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады.
7. Пайданың қалыптасуымен есебі: пайданың бөлінуімен пайдаланылуы.

Кәсіпорынның таза табысы балансық пайдамен салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Ірілету әдісі бойынша өнімді өткізуден табысты есептеу үшін универсалды форманы пайдаланылады.

Ркр=Он+Тпр-Ок


Мұндағы, Ркр – екі бағамен есептелген, өткізілген тауардың көлемі: толық өзіндік құн және сату бағасы бойынша. ОнОк- екі бағамен есептелген жоспарланған кезең басындағы және алған заемдағы дайын өнім қалдықтары. Тпр-екі бағамен есептелген тауарлық өнімнің шығарылу көлемі.

Пайданы тарту мен тарату қатынастарының жалпы сомасын негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Пайданы тарату мәні бойынша 3 бағытта қарастыруға болады (2 суретте көрсетілген)


Баланстық пайда

Бюджет

Кәсіпорын

Меншік иелері

Салық салу

Қорлар

Дивиденттер төлеу

Жинақтау

Қорлану

Тұтыну

2 Сурет. Пайданы тарату бағыттарының сызбасы.


Студенттерді тексеруге арналған сұрақтар.

1. Өнімді өткізуден түскен түсім кәсіпорындағы ақша қаражаттарының негізгі қайнар көзі ретінде.

2. Өнімді өткізуден түскен түсім: оның құрамы, құрылымы, қалыптасу факторлары және есептеу әдістемесі.

3. Пайданың қалыптасуы мен есептелуі.

4. Пайданың таратылуы және пайдалануы.

5. Пайдаға әсер ететін экономикалық факторлары.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник А., 2004.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Семипалатинск, 2005

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

6. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.
Тақырып 7. АӨК кәсіпорынны қаржылық жоспарлау.

Сұрақтар:

1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

2. Қаржылық жоспарлаудағы негізгі көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

3. Кәсіпорынның қаржылық жобасын қарастыру, құрастыру және бекіту тәртібі.

4. Сметалық жоспарлау және сметалардың орындалуына бақылау.

5. Жедел қаржылық жоспарлау

6. Компанияның табыстары мен шығындарының шахматтық балансы.
1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық жұмысының бағыттарының бірі, өндірістік жоспарлаудың ақырғы стадиясы.

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның дамуының қамтамасыз ету үшін оның барлық ақша қаражаттарының пайдалану бағыттарын және оның табыстарын жоспарлау болып табылады.

Қаржылық жоспардың міндеттері келесілер:

1. Кәсіпорын табыстарын көбейту резервтерін және олардың құрамын мобилизациялауды анықтау.

2. Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану, инвестицияны тиімді пайдалану.

3. Өндірістік жобаның көрсеткіштерінің қаржылық ресурстармен байланыстырылуы.

4. Бюджетпен, банктермен, сонымен қатар басқа да кредиторлармен тиімді қарым-қатынастарға негізделу.

5. Оперативтік және кассалық жоспарлардың, несиелік өтініштердің, табыс пен өнімді өткізуден табыстарды қысқа мерзімді жоспарлауды өңдеу.

6. Алдағы қаржылық жоспарлаудың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

7. Негізгі қызметтің күрделі шығындарымен күрделі жұмыстарына айналым капиталының таратылмауы.
2. Қаржылық жоспарлаудағы негізгі көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

Қаржылық жоспардың құрамында табыстар жоспары, шығыстар жоспары, компания активтері мен пассивтерінің балансы.

Қаржылық жоспардың мазмұнын келесі кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерімен сипаттауға болады.

1. Қаражаттың табыстары мен түсімдеріне келесі көрсеткіштер жатады:

а) өнімді өткізуден түскен түсім

в) басқа да өткізуден түскен түсім

с) жоспарланған өткізілмеген шығындар

д) амортизациялық аударымдар

е) басқа кәсіпорындардан түскен қаражаттары

ж) бюджеттен тыс қорлардан түсімдер

2. Шығындар мен ақша аударымдары келесі көрсеткіштерден тұрады:

а) таза табыстан төленетін салықтар

в) таза пайданы бөлу

с) ұзақ мерзімді инвестициялар

д) басқа да шығындар

Қаржылық жоспарлаудың әдістері:

1. Экононмикалық талдау әдісі

2. Нормативтік әдіс

3. Баланстық есеп әдісі

4. Ақша ағымдарының әдісі

5. Есептеудің көп варианттылығының әдісі

6. Эконономикалық математикалық әдістер


3. Кәсіпорынның қаржылық жобасын қарастыру, құрастыру және бекіту тәртібі.

Қаржылық жоспарлау – бұл өзіне бірнеше этаптардан тұратын күрделі процесс (3 суретте көрсетілген).

Қаржылық жоспарлау процесі.


1. Қаржылық жағдайын талдау.




2. Компанияның қаржылық стратегиясын дайындау.


3. Ағымдағы қаржылық жоспарларды құрастыру.
4. Шығындарды түзету және қаржылық жоспарларға түзетулер енгізу.


5. Жылдам қаржылық жоспарларды дайындау.


3 сурет. Қаржылық жоспарлаудаң негізгі кезеңдерінің схемасы.
4. Сметалық жоспарлау және сметалардың орындалуына бақылау.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер және барлық компаниялардың қызметі сметалық жоспарлау әдістерін қолданады. Ол қаржылық ресурстарды үнемдеу, өндірістік емес шығындарды азайту, басқарудың икемділігі мен өнімнің өзіндік құнын қадағалау әр жоспарлы көрсеткіштердің тура көрсету мақсатында енгізіледі.

Қаржылық жоспарлау барысындағы құрастырылатын сметалардың жіктелуі 4 суретте көрсетілген.
Сметаның негізгі түрлері:

1. Номенклатуралық шығындар кеңдігі бойынша:

функционалды шығындар сметасы

кешенді шығындар сметасы

2. Дайындау әдісі бойынша:

тұрақты бюджет

икемді бюджет

4 сурет. Сметаның негізгі түрлері.


5. Жедел қаржылық жоспарлау

Жедел қаржылық жоспарлау – бұл АӨК кәсіпорынның қаржылық жетістіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қаржылық жоспарлаудың жүйесі.

Жедел қаржылық жоспарлауға келесілер жатады:

1. төлем күнтізбесін құрастыру және орындау

2. кассалық жоспар

3. қысқа мерзімді несиенің қажеттілік есебі


6. Компанияның табыстары мен шығындарының шахматтық балансы.

Қаржылық жоспарлау процесінде қаржыландыру қайнар көзінің және салымның немесе аударымның әрбір түрі бойынша нақты баланс жүргізіледі.

Бұл үшін қаржылық жоспарға тексерілген шахматтық баланс құрылады. Онда тігінен қаржылық ресурстарды пайдалану бағыттары жүргізіледі, ал көлденеңнен қаржыландыру қайнар көздері.

Бұндай баланс қаржылық ресурстарды пайдаланудың мақсаттық сипатын анықтауға, баптар бойынша табыстар мен шығыстарды баланстауға, ақша қаражаттарының қорын қалыптасу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.


Студенттерге арналған сұрақтар.

  1. Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

  2. Қаржылық жоспардағы негізгі көрсеткіштер және оны есептеу әдістері.

  3. Пайда мен түсімнің жоспарлау көлемін есептеу.

  4. Өнімнің өзіндіқ құнының көрсеткштерін есептеу және бағалау

  5. Айналым құралдарындағы туынды есеп

  6. Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құру, қарастыру және бекіту тәртібі.

  7. Сметалық жоспарлау және сметаның орындалуын бақылау

  8. Бизнес - жоспардың мазмұны.


Әдебиеттер:

  1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник – А., 2004

  2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Семипалатинск, 2005

  3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

  4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

  5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

  6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

  7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 8. Компанияның қаржылық жағдайын талдау.

Сұрақтар:

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, мәнін, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

2. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесі.

3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, оны қалыптастыратын факторлар.

4. Компанияның төлемқабілеттілігі және оны анықтау әдістері. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін нығайту шаралары.

5. Кәсіпорын өтімділігі, оның көрсеткіштері, факторлары және есептік негізде анықтау әдістері.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, мәнін, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.

Қаржылық жағдай – бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаты. Ол бәсеке қабілеттілікті, қызметтік бірлесудің қарқынын анықтайды, кәсіпорынның, оның серіктестіктерінің қаржылық шаруашылық қатынасындағы экономикалық көзқарасы қандай дәрежеде кепілденгенін бағалайды.

Қаржылық жағдай – бұл қаржылық ресурстардың бар болуы, орналасу және пайдалануының көрсеткіштерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қызметтік ақырғы нәтижелерін көрсетеді. Осының барлығы қаржылық жағдайды талдауды өткізудің маңыздылығын анықтайды және бұндай талдауды экономикалық қатынаста жүргізуін жоғарлатады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды элементі болып табылады.
2. Қаржылық жағдайды сараптайтын көрсеткіштер жүйесі.

Компанияның қаржылық жағдайын бағалау үшін оның өзгерісін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады:

1. Капиталдың орналасуы мен қалыптасу қайнар көздері бойынша кәсіпорынның капиталының құрылымы.

2. Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігі және қарқындылығы.

3. Кәсіпорынның төлемақы қабілеттілігі және несие қабілеттілігі.

4. Кәсіпорын өтімділігінің көрсеткіштері.

5. Кәсіпорын рентабелділігінің көрсеткіштері.

6. Компаниялық қорының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері.


3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, оны қалыптастыратын факторлар.

ТМҚ-ды қалыптастырудың қайнар көздерінің сипаттамасы үшін 3 негізгі көрсеткішті пайдаланады:

1. меншікті айналым капиталының бар болуы

2. ТМҚ қалыптастырудың меншікті қайнар көздерінің бар болуы

3. ТМҚ қалыптастырудың ұзақ мерзімді қарыздың қайнар көздердің бар болуы.

ТМҚ қайнар көздерін қамтамасыз етудің 3 көрсеткішін есептеу кәсіпорындық қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесіне байланысты 4 түрге бөлуі керек.

1. абсолютті тұрақты қаржылық жағдай

2. бірқалыпты тұрақты қаржылық жағдай

3. тұрақсыз қаржылық жағдай

4. дағдарысты қаржылық жағдай.


4. Компанияның төлемқабілеттілігі және оны анықтау әдістері. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін нығайту шаралары.

Төлем қабілеттілік - кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі. Бұл уақытында төлем міндеттемелерін төлеу мүмкіндігі, оның қаржылық тұрақтылығының негізгі критерийлері.

Төлем қабілеттілікті бағалау ағымдағы активтердің өтімділік сипаты негізінде жүзеге асырылады.

Баланстың өтімділік дәрежесіне төлемқабілеттілігіне байланысты. Кәсіпорынның төлем міндеттілігі 3 топқа бөлінеді:

1. мерзімі келген төлем мерзімінің қарыздығы

2. жақын мерзімде төлеуге қажетті қарыз

3. ұзақ мерзімді қарыз.
5. Кәсіпорын өтімділігі, оның көрсеткіштері, факторлары және есептік негізде анықтау әдістері.

Өтімділік – активтер мен міндеттемелер арасындағы теңдікте болатын кәсіпорынның төлемқабілеттілігі.

Студенттерге арналған сұрақтар.

1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың экономикалық мәні

2. Өнімнің, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің рентабелділігінің ұғымы мен түрлері

3. Кәсіпорын өтімділігінің негізгі көрсеткіштері

4. Компанияның төлемқабілеттілігін талдау.
Әдебиеттер:


  1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

  2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Семип-нск, 2005.

  3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

  4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

  5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

  6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

  7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 9. АӨК кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы.

Сұрақтар:

1. Банкроттық ұғымы және белгілері.

2. Кәсіпорын қызметінің дағдарыс факторлары.

3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

4. Кәсіпорын қызметін дағдарыстық басқару.
1. Банкроттық ұғымы және белгілері.

Кәсіпорын банкроттығы-міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемені орындауға және ақша міндеттемелері бойынша кредитордың талаптарын борышкерің толық көлемде өтей алмаушылығы.

Тұрақсыздықтың белгілері:

1. Ақша міндеттемелері немесе міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттеменің 3 ай ішінде төленбеуі.

2. Ақша міндеттемесінің немесе міндетті төлемдердің минималды мөлшері ҚР үкіметімен бекітілген минималды айлық еңбек ақы мөлшері 500-ден кем болса.
2. Кәсіпорын қызметінің дағдарыс факторлары.

Кәсіпорын қызметіне көптеген факторлар әсер етеді олардың мазмұны бойынша факторлар:

Сыртқы:

1. Экономикалық



2. Әлеуметтік

3. Құқықтық

4. Ауа райы-климаттық.

Ішкі:


1. Материалды-техникалық факторлар.

2. Ұйымдастырушылық факторлар

3. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Қаржылық қалпына келтірудің 2 тактикасы бар:

1. қорғаныс тактикасы.

2. шабуыл тактикасы.


4. Кәсіпорын қызметін дағдарыстық басқару.

Кәсіпорын қызметінің дағдарыстың басқаруы-бұл белгілі қарыздық кәсіпорынға дағдарысқа қарсы процедураларды жүзеге асыру формалары мен әдістерінің жиынтығы.

Студенттерге арналған сұрақтар.

1. ҚР «Банкроттық туралы» заңындағы компанияның банкроттық процедурасын негізгі сәттерін анықтау.

2. Фирманың дағдарыстық жағдайының пайда болу механизмі.

3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің нақты мүмкіндіктерін талдау мен бағалау.

4. Инвестициялық приоритеттілік пен қаржылық тұрақсызыдығының деңгейі бойынша компаниялардың жіктелуі.

Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


Тақырып 10. АӨК кәсіпорынның қызметін қаржыландыру қайнар көздері меншікті және қарыздық қаражаттар.

Сүрақтар:

1. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталының мәні және ролі.

2 Жарғылық қор компанияның меншікті қаражатының алғашқы қайнар көзі ретінде.

3. Компанияның жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервтік қоры.

4. АӨК кәсіпорынның ұзақ мерзімді салымдарын тарту және пайдалану мақсаттары.

5. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыздық қайнар көздерінің түрлері.

6. Компанияны қаржыландырудың қысқа мерзімді қайнар көздері.
1. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталының мәні және ролі.

Компанияның меншікті капиталы-АӨК кәсіпорынның сыртқы міндеттемелерінің сомасымен актив сомасы арасындағы айырма.

Меншікті капитал келесілерге бөлінеді:

1. Тұрақты

2. Ауыспалы.

Компанияның меншікті капиталының тұрақты бөлігі жарғылық капиталдан тұрады.

Меншікті капиталының ауыспалы бөлігі комапияның қызметінің қаржылық нәтижесіне байланысты. Оның есебінен резервтік капитал, қосымша капитал, бөлінбеген пайда.
2. Жарғылық қор компанияның меншікті қаражатының алғашқы қайнар көзі ретінде.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы- алғашқы қызметті қамтамасыз ету үшін қайта құрылған кәсіпорынның құралдарының сомасы; Қайта құрылған кәсіпорынның алғашқы жарғылық базасы.

Жарғылық қор акцияны орналастыру немесе сату, капиталдың меншікті салымдар, мемлекеттік қаражаттар есебінен құрылады.

Халықтық АҚ жарғылық капиталының минималды мөлшері 1млн. Айлық есептің көрсеткішін құрайды.

АҚ жарғылық қорының минималды мөлшері 50мың айлық есептік көрсеткішті құрайды.
3. Компанияның жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервтік қоры.

Экономикалық жағынан резервтер мен бөлінбеген пайда сомасын жинақталған таза табыстың саласы ретінде қарастыруға болады.

Жинақтау қоры-компанияның өндірістік дамуына арналған ақша қаражаттарының жиынтығы.

Тұтыну қоры әлеуметтік шараларды өткізуге арналады.


4. АӨК кәсіпорынның ұзақ мерзімді салымдарын тарту және пайдалану мақсаттары.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар-басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталындағы үлестік қатысу шығындары.

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды тарту мен пайдаланудың негізгі мақсаты құралдармен материалдық емес активтердің жай және кеңейтілген өндірісін жүзеге асыру болып табылады.
5. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді қарыздық қайнар көздерінің түрлері.

Ұзақ мерзімді қарыздық құралдарға коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді ссудалары, қаржылық лизинг негізінде алынған негізгі құралдар, ипотекалық несиелер, инвестициялық салықтық несие.

Ұзақ мерзімді банктік ссудалар-ұзартылған мерзіміне көптеген соманы талап ететін, ұзақ мерзімді пайдалануға күрделі қымбат құралға тапсырыс.
6. Компанияны қаржыландырудың қысқа мерзімді қайнар көздері.

Компанияны қаржыландырудың қысқа мерзімді қайнар көздеріне 1 жылдан 12 ай мерзімінде алынған ақша қаражаттары.


Студенттерге арналған сұрақтар.

  1. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталының мәні және ролі.

  2. АӨК кәсіпорынның меншікті капиталы, оның құрамымен құрылымы.

  3. Қосымша капитал компанияның эмисиялық қызметінің, негізі құралдарды қайта бағалау нәтижесі ретінде.

  4. АӨК кәсіпорынның қаржылық қорлары, қалыптасу қайнар көздері және оларды пайдалану бағыттары.

  5. АӨК кәсіпорынлардың ұзақ мерзімді қарыздық қаражаттарды таратудың және пайдаланудың мақсаты.



Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы , 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.




Тақырып 11. АӨК кәсіпорын капиталының құны мен құрылымы.
Сұрақтар:

1. Капитал құны мен құрылымының ұғымы.

2. Капитал қүнының концепциясы капитал құрылымның теориясы.

3. Капитал құрылымын анықтаушы факторлары.
1. Капитал құны мен құрылымының ұғымы.

Қаржылық қайнар көздердің құрылымы-бұл әртүрлі қысқа және ұзақ мерзімді қайнар көздердің қатынасы.


Капитал құрылымы В суретте көрсетілген.
S/S+D АӨК кәсіпорынның жалпы . капиталындағы меншікті

. капиталының үлесі


Капитал құрылымы

D/S+D АӨК кәсіпорын капиталындағы

. қарыздық капитал үлесі.
5 сурет- Компания капиталының құрылымы.
Капитал элементеріне қызмет етуі бойынша шығындардың салыстырмалы мөлшері капитал құны болып табылады. Бұл құн пайыздық ставка ретінде салыстырмалы мөлшерінен көрінеді және келесі формула арқылы табылады.

Капитал құны = 1 жылға капиталды иесіне төлем

осы иесінен компаниямен тартылған капитал
2. Капитал қүнының концепциясы капитал құрылымның теориясы.

Капитал құрылымының теориясы меншікті және қарыз капиталын тарту бойынша шығындар салыстыруына негізделеді.

Капиталдың тиімді құрылымын негізделу үшін әртүрлі үлгілер пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде көбінесе капитал құрылымының статистикалық үлгісі көп қолданылады .

Капиталдың бұл құрылымы АӨК кәсіпорын үшін мақсатты болып табылады.

Статистикалық үлгіде екі альтернативті теория қолданылады

1.дәстүрлі теория

2.Миллер-Модильяни теориясы.

Қазіргі таңда капитал құрылымының компромистік теориясы кеңінен қолданылады.Ол АӨК кәсіпорынға меншікті және қарыздық капиталдың сәйкес келуін жақсы көрсетеді.
3. Капитал құрылымын анықтаушы факторлары.

Капитал құрылымын анықтайтын негізгі факторлар

1.өндірілген өнімге сұраныс сипаты және табыс алу тұрақтылығы

2.активтер құрылымы

3.шығындар құрылымы

4.ақпараттың ассиметрикалығы

5.қызметтің рентабельділігі

6.АӨК кәсіпорын капиталының мөлшері

7.табыс салықтары

8.мемлекеттік меншік үлесі


Студенттерге арналған сұрақтар.

  1. Капитал құрылымын және бағасын анықтау

  2. Капиталдың ішкі нарықтық,баланстың құны

  3. Компания капиталының шекті өнімділік;инвестициялық құны

  4. Компания капиталының құрылымы мен құнының байланысы.

  5. Левиридж және капиталдың оптималды құрылымын анықтау

  6. Қазақстанның АҚ үшін капитал құрылымы теориясының мәні.


Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Алматы, 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Колчина И.В. Финансы предприятий. М., 2000.

4. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М. 1999.

5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий М.Финансы: Юнити 1998.

6. Шеремет А.Д. Сейфуллин Р.Ц. Финансы предприятий М., 1999.

7. Шуляк В.Д. Финансы предприятий М – 2001.


5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары
"Зоотехника" мамандығы бойынша жоғары білікті экономистерді дайындаудың маңызды шарты оқытушының жетекшілігі мен ғылыми жұмыстарды орындауды ұйымдастыру болып табылады.

Өзіндік зерттеу жұмысы студенттің өздігіне орындалып және оқылатын курстың проблемасын жетілдіру жазбаша түрде жазылады.



Тақырыпты дұрыс таңдауда көп мән бөлу қажет.Студенттерге кафедра мен бекітілген кез-келген тақырыпты таңдауға болады.Ғылыми жұмыстардың тақырыбы "Қаржы" кафедрасында жетілдіріп, кафедра отырысында қаралып бекітіледі.
5.2 Өздік жұмыстардың тақырыптары мен мазмұны.

  1. АҚ қайта құру және таратудың қаржылық сұрақтары.

  2. Лизингтік бизнес және оның ҚР-ғы даму жолдары.

  3. АӨК кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге кеткен шығындарды жоспарлау

  4. АӨК кәсіпорын табыстарына салық салу

  5. АӨК кәсіпорын табыстарын қалыптастыру, тарату және пайдалану, оларды ұлғайту резервтері

  6. АӨК кәсіпорынның негізгі капиталын пайдаланудың тиімділігі

  7. АӨК кәсіпорын табыстарын жоспарлау және тарату

  8. АӨК кәсіпорынның айналым активтерінің қажеттіліктерін анықтау

  9. АҚ қаржылық жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

  10. АӨК кәсіпорын қаржысын дағдарысқа қарсы басқару. Банкроттық ықтималдығын болжау.

  11. АӨК кәсіпорын резервтері және рентабелділікті жоғарлату.

  12. АӨК кәсіпорынның негізгі капиталы, айналымнан тыс активтері. Оларды қайта өндіру қайнар көздері.

  13. АӨК кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын өзін өзі қаржыландыру.

  14. АӨК кәсіпорынның айналым активтерін пайдалануды жақсартудың жолдары.

  15. АӨК кәсіпорын қорлары, олардың қалыптасуы мен пайдалануы.

  16. АӨК кәсіпорынның негізгі капиталына және айналымнан тыс активтеріне инвестициялар.

  17. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  18. АӨК кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері.

  19. АӨК кәсіпорын қаржысы: мазмұны, қызметтері, ұйымдастыру принциптері мен басқарылуы.

  20. Факторинг – АӨК кәсіпорынның айналым құралдарын несиелендірудің әдістерінің бірі ретінде

  21. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар және басқа да шығындар.

  22. АӨК кәсіпорын қызметіндегі меншікті капиталдың ролі.

  23. Өнімді өткізуден түскен табыс, өсу факторлары мен оларды жоспарлау.

  24. АӨК кәсіпорынның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы.

  25. Қарыздың капиталды тарту саясаты.

  26. АӨК кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері.

  27. АӨК кәсіпорынның инвестициялық саясаты және оның негізгі капиталды жақсартудағы ролі.

  28. Қазақстан мен Ресейдің қаржылық өндірістік топтарының қаржыларын ұйымдастыруды талдау.

  29. АӨК кәсіпорынның қаржылық стратегиясының мәні мен сипаты.

  30. АӨК кәсіпорынның амортизациялық саясаты және оның негзігі капиталды жақсартудағы ролі.

  31. АӨК кәсіпорын қызметін қаржыландыру қайнар көздері: олардың құрамы, құрылымы және негізгі сипаттамалары.

  32. Қаржылық жоспарлар мен жобаның бизнес-жоспарларын есептеуді компьютерлік қамтамасыз ету.

  33. Кәсіпорынның айналым активтері: қалыптасуы, ұйымдастырылуы және айналым капиталын басқару саясаты.

  34. Меншіктің және шаруашылықтың әртүрлі формасындағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

  35. Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың АӨК кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі.

  36. АӨК кәсіпорынның қаржылық қызметтері: олардың міндеттері, қызметтері мен жұмысының әдістері.

  37. АӨК кәсіпорынның тура инвестициясын қаржыландыру қайнар көзін талдау.

  38. АӨК кәсіпорынның қаржылық жағдайына салық жүйесінің әсері.

  39. Лизинг АӨК кәсіпорынның инвестицияны тарту формасы ретінде.

  40. АӨК кәсіпорынның қаржылық қызметі инвестициялық қызметтің субьектісі мен обьектісі ретінде

  41. Күрделі құрылыс қаржыларын ұйымдастыру.

  42. Өндірістік кәсіпорынның қаржылық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану тиімділігі

  43. Қазақстандағы инвестициялық процестің пайда болуы мен қалыптасуы және қазіргі кезеңдегі оларды қаржыландыру қайнар көздері.

  44. АӨК кәсіпорынның резервтері және қаржылық жағадайын нығайту жолдары

  45. Нарықтық жағадайдағы АӨК кәсіпорынның негізгі қорларын бағалау және қайта бағалау

  46. АӨК кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудағы қаржылық математиканың ролі

  47. АҚ табыстарын қалыптастыру және тарату

  48. АӨК кәсіпорынның айналым активтерін қаржыландыру қайнар көздері және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру жолдары

  49. АӨК кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы, пайда болу себептері және олардың алдын-алу

  50. АӨК кәсіпорынның қаржылық талдауы және қаржылық саясат стратегиясындағы ролі.

  51. АӨК кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы және олардың алдын-алу жолдары

  52. Кәсіпорын ақша қаражаттары мен ондағы есептеуді ұйымдастыру

  53. АӨК кәсіпорынның қаржылық жағдайын жобалау және қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу жолдары

  54. АӨК кәсіпорынның күрделі салымдарын пайдалану тиімділігі

  55. Капитал құнын бағалау әдістері

  56. Компанияны қаржыландырудың қысқа мерзімді қарыздық қайнар көздері

  57. АӨК кәсіпорынны дағдарысқа қарсы басқару стратегисы.


2. Тәжірибелік сабақтар- жаңалықтарды үйренуге және оқиғалардың бірқалыптылығын дамытуға арналған оқу сабақтарының формасының бірі.

1 Тақырып. АӨК кәсіпорын қаржыларының мәні мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: АӨК кәсіпорын қаржыларын басқарудың сұрақтарын қарастыру, қаржылық менеджерлердің ұйымдастырушылық жұмысының принциптері.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

1. АӨК кәсіпорын қаржысы түсінігі және мазмұны ,олардың қызметтері



  1. АҚ қаржыларын ұйымдастыру принциптері

  2. Коммерциялық ұйымның қаржылық механизмі

  3. Нарықтық экономика жағдайындағы ұйым формалары.


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары

  1. АӨК кәсіпорын қаржыларының анықтамасы

  2. АӨК кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі қағидалары

  3. Қаржылық механизм элементтері, қаржылық тетіктер, қаржылық әдістер, қаржылық қатынастар

  4. Компаниялардың қаржылық ресурстары

  5. АӨК кәсіпорын қаржыларының қызметтерінің пайда болуының негізгі тұжырымдамалары

  6. АӨК кәсіпорынлар қаржылары: мазмұны, қызметтері, ұйымдастыру қағидалары және басқару


Бақылау жұмысының сұрақтары.

  1. Корпоративті қаржы анықтамасы

  2. АӨК кәсіпорын қаржысыны ұйымдастыру принциптері

  3. Қаржылық механизм элементтері қаржылық тетіктер, қаржылық әдістер, қаржылық қатынастар

  4. Коммерциялық ұйымның мақсаты.


Әдістемелік нұсқаулар:

- осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек

- міндетті түрде заңды-нормативті базаны жаттау және осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.
Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раимов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Моляков Д.С., Шохин Е.И., теория "Финансы предприятий" М. 2000.


2 Тақырып. Жоғарғы қаржылық есептеулердің математикалық негіздемелері.
Сабақтың мақсаты: жоғарғы қаржылық есептеулердің теориялық негіздерін білу, күрделі пайыздар және дисконттар бойынша қарапайым және күрделі ставкаларды есептеуді үйрену.
Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

1. Әр турлі типтегі пайыздық ставкаларының эквиваленттілігі

2. Қаржылық шешімдерді қабылдауға инфляция есебі

3. Бағалы қағаздар бойынша пайыздар және дивиденттер

4. Дисконттау және компаундау.

Бақылау жұмысының сұрақтары:

1. Ақшаның уақытша құндылығының түсінігі

2. Компания капиталының қазіргі және болашақ құны

3. Ссудалық пайыздардың жай және күрделі ставкалары

4. Жай және күрделі есептік ставкалар

5. Аннуитеттер.
Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары


  1. Жай және күрделі есептік мөлшерлемелер

  2. Аннуитеттер

  3. Жай пайыздар сызбасы бойынша операциялардың даму үлгісі

  4. Күрделі пайыздар сызбасы бойынша операциялар даму үлгісі

  5. Қаржылық ағымдар модельдері (үлгілері)

  6. Операциялардағы инфляция үлгілері


Әдістемелік нұсқаулар: міндетті түрде заңды-нормативті базаны жаттау және осы курс бойынша базалық әдебиетті қолдану керек, сабақ сұрақтары ауызша сұрауға арналған, бақылау жұмысының сұрақтарын жазбаша түрде практикалық сабаққа арналған дәптерге жазу керек.
Тапсырмалар:

1 Егер банк клиенттерімен жылдың 15 % қарапайым ставка бойынша есептеу жүргізсе, алғашқы капитал 200 000теңгеден 600 000теңгеге өскендігі, қарапайым пайыздық ставканы анықтаңыз

2. Клиент банкке 5 жыл мерзіміне 10 % жылдық ставка бойынша 1000 доллар көлемінде депозит салды. 5 жылдан кейін клиент өзінің счетында өскен ақша көлемін есепте.

3. Тұран Әлем Банкі жылдың 2 % ставка бойынша талап етілгенге дейінгі депозиттерді қабылдайды. 3,6 және 12 айға салынған 300 000теңге салымға пайыздар көлемін анықтаңыз.

4. 5 жылдан кейін 600 000 теңге мөлшеріндегі қорды құру үшін жылдық 120 % күрделі ставка бойынша әр жылдық төлемнің мөлшерін анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1. Жуйриков К.К. Раймов С.Р. Корпоративные финансы. А., 2004 -512с.

2. Есенова Г.Ж, Ибраева А.К. Корпоративные финансы. Учебное пособие – Семипалатинск, 2005 – 96с.

3. Моляков Д.С., Шохин Е.И., теория "Финансы предприятий" М. 2000.



3 Тақырып. АӨК кәсіпорынның айнылымнан тыс активтерін қаржыландыру.
Сабақтың мақсаты: негізгі қорлардың экономикалық негізін білу қажет, оның құрамын, құрылымын; негізгі қорлардың экономикалық көрсеткіштерінің білу қажет

Сабақтың барысы:

  1. Ауызша сүрау.

  2. Есептерді шығару.


Сабақтың мазмұны:

1. Коммерциялық ұйымның негізгі капиталын басқару: мақсаттары және тапсырмалары

2. Негізгі капиталдың құрамы және құрылымы негізгі қорлардың спецификасы. Негізгі капиталдың қозғалысы

3. Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштерінің есебі және бағасы

4. Амортизациялық бөлулер есебі

5. Амортизация нормаларын құру негізі

6. Негізгі қорлардың активті бөлігінің жедел амортизациясы

7. Материалдық емес активтер: алу қайнар көзі, амортизация

8. АӨК кәсіпорынның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері

9. Негізгі қорларға капиталды салудың тиімділігі

10. Негізгі қорлардың өндірісін қаржыландыру қайнар көздері.
Студенттердің өздік жұмыстарына арналған сұрақтары


  1. Инвестициялар түрлері

  2. АӨК кәсіпорынлардың негізгі капиталы, айналыстан тыс активтері. Олардың ұдайы өндірісінің көздері

  3. АӨК кәсіпорынлардың негізгі капиталы мен айналыстан тыс активтеріне инвестициялар

  4. АӨК кәсіпорынлардың инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері

  5. АӨК кәсіпорынлардың инвестициялық саясаты және оның негізгі капиталды жаңартудағы мәні

  6. АӨК кәсіпорынлардың амортизациялық саясаты және оның негізгі капиталды жаңартудағы рөлі

  7. Негізгі қорлар амортизациясын (тозуын) анықтау әдістері мен олардың АӨК кәсіпорынлардың негізгі капиталын жаңартудағы мәні

  8. Қазақстандағы инвестициялық процесстің құрылуы мен орнығуы және оны қаржыландырудың қазіргі кезеңіндегі көздері

  9. Нарықтық жағдайлардағы АӨК кәсіпорынның негізгі қорларын бағалау және қайта бағалау

  10. АӨК кәсіпорынлардың капитал салымдарын қолдану тиімділігі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет