Развитие инновационной экономики: теория и практика



бет7/16
Дата25.02.2016
өлшемі2.67 Mb.
#22212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Литература:

1. Нуртазина К.Б. Оптимизация портфеля ценных бумаг и управление в условиях неопределенности: Монография. М.: ГУУ, 2011.



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ
Ж.Т. Карымсакова

Университет «Туран астана», Астана қаласы

Қазақстан Республикасы

Iskakov82@mail.ru

Әрбір ел өз экономикасының, құқығының, саясатының және халық психологиясмының ерекшелігін, әлемдік шаруашылықтағы өзінің жағдайын ескере отырып, өзінің жеке стратегиясын әзірлеп шығарады. Ауыл шаруашылығы саласында қазір қалыптасып келе жатқан тамақ өнеркәсібі, астық, ет, сүт, жүзім өңдеу жөніндегі көрсеткіштерді бөліп көрсетуге болады. Оның ішінен тамақ өнеркәсібіне тоқталып кететін болсақ.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі халықтың сан және сапа жағынан тамақ өнімдерімен тұрақты жабдықтап отыратын стратегиялық маңызды сала болып есептеледі. Тамақ өнеркәсібінің құрамына 30-дан аса мамандандырылған салалар, салалықтар және жеке өндірістер кіреді.

Тамақ өнеркәсібінің Республика экономикасына тигізетін ықпалы, бірінші кезеңде елдің азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде және халықтың өмір деңгейіне тура әсер етуінен байқалады. Халықты қол жетерлік бағамен сапалы тамақ өнімдерімен жабдықтау, тікелей ұлт денсаулығына ықпал етеді.

Саланы дамыту ауыл шаруашылығын, тамақ машина құрылысын, орауыш буып-түю өндірісін, электроэнергия, көлік өндірісін дамытуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, сөйтіп, жоғары мультипликативті тиімділікті құру арқылы экономикаға ықпал етеді.

Қазақстанның тамақ өнеркәсібінде 5 мыңнан артық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер бар, оның көптеген бөлігі шағын және орта кәсіпорындар болып саналады. Тамақ өнеркәсібінің негізгі сегменттері болып табылатындары сусындар өндірісі ұн тарту өнеркәсіптерінің өнімі өсімдік және жануарлар майы, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері жеміс және көкөністердің қайта өңделу өнімдері Сарапшылармен жүргізілген талдаулар көрсеткендей ұлт деңгейінде даму болашағы бар кластерлер болып ет, сүт және - жеміс көкөніс қайта өңдеулері танылады.

Қазіргі таңда қазақстандық тамақ өнімдер нарығының сыйымдылығы 2,5 миллиард АҚШ долларына бағаланады. Бұл Қытай, Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Белорусия мен Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда аймақ нарығының 1% құрайды. Республикадағы халықтың нақты кірісінің өсуін есепке ала отырып, ішкі нарық бұдан әрі өседі деген негіз бар. Дегенмен, шетел нарығына шығу негізгі стратегиялық мақсат ретінде қарастырылады. 1,5 миллиардтан астам халқы бар Қытай, Ресей, Орталық Азия елдері және олардың Қазақстанға жақын орналасуы, отандық өнімдерді сатуда әлеуетті нарық ретінде қарастырылады [1].

Неғұрлым дамыған экономикалық жүйелер мен табысты фирмалар тәжірибесі көрсеткендей, бәсекеге қабілетті арттырудағы тиімді нысандардың бірі кластерлік тәсілді іске асыру болып табылады. Бұл ретте, кластер мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін ішкі нарықтың және халықаралық экспансия базасының өсу нүктесінің рөлін орындайды. Қазақстанның тамақ өнеркәсібі мұнай өндірісінің төңірегінен шығып, қалыпты өсуі үшін зор маңыздылыққа ие. Бұл сектор өндеу өндірісінің құрылымында шамамен төрттен бір бөлігін қамтиды және елдің ЖІӨ - нің 6,5% құрайды.

Тамақ өнімдерін өңдіру Қазақстанның өңдеу өндірісіндегі ең қарқынды дамитын салалардың бірі болып табылады. Бұл салаға соңғы төрт жыл ішінде 108 дан 110,7%-ға дейінгі өсімді көрсеткен. 2009 жылғы нақты өсімі өткен жылмен салыстырғанда 110,6% құрайтын, өнім өндіру көлемі 2012 жылдың 1,5 миллиард АҚШ долларынан 3,03 миллиардқа жетті. 2008 жылмен салыстырғанда 2011 жылы сүт өңдеу үлесі 7,18%-дан 20,5%-ға дейін; ет 14,9%-дан 15,2%-ға дейін;дәнді дақылдар 25,9–дан 37,9%-ға өсті. 2008 жылмен салыстырғанда 2012 жылы азық–түлік тауарларының маңызды түрлері бойынша экспорты өсіп, импорт төмендеді. Жалпы 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында сүт өнімдерінің 81105 тонна, ет өнімдерінің 22875 тонна, сусындардың 2846,9 тонна, нан 134855 тонна өндірілді. Осының бәрі ел экономикасының жалпы өсуімен байланысты көптеген тауарларға деген халық сұранысының артуына, әрі күштердің жаңартуына және айналым құралдарын көбейту үшін екінші деңгейлі банктердің арзандатылған несиелерін тартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын орындауына байланысты.

Шикізат өндіру жүйелерінде өндіріс күштерінің жоғары шоғырлануын, жұмысшылардың дайындылығының деңгейін, мемлекет органдарының бақылауын, бәсекенің қатал талаптары жағдайларында іс-әрекет ету тәжірибесін өңдеу саласындағы артықшылықтарға жатқызуға болады. Соңғы уақытта Қазақстан халықаралық талаптар деңгейіндегі қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген, отандық кәсіпорындарының талаптарын толықтай қамтамасыз ету мүмкіншіліктеріне ие болып тұрған буып – тию кәсіпорындарының бірқатары ашылған. Қосылған құн тізбегіндегі транспорттау мен сақтау буыны орташа деңгеймен бағаланады. Республиканың әр аймағында орналасқан бөлшек сауданың кең тараған жүйесі, сонымен қатар персоналдың жеткілікті саны тамақ өнімдерінің бөлшек саудасын Қазақстан нарығында толықтай бар екенін бағалауға рұқсат етті. Ірі қалаларда тамақ өнімдерінің көтерме сауданың кәсіпорындар жүйесі айтарлықтай дамыған. Дегенмен ауыл шаруашылық шикізатының көтерме саудасының дамымағаны оны өңдеу өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің көрсеткіштеріне әсерін тигізеді [2].

Осының нәтижесінде, ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіретін және оларды өңдейтін кәсіпорындарының, сонымен қатар тамақ өнімдерінің дамыған сауда жүйесінің бар болуы осы саланың бәсекелестік қабілеттігін арттырудағы оңтайлы факторлары болып табылады. Дегенмен, адам ресурстарының бар болғанымен олардың одан да тереңірек мамандануы қажет.

Өндірушілердің жабдықтаушылармен әлсіз байланыстарына қарамастан, тамақ өнеркәсібінің кластер мүшелерінің өзара әрекеттесуі жеткілікті түрде дамыған. Отандық өндірушілердің өнім шығындарының құрылымы да тамақ өнеркәсібін дамытудың приоритетті бағыттарына қосуды растайды. Өйткені ол бәсекелестік қабілетке ие және кейбір шығындар баптарының ары қарай қысқартылуын қарастырады. Сапасы жақсы өнімдерді өндірудің үлкен тәжірибесіне ие болатын отандық өндірістің болашақта өзінің өнімімен сыртқы нарықтарға шығудың жақсы мүмкіншіліктері бар. Бұл Қазақстан экономикасының белсенді дамуына айтарлықтай үлесін қосады.

Қатысушылырдың географиялық жақын орналасуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарына тамақ өнеркәсібінің дамуында кластерлік тәсілді қолдану мүмкіндігін береді. Мәселен, солтүстік шығыс және оңтүстік өңірлерде сүт өнімдерін өндіру (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары), оңтүстік өңірде жеміс – көкөніс өнімдері (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары), солтүстік өңірде ет өнімдері (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары), солтүстік және орталық облыстарда дәнді дақылдарды қайта өңдеу (Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтістік Қазақстан облыстары), Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында барлық өнімдері бойынша кластерлер құру және дамыту мүмкіндіктері бар.

Жүргізілген талдау нәтижесінде пилоттық кластерлерді ұйымдастыру үшін неғұрлым «дайындалған» мынадай 3 бағыт айқындалды:солтүстікте – дәнді дақылдарды қайта өңдеу, оңтүстік өңірлерде жеміс - көкөніс және Қостанай облысында - сүт өңдірісі.

Қазіргі таңда Қазақстандағы экономиканың көптеген салаларының ғылыми-техникалық саясатының негізіне мемлекет пен ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен оны нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу басты бағыт болып отыр. Қазір ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттарында бірлесе жұмыс істеудің жаңа түрлері іздестірілуде. Негізгі міндет аймақтар мен кәсіпорындардың дамуының инвестициялық кезеңіне өтуге экономикалық, инфрақұрылымдық жағдайлар жасау арқылы тұрақты экономикалық дамуға, экономиканың инновациялық дамуына өтуге мүмкіндік туғызу.

Біздің зерттеу көрсеткендей, АӨК ғылыми-техникалық дамудың ең негізгі шарты болып инновациялық басқарудың құрылуы, ғылыми-техникалық әрекеттің жобалық, технологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық, мамандық жақтарын қамтитын, алынған нәтижені талдауды, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіне түзетулер енгізуді, әртүрлі топырақтық-климаттық және қаржылық-экономикалық жағдайларда дамудың болжамын жасауды қамтитын, нарықтың ілгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған үрдіс.

Инновациялық басқаруды инновациялық бағдарламалар мен бірыңғай аймақтық ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жүргізу жағдайында, жаңа өнімдерді жасау және оларды өндіріске ендіруді бақылау жағдайында, бұл бағдарламаларды қаржылық, материалдық және интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ету жағдайында құру ұсынылады.
Кесте 1. Аймақтық АӨК инновациялық үрдісті басқарудың негізгі түрлері




Инновациялық үрдісті басқарудың негізгі түрлері:

1.

Аймақтық АӨК стратегиялық бағыттары бойынша ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жасаумен айналысатын кеңестер, комитеттер немесе шығармашылық топтар

2.

Жаңа технологиялар жасайтын және ауыл шаруашылығы салаларын, жер өңдеуді ғылыми негізге сүйеніп жүргізуді реттейтін орталықтар

3.

Ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесінің ғылыми зерттеулерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, қайта өңдеудің әдістері мен тәсілдерін жасап ұсынатын жобалық мақсатты топтар

4.

Жаңа ғылыми білімдерді және инновацияны меңгеру мен оларды озық технологиялар мен шаруашылықты жүргізу әдістеріне айналдырумен шұғылданатын ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық ұйымдар

5.

Ғылыми-техникалық өнімдер нарығын зерттеумен, ілгермелі озық жобаларды аймақтық АӨК-н енгізумен, оларды нақты жағдайларға бейімдеумен айналысатын ғылыми-техникалық даму орталықтары

6.

Фирмалардың нақты қажеттіліктеріне арналған инновацияны өндіретін ірі ауыл шаруашылық холдингтер мен корпорациялардың құрамындағы венчурлік ұйымдар

7.

Ғылыми жобаларды өндіріске енгізумен, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге кеңес берумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар

8.

Ауыл шаруашылығы салаларының мониторингін жүргізу, тауарлар мен қызметтердің маркетингін жасаумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар

9.

Инновациялық және ғылыми техникалық қызметтер көрсететін жеке фирмалар

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық басқарудың негізгі мақсаты жаңа өнімдер жасап, оларды өндіріске ендіру болып табылады. Бұл агроөнеркәсіп өндірісін мамандандыру жөнінде көптеген міндеттерді нақтылауды, агроөнеркәсіп өндірісінде әртүрлі қызметтердің ауыл шаруашылық өндірістің тепе-теңдігін сақтауда, технология, ұйымдастыру, басқару және инновациялық басқару саласында мамандар даярлауда көптеген міндеттерді нақтылауды қажет ететін үрдіс.

Осылайша, аймақтық АӨК-дегі инновациялық үрдістің дамуы ғылыми-техникалық әрекеттердің жаңа технологиялар, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгерумен тығыз байланыста жүруін қамтамасыз ететін инвестициялық және инновациялық жайлы климат қалыптастыруға тәуелді. Аймақтық АӨК-нің ғылыми-техникалық кешенін басқару жүйесін инновацияны меңгерудің жаңа қағидаларына сүйеніп қайта құру инновациялық әрекеттердің де, агроөнеркәсіп өндірісінің де тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді [3].

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, дайындау кәсiпорындарының жұмыстарын жақсартып, одан әрi дамыту бағытында төмендегi iс-шаралар жүзеге асырылуы тиiс:

- маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақаралық өзара қатынастарды қалыптастыру;

- жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындарды техникалық қайта құру және жабдықтау үшiн лизинг жүйесiнің қорларын кеңiнен пайдалану;

- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi кәсiпорындарда қалдықсыз технологияларды қолдану;

- өңдеушi кәсiпорындарды шикiзат көзiне жақын ашу және дамыту;

- тоқтап тұрған ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындардың жұмысын қайта жандандыру үшiн инвестицияларды тарту, жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру мүмкiншiлiктерiн қарастыру;

- азық-түлiк, шикiзаттардың сапалылығы мен қауiпсiздiгiн бақылайтын нормативтiк-әдiстемелiк негізін құру.



Әдебиет:

1. Көпешев А. Ш. «Ауыл шаруашылық өндірісінде кәсіпкерлікті жетілдіру» //Халықаралық бизнес университетінің хабаршысы. – 2009ж., №5

2. Исабаева Е. И. «Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуы» //Алматы 2011 ж., №12

3. Сайлыбаева А.Б «Агроөнеркәсіп кешенін басқаруды жетілдіру үлгісі» //Альпари. - 2011 ж. - №4. 5-6 бет.


СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ИНВЕСТИЦИОННОГО

ПОТЕНЦИАЛА КАЗАХСТАНА

И ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ ИХ ЭФФЕКТИВНОСТИ
Кожахметова З.Ю.

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, г. Астана,

Республика Казахстан

E-mail: zarina2706@mail.ru

Проводимая в настоящее время инвестиционная политика характеризуется рядом положительных моментов, среди которых следует отметить сохранение в целом благоприятного инвестиционного климата для привлечения иностранных инвестиций, создание и развитие рынка ценных бумаг, формирование новых институциональных инвесторов, усиление роли банков в кредитовании экономики.

За последние годы в отечественной экономике, как и в других национальных экономиках, объем инвестиций в основной капитал сократился. Вследствие низкой инвестиционной активности основной капитал реального сектора экономики сильно устарел, происходит техническая деградация почти всех отраслей экономики. Практически все отрасли экономики сталкиваются сейчас с нехваткой инвестиционных ресурсов не только для расширенного воспроизводства, но даже для поддержания имеющегося производственного потенциала в рабочем состоянии.

Специфика ситуации заключается в том, что инвестиционный голод обусловлен не отсутствием ресурсов капитала, которые могут быть использованы для инвестиционных целей, а слабореализуемом имеющемся в стране потенциалом внутренних сбережений. По разным оценкам объем внутренних финансовых ресурсов, не задействованных в экономике, составляет от пяти до двенадцати процентов ВВП, что естественно определяет необходимость задействовать этот потенциал с целью снижения зависимости от конъюнктуры внешних рынков [1, c. 89].

Как известно, у Казахстана есть мощные источники доходов, которые могут быть направлены на инвестиции. Одним из них является дальнейшее становление и развитие РЦБ и других сегментов финансового рынка.

Коммерческие банки Казахстана пока не обладают возможностями в полном объеме участвовать в инвестиционном процессе из-за неразвитости фондового рынка. С другой стороны долгосрочные инвестиции затруднены недостаточным объемом «длинных» ресурсов. Кроме этого со стороны регулятора имеются ограничения по крупным кредитам и депозитам, адекватности собственного капитала. Инвестиционный портфель БВУ за 2010-2012 гг. рассматривается в таблице 1.
Таблица 1 - Структура инвестиционного портфеля БВУ, в % к итогу, 2010-2012 гг.


Финансовые инструменты

01.10.2010

01.10.2011

01.10.2012

Темп роста

ГЦБ РК

73,5

70,5

44,9

61,09

ЦБ международных финансовых организаций

2,5

2,8

2,4

96,00

ЦБ иностранных эмитентов

1,4

0,5

0,6

42,86

НЦБ эмитентов РК

16,3

20,1

46,9

287,73

НЦБ иностранных эмитентов

6,3

6,1

5,2

82,54

Итого

100

100

100

 

Источник: Составлено по данным АФН РК [2].
Значительную долю портфеля БВУ составляют государственные ценные бумаги РК – 44,9% или 834 897 млн. тенге. На долю негосударственных ценных бумаг эмитентов РК приходится 46,9%. Негосударственные ценные бумаги иностранных эмитентов составляют 5,2% совокупного портфеля, ценные бумаги иностранных государств – 0,6%. Наибольшее уменьшение наблюдается в доле ЦБ иностранных государств (-57,14)%.

Темпы роста различных финансовых инструментов в структуре инвестиционного портфеля БВУ представлены на Рисунке 4.


Рисунок 4 – Динамика структуры инвестиционного портфеля БВУ РК за 2010-2012 гг., %.


Источник: Составлено по данным АФН РК.
Как видно из диаграммы НЦБ РК составили наибольший темп роста, увеличившись на 187,73%. Удельный же вес ЦБ иностранных эмитентов сократился на 57,14%.

Появление на финансовом рынке новых институциональных инвесторов позволило институционализировать механизм мобилизации внутренних сбережений. Пенсионные и страховые фонды являются во многих странах источником инвестирования денег в производство, т.е. активно вовлекаются в воспроизводственный процесс. Аккумулированные средства населения через страховые компании и пенсионные фонды, в конечном счете, поступают в процесс воспроизводства. Поэтому страховой и пенсионный рынок, выступая, с одной стороны, рынками купли-продажи конкретных услуг, с другой стороны, должны быть на полном основании включены в структуру финансового рынка.

Создание пенсионных фондов как полноценных институциональных инвесторов должно было положить начало институту коллективного инвестирования в Казахстане. К сожалению, в настоящее время лишь незначительная часть пенсионных активов используется для инвестирования в производственный сектор экономики. Большая часть аккумулированных средств используется для финансирования дефицита бюджета путем вложения в государственные ценные бумаги. Подобная инвестиционная политика пенсионных фондов обусловлена и тесно связана с существующим уровнем развития казахстанского фондового рынка, не способного предложить равнозначные по доходности и надежности ценные бумаги.

Стабильность при отсутствии эффективности — так можно охарактеризовать инвестиционную деятельность НПФ за последние годы. Вот уже три года структура инвестиционного портфеля НПФ не меняется существенным образом. Главная роль в ней отведена ГЦБ, доля которых не опускается ниже 40% (структура совокупного инвестиционного портфеля НПФ за последние 3 года представлена в таблице 2). И хотя норма по обязательному инвестированию в ГЦБ составляет 20%, значительный размер пенсионных активов в условиях ограниченного объема инструментов и существующий подход к регулированию НПФ стимулируют фонды к вложению в низкодоходные и не отличающиеся высокой ликвидностью государственные бумаги [3].


Таблица 2 - Совокупный инвестиционный портфель НПФ, 2010-2012 гг.

Финансовые инструменты

2010

2011

2012

Темп роста

ГЦБ РК

47,01

41,84

49,73

105,79

НЦБ иностранных эмитентов

8,33

5,81

5,3

63,63

ЦБ международных финансовых организаций

2,13

3,65

2,08

97,65

ЦБ иностранных эмитентов

1,18

4,84

2,4

203,39

Аффилированное золото

1,33

5,06

3,61

271,43

НЦБ эмитентов РК

33,16

27,66

25,74

77,62

Вклады в НБРК и в БВУ

5,61

7,6

9,79

174,51

Производные ЦБ

-0,03

-0,03

0

0,00

Средства на инвест.счетепр.активы

1,25

3,56

7,28

582,40

Итого

99,97

99,99

105,93

105,96


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет