Рецепт құрылымы және рецепт жазу қағидалары Рецепт (Receptum)



бет3/4
Дата04.12.2023
өлшемі28.93 Kb.
#485413
1   2   3   4
Рецепт құрылымы және рецепт жазу қағидалары

Recipe: Solutionis Gentamycini sulfatis 4 % – 2 ml
Da tales doses numero 10 in ampullis
Signa: 2 мл бұлшықет ішіне
Күрделі құрамы бар коммерциялық дәрілік заттар атауы қысқартып жазылуда дәрілік атау тырнақшаға алынып, жеке түрдегі атау септігінде жазылады.
Мысалы:
Recipe: Tabulettas “Quamatel” numero 28
Da. Signa:Күніне 1 таблеткадан 2 рет.
 

  1. Толық жазу тәртібінде басында дәрілік зат құрамына кірген бөліктер аталып,содан кейін дәрілік пішін көрсетіледі.

Мысалы:
Recipe: Extracti Belladonnae 0,015
Olei Cacao quantum satis
Misce, ut fiat suppositorium rectale
Da tales doses numero 10
Signa:Тік ішекке 1 балауыздан
 
Рецепт жазудағы талаптар

  1. Рецепт бланкадағы қарастырылған барлық бөліктер міндетті толтырылады, сия немесе қаламмен анық және түсінікті жазылады.Рецепте қателерді түзетуге болмайды.

  2. Дәрі-дәрмектің құрамы, дәрілік пішіннің белгілеуі және дәрі-дәрмекті жасау мен беру жайында фармацевтке дәрігердің тапсырмалары латын тілінде жазылады. Осы белгілеулердің латын тіліндегі қысқартулары медициналық және фармацевтикалық практикада қолданылу тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі. Нақты қандай дәрілік зат жазылғаны айқын емес, бір-біріне жақын,ұқсас ингредиенттерді қысқартуға болмайды.

  3. Мөлшері,жиілігі, уақыты және қабылдау ұзақтығы көрсетіліп дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері қазақ (орыс) не ұлттық тілде белгіленеді. «Ішкі », «белгілі» және осы тәрізді тағы басқа жалпы нұсқауларды қолдануға болмайды.

  4. Науқасқа дәріні жедел беру кезінде рецептуралық бланктың үстіңгі бөлігінде «cito» (тез!) немесе «statim” (жедел!) деген белгі қойылады.

  5. Рецепт жазуда сұйық зат мөлшері миллилитрмен (Мысалы: 0,1 ml; 1 ml; 5 ml; 20 ml және т.б.), граммен немесе тамшымен (тамшылар рим санымен белгіленеді) көрсетіледі,ал қатты және сусымалы заттар-граммдарда (мысалға: 0,001; 0,05;, 0,3; 1,0; 10,0 және т.с.с.) белгіленеді.


Жалпы рецептура – дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі.
Дәрілік түр – қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады.
Консистенциясына қарай: • Қатты • Жұмсақ • Сұйық
Дәрі-дәрмек – фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы.
Дәрілік зат – дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс.
Дәрілік шикізат -өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет