- Рецепт жазғанда белгілі келесі талаптарды, ережелерді орындау керек:а) Әр заттың аты жаңа жолдан және бас әріппен жазылады.Дәрілік заттар, құралдар, және өсімдіктер атаулары бас әріппен жолдың ортасында жазылады. Оң жағынан саны белгіленеді. Мысалы: Recipe: Tincturae Valerianаe 10 ml Tincturae Convallariae 15 mlб) Әр заттың аты ілік септігінде тұрады (Genetivus),өйткені ол грамматика жағынан мөлшердің (саны ) белгілеуіне байланысты. Мөлшерді белгілейтін қалыптасқан сөз табыс септікте (Accussativus) тұрады ,яғни ол recipe – ал етістіктің тура толықтауыш қызметін атқарады.
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері - Дайын дәрілік заттардың (таблеткалар, балауыздар) мөлшері стандарттық болып келсе көрсетілмеуі мүмкін. Бірақ рецепте дәрілік пішіннің аты көпше түрінің табыс септігінде (Acc.Pl) тұрады.Мысалы: Ал (нені?) «Пентальгин» таблеткаларды 20 санымен.
Recipe: Tabulettas «Pentalginum» numero 20 Осыған ұқсас мөлшері көрсетілген бір ингредиентпен таблеткалар жазылуы мүмкін. Ал: Бромкамфора таблеткаларды 0,25 20 санымен . Recipe: Tabulettas Bromcamphorae 0,25 numero 20.
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Рецептің жазылуы қысқартылған және толық жазу болып бөлінеді. Қысқартып жазған түрінде басында дәрілік пішін көрсетеді ,кейін дәрілік заттардың аталуы, оның концентратын және мөлшерін жазады. Ережеге сай қысқартып жазған түріне ресми дәрілік заттар жазылады.Коммерциялық дәрілерді жазу тәртібі осы қалыпта жазылады.Ресми дәрілік заттар атауы қысқартылып жазылуда жеке түріндегі ілік септігіне қойылады. Мысалы:
Recipe: Solutionis Gentamycini sulfatis 4 % – 2 ml
Da tales doses numero 10 in ampullis
Signa: 2 мл бұлшықет ішіне
Күрделі құрамы бар коммерциялық дәрілік заттар атауы қысқартып жазылуда дәрілік атау тырнақшаға алынып, жеке түрдегі атау септігінде жазылады.
- Толық жазу тәртібінде басында дәрілік зат құрамына кірген бөліктер аталып,содан кейін дәрілік пішін көрсетіледі.Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |