Recipe: Extracti Belladonnae 0,015 Olei Cacao quantum satis Misce, ut fiat suppositorium rectale Da tales doses numero 10 Signa:Тік ішекке 1 балауыздан - Рецепт бланкадағы қарастырылған барлық бөліктер міндетті толтырылады, сия немесе қаламмен анық және түсінікті жазылады.Рецепте қателерді түзетуге болмайды.Дәрі-дәрмектің құрамы, дәрілік пішіннің белгілеуі және дәрі-дәрмекті жасау мен беру жайында фармацевтке дәрігердің тапсырмалары латын тілінде жазылады. Осы белгілеулердің латын тіліндегі қысқартулары медициналық және фармацевтикалық практикада қолданылу тәртібіне сәйкес рұқсат етіледі. Нақты қандай дәрілік зат жазылғаны айқын емес, бір-біріне жақын,ұқсас ингредиенттерді қысқартуға болмайды.Мөлшері,жиілігі, уақыты және қабылдау ұзақтығы көрсетіліп дәрі-дәрмектің қолдану тәсілдері қазақ (орыс) не ұлттық тілде белгіленеді. «Ішкі », «белгілі» және осы тәрізді тағы басқа жалпы нұсқауларды қолдануға болмайды.Науқасқа дәріні жедел беру кезінде рецептуралық бланктың үстіңгі бөлігінде «cito» (тез!) немесе «statim” (жедел!) деген белгі қойылады.Рецепт жазуда сұйық зат мөлшері миллилитрмен (Мысалы: 0,1 ml; 1 ml; 5 ml; 20 ml және т.б.), граммен немесе тамшымен (тамшылар рим санымен белгіленеді) көрсетіледі,ал қатты және сусымалы заттар-граммдарда (мысалға: 0,001; 0,05;, 0,3; 1,0; 10,0 және т.с.с.) белгіленеді.
Қазіргі таңдағы рецепт түрлері - 1) Орманов Н.Ж. Жалпы рецептура. Жалпырецептура: оқу құралы- Алматы: Эверо, 2012- 102 бет.
- 2) Орманов Н.Ж. Фармакология кесте менсызбада: оқу-әдістемелік құралы- ОҚМФААлматы: Эверо, 2011.-368 бет
- 3) Орманов Н.Ж. Фармакология. 1-кітап оқулық: Алматы: Эверо, 2013-656 бет.
- 4) Интернет желісі wikipedia.kz.
- 5) Интернет желісі (суреттер)
13
Достарыңызбен бөлісу: |