Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады: - Рецепт құрылымы 9 бөлімнен тұрады:
Inscriptio I-емдеу мекемесінің аталымы (мөрі) және коды. Inscriptio II –рецепт жазудың мерзімі (күні,айы,жылы). Nomen aegroti- науқастың аты-жөні. Nomen medici- дәрігердің аты-жөні. Invocatio- дәрігердің Recipe (ал) сөзімен дәріханаға жолдаған жазбаша ұйғарымы. Designatio materiarum- рецептуралық жазылым, дәрі дәрмектің аты, берілу саны. Бұл рецептің негізгілігі және латын тілінде жазылады. Subscriptio-дәрілік пішіндердің атауы (май,ұнтақ және т.б.) немесе фармацевтке басқа тапсырманың берілуі. Signatura- белгілеу, яғни ауруға түсінікті тілде дәріні қалай қабылдау туралы нұсқау. Nomen medici-дәрігердің мөрмен куәландырылған қолы.Осы міндетті жазылатын 9 бөліктің ішінен 5,6 және 7-бөліктер және 8-бөліктің алғашқы сөзі латын тілінде жазылады.
Жалпы рецептура
Қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлер - Қатты және сусымалы заттар граммен көрсетіліп , араб сандарымен жазылады, ал сұйық заттар миллилитр (араб санымен), тамшылармен (рим санымен) белгіленеді.Егер екі немесе бірнеше дәрілік заттар бірдей мөлшерде жазылып берсе, санын тек бір рет қана көрсетеді-соңғы зат атауынан кейін, бірақ санның алдында шартты қысқарту аа (ana – бірдей) жазылады ;г) Граммдар және оның бөлшектері араб санымен ондық бөлшектер түрінде белгіленеді; мысалы : 3,0 ; 0,3 ; 0,03 және т.б; тамшылар рим санымен , олар «тамшы» (табыс септікте ) деген сөзден кейін тұрады : guttas I, guttas II, guttas III және т.б.д)Іс- әрекет, белсенділіктің биологиялық өлшемінде (қысқ ЕД ) дозаланған дәрілік заттарды жазғанда сандары ондық, жүздік, мыңдық, миллиондық араб санымен белгіленеді.
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері - Дәрілік заттардың белгісі және олардың саны (жазбаша) -рецептің латын бөлігі Rр.: (Recipe:-Ал) міндетті шартты қысқартумен басталады.Бұл «recipere-алу» (осы етістіктен шыққан «receptum» — сөзбе-сөз «алынған» деп аударылады) етістігінің бұйрық рай тұлғасы.Кейін дәрі-дәрмектің жасалуына қажетті дәрілік заттардың аты және олардың саны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |