НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1Малды сою және ұшаны бөлу цехы
Ет өнеркәсіп кәсіпорындарында малды автокөлікпен, темір жолдармен, кебір жағдайларда малды айдап алып келеді.Сойяр алдында малдарды бірінші өңдеуде ет ұшасын және ұшадан тағамдық,емдік, техникалық өнімдер жасау және алу үшін түседі. Сонымен қатар санитарлы-гииеналық, ішкі мүшелер мен ұшаларға ветеринарлық-санитарлық тексеруді өткізіп, тағамдық мақсатта қолдануға осы талаптарды сақтау керек.Ұшаларды өңдеу конвейерлі желілерде, арнайыланған мал түріне (ІҚМ, ұсақ мал, шошқа) аспалы желі немесе екі және үш малдың түріне байланысты әмбебап конвейерлер қолданылады.
Малды сою және ұшаны бөлу цехындағы технологиялық үрдістерді келесідей реттейді:
жансыздандыру;
қансыздандыру және тағамдық қан жинау;
ұшаны іреу;
теріні сыпыру;
ішкі мүшелерін алу;
ұшаны жартылай бөлікке бөлу, аралау;
ұшаны тазалау және сапасын анықтау;
массасы және ұшаның семіздігін анықтау.
1.2.Жансыздандыру.
Малды сою алдындағы жансыздандыру негізгі операциялардың бірі болып табылады. Оның мақсаты малды ілмелі конвейерге жіберу алдындағы малдың сезімталдығын жою. Жансыздандырудың түрлері: электр тоғымен, көмір қышқыл газ әсерімен және миларына механикалық әсер ету арқылы (балғамен немесе өткір пышақпен). Естен тандыру кезінде малдардың жүрегі тоқтап қалмауы тиіс, өйткені қанның шығуы төмендейді, ал ет тез ұзылады. ІҚМ-ды жансыздандырудың негізгі үш түрі бар:
1.Малдың жауырын тұсынан электр күшін беру арқылы жүргізіледі. Электр тоқ күші 125-200 В. Тоқ күші 1А, ұзақтығы 6-15 сек. Өгіз малына 15-30 секунд қажет етеді. Бұл жолды пайдалануда малдың өліп кетпеу жолы жақсы сақталады. Бірақ малдың аяғы дірілдеп, қайырылады. Бұл жұмысшыларға өте қауіпті.
2.Электр күшінің контактысы өткір валька тәріздес темір арқылы жүргізіледі. Темірді жауырын тұсынан терісін тесе отырып кіргізеді және металдық плитаны малдың алдыңғы аяғымен басып соңғы аяғы резиналы плитағ тиеді. Электр күші 70-120 В, ток күші 1-1,5А ұзақтығы 6-15 секунд.
3.Бұл еденге орналасқан үш фазалық тоқ жүргізілген плита арқылы өтеді. Жансызданған мал бокстан еденге түседі. Цепке ілініп конвейер арқылы кетеді. Ұзақтығы 6-15 секунд, электр күші 70-120В, тоқ күші 1-1,5 А.
Ірі қара малды сою мен ұшаны алғаш өңдеуден өткізу технологиясы
1-сурет
1-санитарлық тазалаудан өту жолы; 2- есеңгірету; 3 – мал қанын ағызу;
4 – терісін сыпыру; 5 - іш құрылысынан ажырату және ұшаны тазалау;
6 - ұшаны екіге бөлу; 7 - ұшаны ветеринарлық сараптаудан өткізу;
8 - уақытша салқындатқышта жетілдіру; 9 - Мұздатқышта сақтау
Достарыңызбен бөлісу: |