Реферат «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі негіздері»


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті



бет5/7
Дата10.02.2022
өлшемі57.39 Kb.
#455254
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Абдалов СРС (реферат)

2.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс іс-шаралары республикалық және аумақтық деңгейде, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдарда объективті деңгейде ұйымдастырылады және орындалады.

Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.

Уәкілетті орган басшысы лауазымы бойынша Қазакстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді.

Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бірінші басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөліктерінде Азаматтық қорғанысқа басшылықты әкімдер жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліктердің Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліктердегі Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

Азаматтық корғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету:

1) Азаматтьщ корғаныс саласындағы (ҚР төтенше жағдайлар комитеті) уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарындағы Азаматтық; қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;


3) Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда Азаматтык қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыс-керлерге жүктеледі.

Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбіт уақытта және соғыс уақытында апаттық құтқару жұмыстары мен жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Азаматтық қорғаныс құрамалары облыстық, қалалық, аудандық орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.

Азаматтық қорғаныс құрамалары бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен соғыс уақытында жқмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет