7. Таяқты алақанға шыншыған сияқты тігінен ұстап, еденге сызылған сызықтың бойымен
немесе гимнастикалық оырндық үстімен жүру.
8. Таяқты алақанға
шаншыған сияқты тігінен ұстап, орындыққа отыру және қайта тұру.
9. Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, 5-10 адым алға қарай жүру.
10. Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, оны құлатпай тұру
және қайтадан тізерлеп тұру қалпына келу.
Секіртпе және қысқа жіппен секіру жаттығулары
1. Секіре жүріп, екі аяқты бір-бірінен бірте-бірте алшақтатып және қайта жақындату;
2. Осылайша секіруді бір аяқты алға, екінші аяқты артқа қою арқылы орындау;
3. Бір аяқты алға және артқа қарай сермеп тұрып, екінші
аяқпен секіру;
4. Бір аяқты сыртқа, ішке және алға сілтей жүріп екінші аяқпен секіру;
5. Секіруді қолды жоғары көтеріп және жоғарыда шапалақтау арқылы орындау;
6. Екі аяқты бірге ұстап, бұрыла секіру;
7. Бір аяқты алға тізеден бүгіп ұстап, екінші аяқпен секіру және алға қарай созылған
аяқпен астынан әрбір екінші сан айтылу кезінде қолды шапалақтау;
8. Секіртпенің екі ұшын бір қолмен қосып ұстап, горизонталь бағытта бастың үстінде
айналдырып тұрып тізерлеп отыру және қайтадан тұру;
9. Сызықты басып тұрып, жіпті сол жақта және оң жақта тепе-теңдікті сақтап айналдыру;
10. Секіртпені екі бүктеп, тұйықталған ұшы еденге тиіп жататындай етіп ұстап, пайда
болған тұзақтан алдымен бір аяқты, содан кейін бүкіл денені өткізу;
11. Екі бүктелген секіртпенің ұштарынан екі қолмен ұстап, одан секіріп өту;
12. Екі бірге ұстап, әрбір екінші саннан кейін секіртпе аяқтың астынан өткізіп секіру.
Тепе- теңдікті сақтау жаттығулары
1. Екі оқушы «қыл көпір» үстінде қарама-қарсы келе жатыпа екеуі де құлап қалмай
өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң
аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып, оңға айнала бұрылып, сол
аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете береді;
2. Бір аяқты алға созып тұрып, екінші аяқпен оытрып, тұру; бөрененің үстінде жүре
отыру;
3. «Қарлығаш бейнесін жасап» 2-3 рет айналу жаттығуларын орындау;
4. Бөрененің үстінде тізені бүге басып жүру;
5. Бөрененің үстінде тіркеме адыммен жүгіру;
6. Теріс қарап жүру;
7. Тіркеме адыммен жүгіріп келіп, жерге секіріп түсу.