Реферат "Жеңіл атлетика"


 Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата12.09.2023
өлшемі254.01 Kb.
#477243
түріРеферат
1   2   3   4   5
stud.kz-31819

4. Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережесі
Жеңіл атлетика сабағында жаттығуды оырндау барысында жарақат алатын жағдайлар 
өте көп. Сондықтан студенттер сабақ үстінде және өз бетінше шұғылданған кезде осы 
көрсетілген ережені мұқият оырндауға міндетті.
1. Қысқа қашықтықта тек өз жолымен жүгіруі керек;
2. Төменгі сөреден шыққанда басқаға тиіп кетпеу;
3. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтап қалуға болмайды;
4. Жалпы жеңіл атлетикамен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқ-киім киіледі;
5. Ұзындыққа, биіктікке секіретін жердегі шұңқырдағы құмды немесе үгіндісін қопсытып 
алу;


6. Спорт құралдарын лақтыру бағытында тұруға болмайды;
7. Балғаны темір тормен қоршаулы арнаулы орыннан ғана лақтырады. Темір тормен 
қоршалған сөре орны болмаса, балғаны лақтыруға болмайды;
8. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды. Ядроны лақтырған кезде оның жерге түсіп 
кетуінен сақтану керек;
9. Сабақ жүріп жатқанда жүгіретін, секіретін, лақтыратын алаңдарды кесіп өтуге 
болмайды;
10. Лақтыратын адамның оң жағында тұруға болмайды. Оның артында тұру керек. Спорт 
құралын рұқсатсыз алуға болмайды;
11. Жауынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият құрғатып, сүртіп алып отыру
керек;
12. Тырма ме күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды;
13. Сабақ барысында жаттығудың қандайы болсын, тек мұғалімнің ғана нұсқауымен 
орындалады;
14. Жарыс жолында бара жатқанда бір-біріне кедергі жасауға болмайды;
15. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде жол бойында өзара сөйлесуге болмайды.
5.Жеңіл атлеттер

Әмен Елемесұлы Тұяқов
Әмен Елемесұлы Тұяқов
(12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау 
ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген
спорт
шебері (1965), 
ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының 
физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік 
университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан 
чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. 
КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден
күміс
(1965, 1967),
қола
(1962, 1964) және 200 
м-ге жүгіруден
алтын
(1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар 
жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 
1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері 
(1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. 
КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, 
Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы 
матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды Знаменскийлерді еске алуға арналған 
халықаралық турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, 
Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған 
халықаралық жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің
чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов 
атындағы мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан 
құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен 
марапатталған (1965).



Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы
Қосанов Ғұсман
- КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ 
желаяқ.1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. 
Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы(25.5.1935, 
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай
ауданы 
Изатулла
аулында – 13.6.1990,
 Алматы
) – жеңіл атлетикадан 
КСРО-ның
 еңбек 
сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 
4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері 
(
Рим
, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы 
(Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (
Днепропетровск
,
1966),
 КСРО

АҚШ
матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (
Киев
,
1965) болды.
1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек 
сіңірген бапкері атағына ие болды. 
Еңбек Қызыл Ту орденімен
, медальдармен 
марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты
халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов 
Лос-Анджелес
қаласында 
АҚШ
пен 
КСРО
арасында өткен «Гиганттар 
додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін 
тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-
ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні 
құлағымның түбінен шықты. Ілки ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін 
кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым.
Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм 
өкінішін осылай жеткізеді...

Ольга Васильевна Шишигина
Шишигина Ольга Васильевна (
1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан
) - қазақстандық 
жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (
2000
), Қазақстанның еңбек 
сіңірген спорт шебері.
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында 
туылған.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері 
шұғылданады.
1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.
1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше 
дүркін жүлделерге ие болған.


1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген 
(Донецк қаласы).
1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт 
шебері нормативін орындаған.
1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, 
осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы 
берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем 
чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен 
(Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 
жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені 
иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың 
мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының 
меңгерушісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет