7.Қорытынды
Жеңіл атлетика халықты дене шынықтыруға тәрбиелеудің басты құралы болып
табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальды негізі болып табылады, ал
лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар
көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функциональдық
дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады.
Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін,
күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай
жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге
үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға
дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын
жетілдіргенде нәтижесі жақсарады.
Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік,
төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының
молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ
бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді. Осы жаттығуларды дене шынықтыру
дайындығы сабақтарында жүйелі қолдану моральді ерік жігер қасиеттерінің дамуына
септігін тигізеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады.
Жеңіл атлетикамен шұғылдану кезінде жас , жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – жеңіл
атлетикамен айналысу тәртібін сақтау , яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп
арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен
формаларды кешенді түрде пайдалану .