Реферат жеңіл өнеркәсіпті техникалық реттеудің негізгі аспектілері Дайындаған: Баспақова Аружан Тексерген: Онлабекова А


Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеу жүйесінің ережелері



бет3/5
Дата07.12.2022
өлшемі29.74 Kb.
#466701
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жеңіл өнеркәсіпті техникалық реттеудің негізгі аспектілері МӨЖ Ару (1)

2.2 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеу жүйесінің ережелері
Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1)мiндеттi регламенттеу саласында:
- өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
-саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
2) стандарттау саласында:
- отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;
- табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
Техникалық реттеу ол мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы болып табылады.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құрудың негізгі мақсаты халықаралық тәжірибеге өту және Дүниежүзілік сауда ұйымының техникалық реттеу ережелерін енгізу.Ол үшін мына мәселелерді шешу қажет:
- шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- мемлекеттік кәсіпкерлердің жұмысына араласу деңгейін төмендету;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою және Қазақстан аумағында, халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жағдай жасау;
- өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- еліміздің экономикалық, әскери, индустриалдық потенциалын нығайту;
- тұтынушыны алданудан сақтау;
- дайындаушылардың және сатушылардың тарататын өнімдерінің сапа деңгейіне жауапкершілігін күшейту;
- өнім дайындаушыларға сенімділікті қамтамасыз ететін кешенді шараларды анықтау және енгізу;
- ведомстволық мүддені болдырмау.
Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге негізделуі қажет:
1)техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
2)өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;
3)халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарымен үйлестіруге;
4)елдің экономикасының, материалдық-техникалық базасының, жағдайының және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
5)тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін енгізу екі деңгейдегі заңдар мен нормативтік құжаттар тобын құруға мүмкіндік береді:
1. жоғарғы деңгей - техникалық регламент;
2.төменгі деңгей — халықаралық талаптармен және нормалармен үйлестірілген ерікті стандарттар. Бұл стандарттар өндірушілерге техникалық регламенттердідұрыс түсінуге және орындауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге тиіс.
Техникалық регламенттердің мазмұны. Техникалық регламенттер зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптарды белгілейді. Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық қамтылған тізбесі;
2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиіс.
Техникалық регламенттерде өнімнің сынамаларын іріктеу және оны сынақтан өткізу ережелері, сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және (немесе) терминологияға,
буып-түюге, таңбалауға немесе зат белгі жапсыруға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін. Өнеркәсіп салаларында техника мен технологияны ұзақ пайдаланған кезде жол берілетін қауіп-қатер деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты зиян келтіруі мүмкін өнімге қойылатын талаптарды айқындау мүмкін болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнімнің ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиіс. Техникалық регламенттерде зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, техникалық реттеу объектілеріне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, бала емізетін аналарды, мүгедектерді) қорғауды қамтамасыз ететін;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшеліктерге байланысты техникалық регламенттерде айқындалған талаптар міндетті регламенттеу саласындадағы :
- өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс- әрекеттердің алдын алу; - саудадағы техникалық кедергілерді жою сияқты көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік- аумақтық бірліктерінде қолданылатын;
3) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адам өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына қауіп төндіретін трансшекаралық қауіпті өндірістік объектілерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкін.
Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшін жою ерекшеліктері Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды өздерінің құзыретіне міндетті қағидалармен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға береді.
Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері алғаш рет 1993 жылы қабылданған "Cтандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленді. 1999 жылы "стандарттау және сертификаттау туралы" Заң Қазақстанның дамуын және нарықтық реформаларды жүргізуді ескере отырып қайта қаралды және 2003 жылғы 10 Маусымда елеулі түрде өзгертілген және толықтырылған "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.
2004 жылғы қарашада "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес кейбір баптарды қоспағанда (уақытша қолданылады) "Стандарттау туралы" Заң өз күшін жоғалтты. Бұл заң өнімге, қызметке, өнімнің өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Техникалық реттеу объектілері өнім, қызмет, процестер болып табылады. Техникалық реттеу субъектілері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығына ие мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет