ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге тиіс.
Мемлекеттік реттеу саласындағы құрылым, жұмысты ұйымдастыру тәртібі, құқықтық және нормативтік базасы халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестірілуі керек. Шетелдерде өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі, ал мемлекет ұлттық мүддеге және қауіпсіздік шеңберіне енетін жағдайларды ғана бақылауға алады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпкерлердің жұмысына араласуын шектеуі керек, ал бақылауды тек қана техникалық регламенттерде келтірілген міндетті талаптарға қатысты жүргізу және өнімді бақылауды көбіне оларды өткізу кезінде жүргізу керек
Техникалық реттеу мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi және оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Техникалық реттеуде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
Жеңіл өнеркәсіп саласында қолданылатын техникалық құрылғылар құрамына кіретін ілмектерді, бөлшектерді, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға рұқсат беру талап етілмейді.Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi пайдаланған кезде және орындарда қауiпсiздiк және еңбектi қорғау ережелерiн сақтаған кезде қоршаған ортаға улы және адамдардың денсаулығына зиянды заттарды бөлмеуге тиiс.
Өнеркәсіп салаларында техника мен технологияны ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
2014 жылы 13 қараша «Казақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп Бүкіләлемдік сапа күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде техникалық реттеу және метрологияның өзекті мәселелері қарастырылды. Соның ішінде Қазақстан Республикасындағы Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын жасау бағдарламасы арқылы ҚР ИИДМБ 2015-2019 жылдарға арналған өнім сату мәселелері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |