Реферат «Қоғамның әлеуметтік құрылымы»


Қоғамның әлеуметтік құрылымы



бет2/6
Дата24.03.2023
өлшемі51.73 Kb.
#471051
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Реферат «?о?амны? ?леуметтік ??рылымы»

Қоғамның әлеуметтік құрылымы
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды.
Біздің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп,
дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б
1.Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы. Әлеуметтік топ үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топқа таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады. Орта топтарды белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар құраса, шағын топтарды өзара тығыз байланыстағы, жүздес, таныс, туыс адамдар құрайды. Топтық құрылымның негізгі екі түрін анықтауға болады. 1) ресми топ мүшелерінің саны мен арақатынастарына олардың арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты анықталатын құрылым, 2) бейресми топ- адамдардың өзара қарым-қатынастарында табиғи түрде, рухани-психологиялық үйлесімдіктер негізінде қалыптасатын құрылымдар. Топтың іс-әрекетін ұйымдастыратын ресми құрылым, бір жағынан, топ мүшелерінің басшылыққа алуға тиісті бұрыннан немесе жоғарыдан бекітілген ережелердің, бұйрықтардың, жиынтығы болса, екінші жағынан, топтың мүшелерінің өз еріктерімен қабылдаған шарттары, талаптары да болуы мүмкін.
Шағын топтардың 8 түрі бар. Олар.
1)диффуздық немесе атаулық топтар-белгілі бір уақытша мақстаттық негізінде құрылған топтар. Мыс, алыс жолға бірге шыққан бір купедегі, автобустағы жолаушылар
2)ассоциациялық немесе уақытша тұрақты топтар-ортақ істіжүзеге асыру үшін жиналған топтар. Мыс, қысқа мерзімге жалданып жұмыс істейтін топ.
3)Корпорациялық топтар-әрқайсысы өз мақсатын басқаларсыз орындай алмайтын, бірақ бір-біріне ешқандай сыйластығы, іштей тілектестігі жоқ адамдардан құралған топтар.
4)Автономиялық топ-ресми құрылымның негізінде ұзақ уақыт бірге тұрақты жұмыс істейтіндердің топтары.
5)Гиперавтономиялы топ-қоғамнан ұзақ уақыт тәуелсіз өмір сүре алатын топ. Мыс, туристік, экспедициялық топтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет