Реферат «Қоғамның әлеуметтік құрылымы»


Әлеуметтік стратификация жөніндегі концепциялар



бет5/6
Дата24.03.2023
өлшемі51.73 Kb.
#471051
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Реферат «?о?амны? ?леуметтік ??рылымы»

3. Әлеуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.
ХХ ғ. Социологиясының негізін салушылардың бірі, ірі ғалым Ресейде, АҚШ-та өмірін өткізген П.Сорокин болды. Ол қазіргі кезеңдегі әлеуметтік стратификация деп аталатын теорияның негізін салушы деуге болады. П.Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз-адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. Топтарды жоғары, орта немесе төмен деңгейлерге бөлу стратификацияның негізгі талабы.
П.Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды. Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық стратификацияның негізі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізі мәртебелі, не мәртебесіз еңбек, мәртебелі болашағы бар немесе болашағы жоқ, не болашағы аз мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П.Сорокин қоғамның экономикалық стусындағы екі өзгеріске тоқталды. Олардың бірі, экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономикалық көтерілу, не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді, яғни экономикалық стратификациялауды П.Сорокин флуктация деген терминмен берген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалық статустарының өзгерістері. Бірақ та флуктация дегеніміз заңдылық емес, бақытсыз өзгерістер. Елдердің материалдық тұрмысы, табысы, байлығы өзгеріп отырады, яғни флуктацияға ұшырайды. Ұлттың, отбасының нақтылы елдің дамуына ешқандай да заңдылық жоқ, тек флуктация орын алады. Олардың дамуына тек қана прогреске, баюға, не болмаса кері кетуге, кедейшілікке алынған заңдылық, бағыт орын алады деп айтуға ешқандай негіз жоқ екенін П.Сорокин көрсетеді.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан. Ал осы процесс бәсең болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П. Сорокиннің осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және жабық қоғам деген идеологияны әрі қарай дамытуда. Жалпы П.Сорокиннің көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбінде жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейтеді. Төменгі страталардың жоғары қарай көтерілуіне жол ашылуы қажет. Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың , топтардың төмен қарай құлай түсуін әбден қажетті деп түсіну қажет.

  1. Батыс елдеріндегі әлеуметтік стратификация теориясымен айналысатын социологтардың тізімі өте үлкен. Олар: Т.Парсонс, Б.Барбер,У.Уорнер, М.Липсет, К.Дэвис, У.Мур, Э.Гидденс, А.Бурдье, Р.Дарендорф т.б.

Бұл социологтар әлеуметтік стратификация социологиясының негізін қалаушылар. Бірақ олардың теориялық, ғылыми тұжырымдары, ойлары біріне-бірі сәйкес келмейді. Олардың әрқайсысының өзіндік көзқарасы, өзіндік ғылыми бағыты бар. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы Т.Парсонс, американдық социолог, П.Сорокиннің шәкірті Т.Парсонс теориясы бойынша адамзат тарихында 3 типтік қоғамдар болған екен.

  1. қарапайым; 2. өтпелі қоғам; 3. Қазіргі қоғам.

Қарапайым қоғамда әлеуметтік топтарға бөліну, дифференсациялық процесс өте бәсең. Сондықтан бұл қоғамда әлеуметтік стратификация төменгі дәрежеде өтеді. Ал аралық қоғамда әлеуметтік стратификация көлемді орын алады. Қазіргі қоғам-өте терең стратификацияланған қоғам. Адамдарды страталарға, топтарға бөлетін белгілерді Т.Парсонс 3-ке бөледі.
1-ші топқа жататын белгілер: адамдардың өзіне байланысты емес, олар табиғи белгілер (адамдардың жасы, жынысы, ұлты т.б)
2-ші топқа жататын белгілер-бұл адамдардың өзіне байланысты, мыс, инженер, дәрігер, оқытушы, артист, бизнесмен т.б. мамандықтар бойынша адамдардың топтарға бөлінуі. Осындай бөлінуді П.Сорокин мен Т.Парсонс кәсіби стратификация деп атаған.
3-ші топқа-меншік,материалдық және рухани құндылықтар.
Американдық социолог Б.Барбер-әлеуметтік стратификация мәселесін көне қоғамнан осы кезеңге дейін тарихи тұрғыда зерттеген. Қазіргі Батыс елдеріндегі стратификацияны 6 өлшем арқылы анықтауға болады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет