Реферат «Қоғамның әлеуметтік құрылымы»



бет3/6
Дата24.03.2023
өлшемі51.73 Kb.
#471051
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Реферат «?о?амны? ?леуметтік ??рылымы»

6)Кооперация-ресми және бейресми құрылымдары қалыптасқан саны жағынан қоғамда ең көп тараған топтар.
7)Ұжым- қоғамдық имандылық және адамгершілік тұрғыдан алғанда сапасы жоғары әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасқан топ.
8)Сығымдалған топ-саны жағынан аз, бірақ өзара үйлесімділігі өте жоғары топтар.
Қазіргі социологияда көбірек көңіл әлеуметтік стратификация деген ұғымға бөлінеді. Әлеуметтік стратификация деген теорияның негізгі ұғымы “страта”. Страта дегеніміз социологияға геология ғылымынан енген термин. Осы ғылымда жердің қыртысы, қабаты деген мағынаны береді. Социологтар бұл ұғым арқылы қоғамдағы әлеуметтік топтарды белгілейді. Бірақ та страта тап болмайды. Нақты әлеуметтік құрылым қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады.
Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты қабаттарға бөлінуін-әлеуметтік стратификация деп атаймыз.
Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. ХІХ ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым-қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маңыздысы-таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілі, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылды. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздіксіз жүріп отырды. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі., жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет