Реферат «Қоғамның әлеуметтік құрылымы»


Кәсіби мамандық 2. Билік 3. Кіріс 4. Білім деңгейі 5. Діни өмір 6. Туысқандық және ұлттық топтарға бөлу



бет6/6
Дата24.03.2023
өлшемі51.73 Kb.
#471051
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Реферат «?о?амны? ?леуметтік ??рылымы»

1. Кәсіби мамандық 2. Билік 3. Кіріс 4. Білім деңгейі 5. Діни өмір 6. Туысқандық және ұлттық топтарға бөлу.
Ағылшын социологы Э.Гидденс өзінің еңбегінде стратификациялаудың 4 негізгі жүйесі бар екендігін көрсетеді. Олар сословиелік таптық жүйелер. Э.Гидденстің айтуы бойынша стратификация дегеніміз құрылымы бар теңсіздік. Қоғам дегеніміз- олардың айтуы бойынша иерархиялық формада құрылған страталардың жиынтығы.
Американдық социологтар К.Дэвис және У.Мур өздерінің “Әлеуметтік стратификацияның кейбір принцптері” Деген еңбегінде әлеуметтік стратификация теориясының негізгі мазмұнын жариялады. Стратификация дегеніміз –материалдық байлықты, билікті әлеуметтік позицияны тең түрде пайдалануға мүмкіндіктің жоқ екендігі. К.Дэвис пен У.Мур стратификациялаудың функционалдық теория деген бағытының негізін салушылар. Бұл теорияның негізгі принцптері : 1. Адамға бірдей мүмкіндік беру принцпі; 2. Қоғамдағы күресте осы мүмкіндікті пайдалануда адамдардың ең мықтылары, жігері және басқа позитивтік қызметтері жеңіп шығадыы. 3. Психологиялық детерминизм 4. Бұл принцпті олардың еңбек этикасына байланысты деп санаған.

Қорытынды.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемалары адамзат өмірінің басты ерекшелігі және оның орталық проблемасы – теңсіздік проблемасына тікелей байланысты. Ғылыми әдебиеттерде қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтңк теңсіздік екенін мойындайды.
Теңсіздік адамдардың біреулерінің жоғары ал біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Қоғамда әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта саты орналасуынан байқалады. Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р.Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Аженов М.С., Садырова.М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ университеті, 2004.
2. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социальная стратификация и структура. М.: Наука, 2000
3. Кравченко А.И. Социология. Хрестоматия. М., 2002

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет