Тотығу-тотықсыздану реакцияларының аналитикальқ химиядағы маңызы
Тотығу-тотықсыздану реакциялары сапалық және сандық талдау әдістерінде қолданылады.
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары түрлі тұнбаларды еріту үшін пайдаланылады. Мысалы:
2. Катиондарды бip-бipiнен бөлу үшін қолданылады. Мысалы, хром(ІІІ) катионын басқа катиондардан болу үшін сілтілік ортада сутек пероксидімен тотықтырады:
3. Зерттелетін қоспада тотықтырғыштар мен тотықсыз дандырғыштарды болжау үшін қолданылады.
4. Тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын көбінесе ұқсастыру үшін пайдаланады. Мысалы, Мп2+ катионын перманганатқа дейін тотықтырып, оның таңқурай түсінен анықтайды.
Тотығу-тотықсыздану процестері сандық талдауда да кеңiнен колданылады. Мысалы, титриметрияда, электроанализ, полярография, потенциометрия тағы басқа әдicтер де тотығу-тотықсыздану процестерiне негізделген.
Әрекеттесуші массалар заңының комплекс түзілу тепе-теңдігіне қолданылуы және оның аналитикалық химиядағы орны.
Адам ағзасына және барлық тіршілікке қажеті d-элементтер (темір, кобальт, марганец, молибден, мырыш) күрделі органикалық қосылыстармен, ақсылдармен және азотты негіздермен байланысып күрделі кешенді қосылыстар түрінде кездеседі. Кейбір кешенді қосылыстардың биологиялық активтіліктері зерттелген. Солардың арасында платинаның кешенді қосылыстары ісікке қарсы дәрі ретінде медицинада қолданылады. Мысалы, кобальттың хелатты кешені В12-дәрумен ретінде қолданылады. Кешенді қосылыстардың дәрілік препараттары талдау кезінде кеңінен қолданылады. Мысалы, этилендиаминтетра сірке қышқылы ЭДТА (Тр-Б) кешенді тұзы кальцийдің құрамын анықтау үшін пайдаланылады.
Кешен түзілу реакцияларының аналитикалық химиядағы маңызы жоғары. Ол реакциялар заттарды анықтауда, табуда, ерітуде, бөлуде, концентрлеуде кеңінен қолданылады.
Кешенді қосылыстардың құрылысы, жіктелуі, аталуы.
Кешенді қосылыстар деп кристалдық күйде де, epiген кезде де құрамында бірнеше лиганд тобымен байланысқан орталық атомнан тұратын, кешенді ион деп аталатын құрылым түзетін күрделі химиялық қосылыстарды айтады. Алғаш рет кешенді қосылыстар құрылысын А.Вернер 1893ж зерттеп, өзінің координациялық теориясын ұсынды, оның негізінде мына қағидалар алынған:
- атомдардың негізгі валенттіліктен баска қосымша деп аталатын валенттлігі кейбір реакцияларда байқалады.
- негізгі валенттіліктердің қанығуы нәтижесінде 1-ші ретті қосылыстар түзіледі мысалы Н2О, НСІ, CuCI, бинарлы қосылыстар.
- қосымша валеттіліктердің қанығуы арқылы жоғары ретті қосылыстар пайда болады. Мысалы:
Beрнер теориясы Л. Чугаев, А.Гриберг, И.Черняев еңбектерінде дамыды.
Лиганданың кешентүзуші атоммен байланыс түзу санына қарай комплексті қосылыстар екіге бөлінеді. Кешентүзуші атоммен әр лиганд тек бip ғана кешенді атоммен әр лиганд тек ғана байланыс түзетін болса, онда мұндай қосылыстар монодентантты кешендер деп аталады. Мысалы: K3[AIF61]; [Со(NН3)6]СIз
Достарыңызбен бөлісу: |