Қорытынды.
Аналитикалық химияда әрекеттесуші массалар заңының қатысуымен көптеген процестер жүріп өтеді. Тұнбаның түзілуі, тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы ерекше, оның ішінде сапалық талдауда пайдаланылатын реакциялардың көбі тотығу-тотықсыздану процестерімен байланысты, ceбeбi осы процесс нәтижесінде тұнба түзіледі, ерітіндінің түci өзгереді, газ бөлінеді, т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Тотығу-тотықсыздану процестері сандық талдауда да кеңінен қолданылады.Медицина мен фармациядағы маңызына келетін болсақ тотығу-тотықсыздану реакциялары адам ағзасында және жан-жануарларда жүретін зат алмасу процесінде және энергия айналымында маңызды қызмет атқарады.Ағзадағы тағамдык заттардың диссимиляциясының негізгі кезеңдерін қарастыру барысында ағзаны энергиямен қамтамасыз етудің 99% ондағы тотығу-тотықсыздану процестерінің үлесіне тиетін белгілі болды. Сонымен қатар, тотығу-тотықсыздану реакциялары көмегімен ағзадағы метаболизм нәтижесінде түзілетін кейбір улы заттардың ыдырауы да жүредіДәрі-дәрмектердің фармациялық қасиеттері және сақтау мерзімін анықтау, олардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерімен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Аналитикалық химия» - авторы Ә.К. Патсаев ., С.А. Шытыбаев., К.Н. Дәуренбеков.
2. «Аналитикалық химияның» тәжірибелік зертханалық сабақтарына қолданба. Авторы Ә.К. Патсаев., С.А. Шытыбаев.
Общая химия - Глинка Н.Л. М: 1990 Сборник задач и упражнения по общей химии Л: 1986
Достарыңызбен бөлісу: |