Реферат пәні бойынша



бет4/9
Дата10.12.2022
өлшемі59.57 Kb.
#466999
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Реферат п ні бойынша

Өрт жағдайын болжаудың мәні өрттердің пайда болуы мүмкін аудандарды алдын-ала анықтау және олардың даму жағдайларын бағалау болып табылады. Бастапқы деректер метеорологиялық жағдайлар, ормандар мен шымтезек батпақтарының жай-күйі, осы ауданның өсімдіктері мен топырағы, жергілікті жердің сипаты (өрттің таралуына кедергілердің болуы, өрттерді сөндіру үшін пайдалануға болатын су көздері) туралы мәліметтер болып табылады.
Жақындап келе жатқан орман өртінің жанама белгілері:

  • жел әкелетін тұрақты күйік иісі;

  • орманның үстінен тұманды түтін тарайды;

  • жануарлардың, құстардың, жәндіктердің мазасыз мінез-құлқы;

  • түнгі жарқырау, көкжиек нүктелерінің бастау алып, бірте-бірте екі жаққа қарай кеңейеді.

Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен) алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер магнитуда бірлікке арттса топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы отыз есе артады.
Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға — баллға бөлінеді. Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар (алғашқылары, негізгілері) 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер — 2-5 км/с.
Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық (күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда орын алады.
Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Мұндай құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады. Жылу әнергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады. Оның себебі — жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер қыртысының арасы адыраяды. ұшінші-жер қыртысының едәуір омырылған аумақтарда өтеді. Төртінші — мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде «ыстық нүктелер» пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде бетке шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет