Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз:
жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін;
құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді;
кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді;
көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін;
қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.
Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдылығы 15-30 м/сек жетеді. Тасқынның ұзақтығы -бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында Зм/с-ден ЗОм/с дейін күрт көтеріледі.
Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады. Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып — жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни «сел бась» деп аталады.
2.3 Табиғи апаттар кезінде өзін ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа ұсыныстар
Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек.
1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою;
2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар.
Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |