Зерттеу жұмысының жаңалығы: Өндірістік объектілердегі жарылыс пен авариялар, өрттер, табиғи апаттар кезінде өзін ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа арналған ұсыныстар жинағы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өндірістік объектілердегі жарылыс пен авариялар, өрттер, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау мәселесін қарастыру
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Табиғи апаттарды пайда болу жолдары мен салдарын қарастыру;
Табиғи апаттар кезінде өзін ұстау мен әрекет ету бойынша халыққа ұсыныстар жасау;
Өрт кезіндегі ұйымдастырушылық-тәжірибелік қауіпсіздік шараларын зерттеу;
Өндірістік объектілердегі авариялар мен жарылыстар кезіндегі ұйымдастырушылық-тәжірибелік қауіпсіздік шараларды зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау.
Зерттеу жұмысының пәні: Өндірістік объектілердегі жарылыс пен авариялар, өрттер, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үрдісі.
2.1 Табиғи апаттар мен олардың классификациясы
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады [4]:
— геологиялық (геофизикалық) құбылыстар — жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;
— метеорологиялық (ауа-райына тән) құбылыстар - дауылдар, борандар, құйындар;
— гидрологиялық құбылыстар - топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
— табиғи өрттер — орман, дала, шым тезек өрттері;
— жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) — эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.
Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі — жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Тақталардың баяу қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты [4].
Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін:
ай және күн тартысымен болатын су толысуы;
күн белсенділігі;
жер полюстерінің орнынан жылжуы;
жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы);
басқа жердегі сілкіністер;
адам әрекеттері; аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі.
Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы - ішінде көптен бері жиналған әнергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) эпицентр деп аталады.
Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің толқындарынан цунами пайда болады. Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар — цунами; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген [4].
Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен ағады. Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады — күкірт тотықтары, күкірт сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін. Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы сөнді [4].
Табиғи өртке орман отын жатқыздырады. Орман өрті – орман экожүйелеріндегі өздігінен немесе жасанды жолман пайда болған өрт. Мысалы, биыл Қазақстанның орманды аймағы саналатын Шығыс Қазақстан облысында 62 орман өрті тіркелген. Оның 48-і найзағай жалыны себебінен, 13 жағдай өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаннан, біреуі қасақана өрт кесірінен болған. Өрттің таралуына қарай орман өрттері жер беті, жер үсті және жер асты өрттері болып бөлінеді [3].
Жер беті - жердің үстіне және орман өсімдіктерінің төменгі қабаттарына таралатын өрт. Жердегі өрт кезінде орман қоқысы, шөптер мен бұталар жамылғысы, өскен және өскен өсімдіктер жанып кетеді.
Жер үсті – ең қауіпті өрт түрі. Ол қатты желден басталып, ағаштарды толықтай қамитиды. Өрт ағаш бойымен қозғалады, оның таралу жылдамдығы ауа-райынының тыныш күйінде 3-4 км/сағ жетуі мүмкін, желді ауа-райында 25-30 км /сағ және жылдам болуы мүмкін. Өрт аймағындағы температура 1100 ° C дейін көтеріледі. Жел негізгі оттан бірнеше ондаған, тіпті жүздеген метр қашықтықта жаңа өрттер тудырады.
Жер асты өрт (шымтезек) – бұл батпақты және батпақты топырақтардың шымтезек қабаты жанатын өрт. Ол төмен жылдамдықпен сипатталады (шамамен 0,5 м/мин). Шымтезек өрттерінің сипатты белгісі — көп мөлшерде жылудың жиналуымен жалынсыз жануы. Бұндай өрт түрлерін сөндіру қиын. Шымтезек өртінің себебі (тұтануы) – батпақ бетінің құрғауы кесірінен табиғи, яғни күн сәулесінің түсуі немесе адамдардың қателігінен болады [3].
Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс. Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады. Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын — қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер — судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады [4].
Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады. Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады. 50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай — 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі [4].
Тозаңданған немесе құм дауылдары шөл және шөлейт далаларда бірнеше жүз мыңдаған шаршы километр аймақтарды көміп тастай отырып, топырақ пен құмның орасан массасын (миллиондаған тонналар) жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа апарып тасымалдайды. Далалық алқапта осындай жағдай әдетте жер жыртуы дұрыс жасалмаған кезде болып тұрады. Температураның кенет төмендеп кетуінен қар жауып, боран соғуы мұз тұруға — конструкциялар мен заттардың бетін мұз немесе ылғал қар басуына себепкер болады. Мұз тұру мынадай түрлерге: көк тайғақ, қатқақ, ылғал қар мен қатқан қардың қабаттануы болып бөлінеді. Әсіресе, мұз тұру әлектр қуатын беру желілері үшін қауіпті келеді — олар үзіледі, көбіне транспорт жұмысы да тоқталады [4].
Құйын -жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді. Ол тез айналатын дәу воронканы, бұлттан түскен піл тұмсығын елестетеді. Бұл әрекетте ауамен бірге су, құм, шаң бөлшектері суырылып аспанға көтеріледі. Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда. Олар су айдын үстінде, сондай-ақ, құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде де туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен ере жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен тұрақты жері ешқандай болжамға келмейді. Құйынның жылжуындағы ерекшеліктің бірі -оның секіруі. Жермен келе жатып ол уақытша ауаға көтеріліп, жерге тимей кетеді де қайта төмендейді [4].
Достарыңызбен бөлісу: |