Реферат Пәні: Мұнай және мұнай өнімдерінің негіздері Тақырыбы: «Мұнайдың химиялық,физикалық және элементтік қасиеттері»



бет5/6
Дата28.03.2023
өлшемі147.23 Kb.
#471255
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Серікбол Айкерім ФЕК-207 реферат МҰНАЙ

Қорытынды: Мұнай қазіргі кезде құнды химиялық шикізат және энергияның маңызды көзі ғана емес, қоршаған ортаға үлкен қауіп болып табылады. Өкінішке орай, казіргі заман өркениеті үшін мұнай өнімдерінің жер бетіне тасумен байланысты экологиялық апаттар дағдылы болды. Осы сияқты ластану топырақ қабаты, жерасты және беттік сулар, геологиялық ортаға әсер етеді. Осындай жағдайлардың көп үлесі мұнай қоймасындағы апаттармен және оларды тиісті емес қолданумен байланысты. Бұл мұнай қоймалары істен шығудан кейінгі ұзақ жылдар ластанудың көзі болып қала береді. Экожүйеге теріс әсер ету дәрежесі бойынша мұнай, мұнай өнімдері және мұнай құрамындағы өнеркәсіптік қалдықтар радиоактивті ластаудан кейін екінші орын алады. Мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу және сақтаудың жетілмегені 50 млн.т/жыл-ға жететін, яғни жалпы өндірудің 2 %, елеулі жоғалтуларға әкеледі.
Қазіргі кезде бірінші орынға биоремедиация (bio - тіршілік, remedio - емдеу) – табиғи ортаны биотехнологиялық әдістермен тазалау болып отыр. Бұл жерде негізгі принципке негізделу керек: экожүйеге ластануда түсірілген зияннан артық зиян жасамау. Ол ластанған экожүйеге тыңайтқыштарды тікелей енгізу арқылы немесе ластанған экожүйені тазарту үшін жасалған арнайы микроорганизмдер енгізу арқылы аборигенді микрофлораны биостимуляциялау болуы мүмкін. Қазіргі таңда шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің микробиологиялық құлдырауы ластанған жер қыртысы мен теңіздерді тазарту мәселесіне байланысты үлкен маңызға ие болды. Мұнайдың биоқұлдырауы микроорганизмдердің көп санымен жүзеге асады. Бақыланатын жағдайда мұнайдың микроорганизмдер популяциясымен ыдырауына физикалық және химиялық факторлардың әсері зерттелді. Процесс оттегі қатысуымен, 25°С-қа дейін температураны жоғарылату және азот пен фосфор көздерін қосу кезінде жылдамдатылады. Топырақтан алынған бактериялар мұнайдың әр түрлі сапасында өсе алады. Микроорганизмдердің әр түрлі бірігуін сипаттау үшін консорциум термині қолданылады. Сонымен бірге консорциум тек мұнай деструкторларынан құралуы міндетті емес. Мұнайдың әр түрлі фракцияларына бағдарланған және көмірсутекті тотықтыру қабілеті жоқ, бірақ көмірсутекті тотықтыратын ағзалар үшін жиі улы көмірсутекті аралық тотықтыру өнімдерін ассимиляциялауға қабілетті бірнеше белсенді мұнай деструкторларының өзара әрекеттесуі тиімдірек болып келеді.
Мұнаймен ластанған топыраққа осы бактериялардың кейбір штамдарын енгізген соң топырақтың құнарлы қасиеттері жақсаратыны байқалады. Физиологиялық белгілері – хемоавтотрофты, аэробты. Электрондар доноры ретінде сутек қолданылады, электрон акцепторы ретінде оттегі және көміртек қолданылады. Факультативті аэроб болып табылады, оттегі болмағанда нитраттарды қолданылады [5, 57 б. ]. Бактериялар көміртек көздерін (көмірсутек, глюкоза, сахароза, арабиноза, дульцит, мальтоза, ксилоза, раффиноза, маннит), азот көздерін (калий нитраты, аммоний сульфаты, пептон, несепнәр, аспарагин) қайта өңдейді.
Күкірт көздерін (элементар күкірт, тиосульфат) жоя алмайды. РПБ өсу кезінде күкіртті сутек және аммиак түзеді. Көмірсутекпен сұйық ортада өскенде ортаның лайлануы, тұнба және ақшыл қабық байқалады. Өсу температурасы: жоғары +45оС, төмен +10оС, оңтайлы +25...+30оС. Дамуы рН 6,5-9,0 диапазонында жүреді; оптимум рН 7,5-8,5. Бактерия штаммы сұйық ортада мұнай мен мұнай өнімдерінің құрамы 1 г/дм3 дейін көмірсутегімен өсуге қабілетті. Бұл концентрацияда көмірсутектер толығымен бұзылады [6, 35 б]. Сонымен бұл нәтижелер бойынша, бөлініп алынған хемоавтотрофты бактериялар әр түрлі белсенділігін көрсетіп отыр.
Қорыта келгенде, келешекте біздің жұмыс істейтін штамдарымыз мұнайда өсетін хемоавтотрофты бактериялар белсенді 4 штамдары іріктелініп алынған болатын және олар көміртектің жалғыз қайнар көзі ретінде мұнайды пайдалануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет