Реферат Пәні: Мұнай және мұнай өнімдерінің негіздері Тақырыбы: «Мұнайдың химиялық,физикалық және элементтік қасиеттері»



бет4/6
Дата28.03.2023
өлшемі147.23 Kb.
#471255
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Серікбол Айкерім ФЕК-207 реферат МҰНАЙ

Ароматты көмірсутектер. Арендер (құрамында бір немесе бірнеше соның ішінде конденсацияланған бензол сақиналары бар ароматты көмірсутектер) мұнайда келесі қатарда келтірілген:
- бензол және оның гомологтары, СnH2n-6;
- нафталин және оның гомологтары, CnH2n-12;
- 3, 4 және 5 конденсацияланған ядролардан тұратын күрделі конденсацияланған жүйелер.
- Нафтенді және ароматты үзіктерден тұратын гибридті немесе аралас көмірсутектер.

МҰНАЙДЫҢ ЭЛЕМЕНТТІК ҚАСИЕТТЕРІ
Барлық жанғыш қазбалар бес негізгі элементтерден тұрады – көміртек, сутегі, азот, оттегі және күкірт. Дегенмен жанғыш қазбалардағы олардың мөлшері әртүрлі. Элементтік құрамындағы, ал демек, топтық құрамындағы айырмашылық бастапқы өсімдік материалына және мұнайдың түзілу жағдайларына байланысты. Мұнайдың барлық компоненттері тұратын негізгі элементтер – көміртек пен сутегі. Сутегі мөлшері жағынан мұнай жанғыш қазбалар ішінде аралық орынды иемденеді және мына қатарға қарай артады:
Көмір—мұнай—табиғи газ.
Мұнайлардағы көміртек пен сутегі мөлшері анағұрлым тар аралықта тербеледі.
Мұнайдың орташа элементтік құрамы:
Элемент Мөлшері, %
Көміртек (С) 85 — 87
Сутегі (Н) 11 – 15
Күкірт (S) 0,1 – 7,0
Оттегі (О) 1 – 2
Азот (N) 0,5 – 0,6
Барлық дерлік мұнайларда көміртек пен сутегімен қатар күкірт, оттегі және азот кездеседі. Осы элементтер қосындысы кейде 8 – 10% мас асады. Мұнайдағы азот 1,5% мас аспайды. Негізінен ол жоғары молекулалы, конденсацияланған (шайырлы) қосылыстар құрамына енеді. Сонымен қатар, жоғары шайырлы қосылыстар құрамына оттегі (0,1 — 2% мас) мен күкірттің біршама мөлшері енеді. Азот пен оттегіден айырмашылығы күкірттің басым мөлшері парафинді қатардың төмен молекулалы қосылыстарында шоғырланған.
Әртүрлі кен орындарында өндірілген мұнайлардың элементтік құрамы әртүрлі. Тұтасымен көміртек пен сутегіден тұратын мұнайлар (АҚШ-тағы Пенсильвания штаты; Өзбекстан) немесе жоғары күкіртті мұнайлар (Волга-Жайық мұнай-газды облысы, Башқұртстан мен Татарстандағы кен орындардың мұнайлары) бар. Уақытқа қарай мұнайдың элементтік құрамы да өзгереді. Мұнайдың жасы артқан сайын ондағы оттегі, азот және күкірт мөлшері азаяды, көміртек пен сутегі мөлшері артады. Гетероэлементтер-дің ыршып шығуы қарапайым қосылыстар түрінде өтеді – CO2, H2O, H2S, NH3, S, N2.
Жоғарыда аталған элементтерден басқа мұнайларда азғана мөлшерде өте көптеген элементтер, соның ішінде Ca, Mg, Fe, Al, Si, Ge, V, Ni, Na, Bi және басқалар кездеседі. Осы элементтердің мөлшері пайыздың азғана үлестерімен өрнектеледі. Мысалы, мұнай өнімдерінде германий 0,15-0,19 г/т мөлшерде анықталған. Барлығы мұнайларда 50 астам элементтер табылды. Тағы бір айта кететін жайт, ванадий мен никель жер қыртысында микроэлементтер болып табыла отырып, мұнайларда мөлшері жағынан металдар ішінде бірінші орынды иеленеді. Сонымен қатар, ванадий тек күкіртті және шайырлы мұнайларда кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет