Реферат Пәні: Мұнай және мұнай өнімдерінің негіздері Тақырыбы: «Мұнайдың химиялық,физикалық және элементтік қасиеттері»



бет2/6
Дата28.03.2023
өлшемі147.23 Kb.
#471255
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Серікбол Айкерім ФЕК-207 реферат МҰНАЙ

МҰНАЙДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Экологиялық-геохимиялық сипаттама бойынша мұнайдың негізгі құрамы жеңіл фракциядан, метандық көмірсутектер, циклдық көмірсутектер, шайыр, асфальтендерден және күкірттік қосылыстардан тұрады деп белгіленген.
Мұнайдың жеңіл фракциясы ең көп қозғалмалы төмен молекулалы метандық (алкандар), нафтендік (циклопарафиндер) және ароматикалық көмірсутектерден тұрады.
Жеңіл фракцияның ең көп бөлігі метандық көмірсутектер (алкандар, С5-С11) тұрады. Топырақ, су ортасына түскен метандық көмірсутектер тірі организмдерге токсикалық және наркотикалық әсер тигізеді. Соның ішінде қысқа тізбекті н-алкандар тез әсер етеді. Тұзды суда қысқа тізбекті н-алкандар оңай әрі тез еріп, улылығы арта түседі. Мұнайдағы жеңіл фракция мөлшері аз болған сайын мұнай улылығы да азаяды, бірақ қатысты мөлшері көбейген ароматикалық қосылыстардың улылығы артады.
Метандық көмірсутектер.Қайнау температурасы 2000С жоғары метандық көмірсутектер суда ерімейді. Олардың улылығы төмен молекулалық құрылысты көмірсутектерге қарағанда біршама төмен.
Топырақтың мұнаймен ластану кезінде мұнай құрамындағы қатты метандық көмірсутектер (парафиндер) мөлшері ластанудың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады. Парафиндер тірі организмдер үшін улылық қаупін тудырмайды, және жердің беткі қабатында қатты күйге ауысып, мұнайдың қозғалысын төмендетеді.
Қатты парафин қиын ыдырайды, ауада қиын тотығады. Ол топырақ қабатының кеуектерін ұзаққа дейін бітеп, топырақтың оңай ылғал алмасуы мен дем алуына кедергі келтіреді. Ол ең бірінші биоценоздың толық деградациясына әкеледі.
Циклды көмірсутектер. Бұл топқа мұнайдағы нафтендік және ароматикалық көмірсутектер жатады. Нафтендік көмірсутектер 35-60 % құрайды. Нафтендер тірі организмдерге оң әсерін (емдік мұнай) береді. Бұл мұнайдың биологиялық белсенділік факторы – полициклды нафтендік құрылым. Нафтендік құрлымның негізгі тотығу өнімі – көмірсутек қышқылдары мен оксиқышқылдар.
Мұнай құрамында ароматикалық көмірсутектер 5-15 %, көбінесе 20-40%. Ароматикалық көмірсутектер мұнай құрамындағы ең улы заттар. Судағы оның 1 % концентрациясы барлық су өсімдіктерінің тіршілігін жояды.
Моноядролық көмірсутектер – бензол және оның гомологтары полициклды ароматикалық көмірсутектерге қарағанда улылық қасиеті тез әсер етеді.
Шайырлар мен асфальтендер Ароматикалық көмірсутектердің ыдырау процесі қиын жүреді. Шайырлар – тұтқыр, май сияқты заттар, асфальтендер – қатты, жеңіл молекулалық көмірсутектерде ерімейді.
Шайырлар мен асфальтендер құрамына мұнайдағы негізгі микроэлементтердің көп бөлігі кіреді, соның ішінде барлық металдар. Улы емес және улылығы төмен металдар қатарына: Si, Fe, Al, Mn, Ca, Mg, P жатқызуға болады. Басқа микроэлементтер: V, Ni, Co, Pb, Cu, U, As, Hg, Mo концентрациясы көбейген кезде биоценозға улы әсерін тигізу мүмкін.
Мұнай химиялық құрамы жағынан органикалық қосылыстардан тұрады, яғни оның негізі – С,Н. Мұнай құрамында көмірсутектерден басқа да аз мөлшерде органикалық қосылыстар болады.Ол қосылыстардың құрамына О,S,N және металдар кіреді. Шайыр және асфальт заттары сияқты үлкен молекулалы қосылыстар да бар. Мұнайдың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі – парафиндер, циклопарафиндер, аромат қосылыстар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет