Қорытынды
Гендердің әркелкілігі адамдардың тағдырына көптеген кедергісін тигізуде. Гендерлік проблемаларды шешу жолында көптеген ұлттық конституциялар өмір сүріп жатқан азаматтардың тең құқылы болуын және еркін болуын, олардың гендерлік құрылысы мен жас мөлшеріне қарамастан қадағалап отырады. Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда. Ерлер мен әйелдердің бірігіп жұмыс атқарып, қоғамға қандай да бір көмегін тигізуі қажет. Бұл жағдайларға мемлекет көптеген жағдайлар жасауды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы тепе-теңдікті болдыру үшін заңға бір-екі өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймын, әсіресе от басы заңына, зорлық – зомбылықтың болдырмау жолдарын, саясатқа байланысты өз ойын ортаға салу жөнінде болғаны дұрыс. Осы жағдайларды қолға қадағалап отырсақ гендерлік проблемалар шешілуі мүмкін.
Сонымен, корыта келгенде « Гендерлік саясат кажет пе , жок па ? » деген сауал арагідік қазақ баспасөзiнде көтерiлiп калады. Пікірлер әрқилы болғанымен, біз өркениеттен тыс қала алмаймыз. Қоғам дамуы бұл сұрақтың күн тәртiбiнен түспейтінін ардайым еске салып тұрады. Жалпы, казак əйелiнiң тұрмыс халiнiң жақсарғаны отбасына ғана емес, өзіне де қуат берер. Әрине, әр ұлттың салт- дәстүрі, өз даму ерекшелігі бар. Десек те, заман дамыған сайын тұрмыс та түзелуi тиiс.
"Гендерлік саясат" деген түсiнiк бұрындары көп айтыла бермеуші еді. Уақыт өтіп, қазiргi кезде көп талқыға түсiп жүрген тартыстар мен пікір алмасулардын бiрiне айналды. Ол да болса демократиялық жаңарудын бiр көрiнiсi болар. "Гендерлік саясат" деп айқай салып, билiктегi нәзікжандылардың үлесін арттырамыз дегенімізден ұтарымыз жоқ сыңайлы. Неге?
Себебі бiздiң елiмiзде гендерлік саясатқа қараганда гендерлiк мәселелер күрделенiп тұр (әйелдiң қасиетiнiң төмендеуi немесе төмендетілуі, т.б.). Ол маселелер кайдан басталады? Әрине, отбасынаң. Отбасымыздың Отанымыздың бастауы екенiн ескерсек, алдымен, гендерлiк саясатты емес гендерлiк мәселелердi дұрыс жолға қойып алғанымыз жөн сияқты.
Қоғам болып әйелдiң отбасы мен қогамдық өмiрдегі орнын анықтап алмай қалайша оның билiктегi орнын анықтаймыз? Сiз калай ойлайсыз?
Гендерлiк саясат, негiзiнен, әйелдердiң теңқұқылығын тек билікте ғана емес, сондай-ақ, күнделікті күйбiн тiршiлiкте де қамтамасыз етуi керек. Алайда, Қазақстанда жүргiзiлiп отырган тендерлік саясаттан, көбiне, билікті көксеген аруларымыздың жаңғырықтары естiлiп жатады. Сондықтан да гендерлік саясат пен гендерлiк мәселелер деп екi бөлуiмiзге тура келеді.
Pухани тұрғыдан ислам дiнi ерлер мен әйелдердi теңестiрiп, бiрдей құқық берді және әйел мен еркектiң физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктеріне сай олардын ара жiгiн көрсеттi, және оларга қогамда белгiлi бiр ролдер жүктеді.
Гендер тағылғаннан кейiн қогам жеке адамдардан «әйелдер» және «еркектер» ретiнде әрекет етуiн күтедi. Бұл күтулер күнделiктi өмiрде iске асырылады және ұдайы өндiрiледi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. – Алматы, 2001.
2. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.
https://kk.eferrit.com/%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA-%D3%99%D0%BB%D0%B5%D1%83%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83/
https://www.referat911.ru/Biologiya/genderlk-leumettanu-basaru-zhne-jymdastyru/236858-2478984-place1.html
Достарыңызбен бөлісу: |