Мақта мен жүн тоқыма өнеркәсібінің шикізаттарына жатады. Мақта дайындау процесі бірнеше саыдан тұрады. Мақтаны тазарту және жүн жуу кәсіпорындары шикізат көзіне жақын орналастырылады.Мақта тазалау зауыттары Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан қалалары мен Мақтаарал елді мекенінде орналасқан. Жүн жуу комбинаттары Семей мен Тараз қалаларында салынған. Алдын ала өңдеуден өткен мақта мен жүннен жіп иіріліп, боялып, мақта мата комбинаттарына жіберіледі.Мақта мата өнеркәсібі мақтадан әр түрлі (шыт, бөз, түкті мата, дәке т. б.) маталар шығарады. Мақтадан жасалған маталардан іш киім, сырт киім, көйлек, киімнің ішкі астары, сәндік бұйымдар т. б. тігіледі. Маталарды жасап шығару процесі, мысалы матаны бояу, оған әртүрлі түсті суреттер түсіру т. б., кәсіпорынның арнайы мамандануын талап етеді.Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны – Алматы мақта мата комбинаты. Жүннен тоқыма бұым жасап шығаратын өнеркәсіп. Мақтадан жасалған матамен салыстырғанда, жүннен тоқылған матаның құрылымы мен пайдаланылуы күделірек. Мұндай матаға машинамен тоқылған жартылай жұқа мауыты маталар жатады. Жүннен тоқылған маталар тоқыма өнеркәсібінде ең қымбат маталар қатарында. Қарғалы мен Қостанай комбинаттарында дайындалған жоғары сапалы жүннен тоқылған маталардан пальто, костюм тігіледі.Сонымен қатар елімізде тігін, трикотаж, галантерея, шұлық шығаратын т. б. кәсіпорындар бар. Тігін комбинаттары қалаларда және аудан орталықтарында жиі кездеседі.Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазған қалаларында трикотаж бұйымдарын шығаратын фабрикалар орналасқан.Шұлық шығаратын фабрикалар Семей, Қарағанды, Шымкент қалаларында орналасқан. Астана қаласында жүн иіретін комбинат, ал Өскеменде жібек маталарын шығаратын комбинат жұмыс істейді.Халықтың жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына сұранысын қанағаттандыру мақсатында елімізде ұсақ және орташа кәсіпорындар құрылып, олар тері мен былғары бұйымдарын шығарады. Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқкиім өндірісінің Қазақстан экономикасындағы үлес салмағы 2003 жылғы есеп бойынша 0,1 % — ды құрады.Орал, Қызылорда, Тараз, Қостанай қалаларында орналасқан былғары, тері илеу зауыттарының елімізде маңызы зор. Тері илеу зауытттарында қой терісі және құндыз, түлкі, қасқыр, ақ тышқан, қоян терілері де өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |