Реферат Тақырыбы : Тағам өндірісі салалары Тобы: тпп-22-5



бет4/6
Дата18.04.2024
өлшемі16.07 Kb.
#499137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
1Зухра апай

Балық өнеркәсібі – балық аулау және балықты өңдеуден тұрады. Қазақстандағы балық өнеркәсібі Каспий теңізінің солтүстігінде орналасқан Атырау облысында шоғырланған. Каспий теңізінің солтүстігінен қара уылдырық беретін бекіре, қызыл балық және итбалық ауланады. Балық өңдейтін ірі кәсіпорындарға Атырау, Баутион, Балықшы, Зайсан, Призорный, Балқаш балық зауыттары жатады. Балық өнімдерін дайындайтын Арал мен Мойнақ кәсіпорындары Арал теңізінің су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Атырау мен Балқаш зауыттары елімізді балық консервілерімен қамтамасыз етуде.Республикамызда азық – түлік молшылығын жасау бағдарламасына және балық етінің құндылығына орай теңіз өнімдерін өндіруді ұлғайтуға үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Осыған байланысты теңізден, өзен – көлдерден ауланатын балық өнімдерімен, олардан жасалатын тағам түрлері де молаюда.Қазақстанда тамақ индустриясының қосымша салалары кондитер тағамдары, шарап жасау, темекі өндірісі де қарқынды дамып келеді. Автоматты қондырғылармен жабдықталған Алматыдағы «Рахат», Қостанайдағы «Баян сұлу» және Қарағанды кондитер комбинаттары халықты кондитер тағамдарымен қамтамасыз етуде. Жүзім көп өсірілетін Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шарап жасайтын зауыттар жұмыс істейді. Сонымен қатар елімізде минералды және таза бұлақ суларын, түрлі шырындар мен шөл қандыратын сусындар шығаратын өндірістердің ұлғайып келе жатқаны байқалады.Алматы облысында егілетін темекіні пайдаланып жұмыс Алматы темекі комбинаты – Қазақстандағы тмемекі өндіретін негізгі кәсіпорын. Оны 1993 жылдан бастап Американың «Филип Моррис» фирмасы басқарып келеді. Компания Алматы облысының Шелек ауданында темекі өсіру бағдарламасын жасады.Жеңіл өнеркәсіп халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын әр түрлі өнім түолерін шығарады. Бұл – индустрияның ең қарқынды саласы. Бұым дайындауда дәстүрлі кәсіпті меңгерген,көркемдік мәдениеті мен талғамы жоғары жұмысшы күшіне деген сұраныс жеңіл өнеркәсіп саласының негізгі ерекшелігін айқындайды. Ғылыми – техникалық прогресс жеңіл өнеркәсіптің дамуына күшті әсер етуде. Бұл шикізат базалары саласының өзгеруінен және жаңа техника мен технологияны пайдалануынан байқалады. Жеңіл өнерңәсіп құрамындағы жартылай дайын және дайын өнімдердің сапасына, оларды безендіруге байланысты талап күн сайын артуда. Киім үлгілерінің жылдам ауысып отыруы жеңіл өнеркәсіп құрал – жабдықтары мен өндірістің ұйымдастырылуына да жаңалықтар енгізуге мәжбүр етуде.Жеңіл өнеркәсіп құрылымының біршама күрделі екенін байқауға болады. Ол табиғи немесе химиялық шикізаттарды қайта өңдеудің технологиялық кезеңдерінен тұрады.Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салалар орналасу принциптеріне байланысты республика аумағында әр түрлі тараған. Мысалы, шикізат өндірістері (мақта тазалау зауыттары, жүн жуатын фабрикалар, жүнді өңдейтін кәсіпорындар) ауыл шаруашылығы шикізат базалары бар жерге шоғырланады. Шикізат өндірістері АӨК – тің құрамына кіреді. Тоқыма, былғары, тері т.б. кәсіпорындар кәсіби жұмыс күші және тұтынушылары бар қалаларда орналасады. Соңғы жылдары тұтынушыға қажетті дайын өнімнің (тігін, тоқыма, кілем және тері бұйымдары, бас киімдер, былғарыдан тігілген бұйымдар – аяқкиім т. б.) үлесі артып келеді. Дайын өнімнің бағасы жартылай дайын өніммен (мақта, былғары, тері) салыстырғанда жоғары. Дайын бұйымдарды сыртқа шығару жеңіл өнеркәсіп өндірісі үшін де тиімді. Жеңіл өнеркәсіптің аса маңызды салаларының бірі – тоқыма өнеркәсібі. Ол – шаруашылықтың ежелгі саласы. Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібі қазіргі заманғы техникамен жабдықталған, машиналы өндіріске айналып отыр.2003 жылғы есеп бойынша Қазақстан экономикасындағы тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 1,8 % — көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет