Реферат Тақырыбы : Тағам өндірісі салалары Тобы: тпп-22-5



бет3/6
Дата18.04.2024
өлшемі16.07 Kb.
#499137
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
1Зухра апай

Қант өнеркәсібі. Қант-маңызды тағам түрлерінің бірі, оны өндіру үлесі 2003 жылғы есеп бойынша 481419 т – ны құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 21,7кг – ға жетті.Қант өнеркәсібі құмшекер және шақпақ қант шығарады. Қант өнеркәсібін салуда шикізат көздеріне жақын орналастыру факторы маңызды рөл атқарады. Қант қызылшасын ұзақ уақыт сақтауға шыдамайды және алыс қашықтыққа тасымалдау оның сапасын төмендетеді. 1т құмшекер алу үшін 6 – 9 т қант қызылшасы керек.Республикамызда бірнеше қант зауыттары жұмыс істейді. Қант зауыттары қызылша егу шаруашылығымен айналысатын Жамбыл, Алматы облыстарында орналасқан. Боралдай, Тараз, Шу, Мерке, Қарабұлақ қант зауыттары құмшекермен қатар шақпақ қант шығарады. Құмшекер өнеркәсіптері өз елімізде өсірілген қызылшаны өңдеп қана қоймай, сонымен қатар шетелдерден келген қант шикізаттарын да пайдаланып, қант өнімдерін шығаруда. Қазақстанға қант құрағы Бразилия, Аргентина, Ау стралия т.б. елдерден әкелінеді. Өйіткені елімізде өндірілетін қант өнімдері халықты қантпен толық қамтамасыз ете алмайды.
Сүт өнімдері өнеркәсібі – тамақ өнеркәсібі салаларының ішінде үшінші орында, 2002 жылғы статистикалық мәлімет бойынша шаруашылықтың барлық түрінде сүт өндіру 4,1 млн т – ны құраса, әрбір сиырдан сауылатын сүттің орташа көрсеткіші – 2044 кг – ға жетті. Сүт, қаймақ, ірімшік, айран, ашытқы шығаратын сүт зауыттары мен сүт комбинаттары еліміздің әрбір экономикалық аудандары мен өнеркәсіп орталықтарында шоғырланған. Өйткені сүт өнімдерін алысқа тасымалдау тиімсіз. Қала халқын дер кезінде сүт өнімдерінмен қамтамасыз ету үшін сүт зауыттары әрбір қалада салынған. Ірі сүт зауыттары Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан.Май шайқау, сыр қайнату, сияқты сүт өнімдері өнеркәсібі, негізінен, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарында, сүтті ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда шоғырланған. Көкшетау, Қостанай, Алматы сүт комбинаттары сүт өнімдерінің 75 % — ын шығарады.Сонымен қатар елімізде өсімдік майы мен маргарин майын шығаратын өнеркәсіп орындары жақсы дамып келеді. Өсімдік майы күнбағыс және шитті мақта дақылдарынан алынады. Күнбағыс майын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары шығарады. Өскемен қаласында өсімдік майын айыру комбинаты жұмыс істейді. Шитті мақта майын шығаратын зауыт Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан.Қазір көптеген елді мекендерде өсімдік майын шығаратын шағын кәсіпорындар кездеседі. Бірақ онда шикізаттан май алу сапасы мемлекеттік кәсіпорындардан әлдеқайда төмен.Маргарин майын алу үшін – шикізат ретінде өсімдік майын және сүтті пайдаланады. Мұндай кәсіпорындар тұтынушы көзіне жақын орналастырылады, себебі маргарин майы тез бұзылатын өнімдер қатарына жатады. Алматы қаласындағы маргарин зауыты халықтың тұтыну қажетін өтеп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет