Кариотиптің қалыпты және патологиялық анатомиясы
Қалыпты анатомия — ересек адам және жануарлар денесінің құрылысының анатомиялық мәліметтері негізінде организм мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылыс зандылықтарын анықтайтын морфология ғылымының ірі саласы.
Патологиялық анатомия – адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым.
Патология саласында Қазақстанда патологиялық анатомия саласындағы жүйелі зерттеулер қазіргі ҚазҰМУ-да Патологиялық анатомия кафедрасы ашылғаннан кейін (1933) басталды. Қазіргі кезде Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), тіндік, клеткалық және клеткаішілік деңгейлерде зерттей алады.Патологиялық анатомияның зерттеу әдісіне: аутопсия (мәйіт), биопсия және тәжірибелік әдіс жатады. Соңғы әдіс патологиялық анатомияда жиі қолданылады. Мысалы, қатерлі ісік тудырушы (канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін осы әдіспен анықтайды.
Қорытынды
Қорыта келе адамның кариотипі қалыпты жағдайда 46 хромосомадан тұрады. Бұндай диплойдтық сан ата-аналық гаметалардың бірігуінің нәтижесінде туындайды, ал ата-аналық гаметалардың әр қайсысы 23ке тең хромосоманың гаплойдты санынан тұрады. Осылай адам ұрығы зигота сатысынан 23 жұп хромосомаға ие болады, олардың 22-сі аутосомалы және бір жұбы- жыныс хромосомадан немесе гоносомадан тұрады ( Х және Y ). Екі жыныс Х хромосомасының болуы (кариотип 46,ХХ)аналық жыныс хромосомасынасай, Х- және Y-хромосоманың болуы (кариотип 46,ХY) —аталыққа сай келеді.Халықаралық номенклатураға сай адам хромосомасы (ISCN), адам аутосомасы олардың өлшемінің кішірейуіне байланысты номерленген ( 1-ден 22-ге дейін) және 7 топқа ( А-дан G-ға дейін): А тобы (1–3) — үлкен метацентрлік хромосомалар 1, 3және субметацентрлік хромосома 2; В тобы (4 және 5) — үлкен субметацентрлік хромосомалар; С тобы (аутосом 6–12 және жыныс Х-хромосома) — орташа субметацентрлік хромосома; D тобы (13–15) — үлкен акроцентрлік хромосома; Е тобы (16–18) — кіші субметацентрлік хромосома; F тобы (19–20) — кіші метацентрлік хромосома; G тобы (21–22) — кіші акроцентрлік хромосома.Y-хромосома акроцентрлікке жатады, алайда 5 жұптан айырмашылыығы оның қысқа иығы жұптасқан жіптерден және жұптастардан тұрмайды, ал ұзыниығының өлшемі G –дан D – тобына дейін варияцияланып тұрады.Алғаш рет дифференциалды бояу әдісін Касперссон ұсынды, ол миотикалық хромосома препаратын флуоресцентті микроскопта флуорохром акрихинипритпен өңдеу кезінде хромосоманың ұзындығы бойынша сызылғандығы көрінетіндігін көрсеткен. Хромосомадан жалғамалы жарқыраған сызықтар («бэнды») көрінді( Q– сызық, Q–бояу ), олардың орналасуы әр хромосомаға тән болды.Кейін хромосома денесінің иректілігі, оның ұзындығы бойынша дифференциалды боялуын флуоресцирленбейтін бояғыштардың көмегімен анықтауға болатындығы анықталды (мысалы, Гимза бойынш қоспа: метилен-азур, метиленді күлгін, метиленді көк және эозин ). Бояр алдында препараттар әртүрлі әдістермен өңделінеді (трипсин, сілтілі немесе қышқыл ерітінділермен қысқа өңдеу.). Бояу әдісіне байланысты прицентромерлік участоктерді анықтауға болады (C-жолақ немесе орамдар) немесе иықтардағы әртүрлі жолақтар және хромосома теломеріндегі әртүрлі жолақтар (G-жолақтар).Осыған қарамастан бұндай арнайы бояудың молекулалық механизмі әлі күнге дейін анық емес, көптеген зерттеушілер хромосоманың жеке участоктерінің боялуға қабілетін олардың химиялық ерекшеліктерімен байланыстырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Куандыков Е. О. Молекулалық биология негіздері / Куандыков Е. О.,
Аманжолова Л. 2020. - 229 c.
https://www.elib.kz/ru/search/read_book/884/
2.Куандыков Е. О. Медициналық биология және генетика /
Куандыков Е. О., 2020. - 313 c.
https://www.elib.kz/ru/search/read_book/882/
3.https://kk.encyclopedia.kz/index.php
4.https://kk.wikipedia.org/wiki/
5.https://kk.wikipedia.org/wiki
6. https://el.kz/news/archive/content-4894/
7. https://mo02.biz/?p=mrrtozrymi5gi3bpgyztgmq&sub1=3l5fo6tj6u1np
Достарыңызбен бөлісу: |