Реферат тақырыбы: «Адсорбция және десорбция процестері»



бет6/8
Дата03.01.2022
өлшемі1.78 Mb.
#451618
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
физколоид соөж9

1.6 Десорбция процесі
Абсорбенттен сіңірілген газды ажыратып алу, яғни десорбция төмендегі мақсаттар үшін қолданылады.

1)Газды таза күйінде алу үшін

2)Абсорбентті қайтадан пайдалану үшін регенерациялауда Десорбцияның үш түрлі тәсілі бар.

1) Инертті газ немесе су буының ағынында,

2) Абсорбенттен жылу беру арқылы,

3) Абсорбент бетіндегі қысымды төмендету арқылы.

Инертті газ немесе су буының ағынында десорбция процесін жҥргізгенде, газдың ерітіндіде бетіндегі парциялдық қысымы инертті газдағыдан жоғары болғандықтан, газ ерітіндіден газ немесе су буының ағынына қарай өтеді. Бұл процесс насадкалы немесе табақшалы калонналарда өткізіледі. Инертті газ ретінде көбінесе ауа қолданылады. Абсорбенттен жылу беру арқылы десорбция процесін жүргізгенде, суда ерімейтін газдарды десорбциялау үшін су буы қолданылады.

Ажыратылған газбен су буының қоспасы калоннадан шығарылып конденсаторға беріледі. Мұнда су буы конденсацияланып, ажыратыған газ таза күйінде алынады. Тұйық бу арқылы жылу бергенде ерітіндіден газбен бірге еріткіште буланады. Пайда болған бұл бу қоспасы ректификация арқылы ажыратылады.

Абсорбент бетіндегі қысымды төмендету арқылы, егер абсорбция атмосфералық қысымнан жоғары қысымда өткізілсе, онда десорбцияны атмосфералық қысымға дейін төмендетіп өткізеді. Ал егер абсорбция атмосфералық қысымда өткізілсе, онда десорбция процесі вакумда өткізіліп, ажыратылған газ вакум насоспен сорылады.

7-сурет- Адсорбция және десорбция процесі



ҚОРЫТЫНДЫ
Адсорбция (лат. ad- бетіне және serbeo сіңіремін) қатты немесе сұйық заттардың бетіне газ, бу және еріген заттарды сіңіруі. Заттардың ішіндегі бөлшектерінің өзара куштері теңесіп, барлық бағытта да өзініің көріші бөлшектерімен байланыста болса, ал заттың сыртқы бетінде көрші бөлшетер жоқ болғандықтан, оның тарту күшінің біразы бос тұрады.Сондықтан сыртқы бетке жанасқан газ, бу және еріген заттың бөлшектері оған тартылады. Бетінде адсорбция болатын зат адсорбент деп аталады.

Физикалық адсорбцияда адсорбенттің молекуласы өзгермейді, химиялық адсорбцияда (хемосорбция) олар адсорбцияның бетінде онымен химиялық қосылыс түзеді. Адсорбция мөлшері адсорбенттің қасиетіне, сіңіретін заттың табиғатына, температураға байланысты. Қатты адсорбент ретінде активтелген көмір, силикогель,алюмогель, ал сұйық адсорбент ретінде су, көмірсутектер т.б. органикалық сұйықтық қосылыстары.

Адсорбция газдар мен сұйықтар қоспаларын бір бірінен бөлу, оларды кептіру, тазарту үшін противогаздарда қолданады. Бөлу жоспарында, көптеген биологиялық процестерде адсорбцияның маңызы үлкен. 
Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы. .

Сорбтив бөлшектері сорбентке қаншалықты терең сіңуіне байланысты және ондағы пайда болатын өзара әсер мен байланыс күшіне, табиғаты сәйкес сорбция күшін қарастырады. Егер сіңіру дененің тек беткі қабатында ғана жүретін болса, онда оны адсорбция деп атайды. Мұнда да сіңіруші затты адсорбент, ал сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды.

Сорбент пен сорбтив бөлшектерінің табиғаты мен өзара әрекеттесу сипатына орай, сорбция құбылысын физикалық және химиялық деп бөледі.Физикалық сорбция әлсіз және қайтымды.Ол тек молекулааралық, яғни Ван дер вальстік күш әсерімен жүзеге асады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет