1.4 Адсорбциялық қондырғылардың тәсілдері
Адсорбция қондырғыларының тәсілдрі екіге бөлініп қарастырылады:
Үздіксіз әрекетті адсорбциялық қондырғы
Мерзімді әрекетті адсорбциялық қондырғы
5-сурет- Үздіксіз әрекетті адсорбциялық қондырғы
6-сурет- Мерзімді әрекетті адсорбциялық қондырғы
1.5 Ионалмасу процестері
Топырақты минералдар – табиғи адсорбенттердің ішіндегі көбірек тарағандарының бірі. Топырақты минералдар заряды бар кезде адсорбталған иондар деп аталатын бетте, иондар жарында адсорбтауға мүмкіндігі бар. Адсорбталған иондардың бар болуы қатты денелердің сорбцияға мүмкіншілігімен байланысты.
Сорбция деп сұйық және газтектес заттардың қатты және сұйық фазада таңдалып жұтылуын айтады. Сорбцияның пайда болу себебі фазаның бөліну шегіндегі физикалық және химиялық процестерге болып табылады. Сондықтан қатты фазаның беті неғұрлым үлкен болса, сорбция да соғұрлым үлкен болады. Адсорбция деп берілген компоненттің беткі қабаттағы заттарының ішкі қабаттағы заттарымен салыстырғандағы құрамының өзгеруі.
Адсорбция – әрдайым шығынды беткі энергия болатын екі фаза бөлімінде өздігінен пайда болатын процесс. Адсорбция процесі молекулалық адсорбция және ионды-алмасу адсорбциясы депекіге ажыратылады.
Молекулалық адсорбция - еріген заттардың молекуласымен қатар еріткіштің де молекулалары адсорбцияланады. Ионды-алмасу адсорбциясы - ерітіндідегі таңдаулы бір электролит ионының жұтылуы кезінде жүреді. Бұл процесс осы адсорбция бетіндегі басқа бір ионды ығыстырып шығарумен қатар жүреді.
Адсорбция процесі жүретін зат адсорбент, ал жұтылатын зат – адсорбат деп аталады. Адсорбенттің бетінде жинақталған алмастырылатын иондар жұтылған комплекс деп аталады. Адсорбаттың адсорбентте еруі, яғни бетінен ішіне көшуі абсорбция депаталады.
Одан басқа физикалық және химиялық сорбция түрлері ажыратылады. Физикалық сорбция электростатикалық күштерге негізделген, бұл кезде сорбталатын зат өзінің жеке химиялық қабілетін сақтайды. Химиялық сорбция кезінде (хемосорбция) сорбент пен сорбталатын заттың байланысы химиялық реакциямен жүреді. Ол процесс олардың арасында беткі химиялық қосылыстың пайда болуына әкеледі.Физикалық сорбция қайтымды процесс. Ол әдетте десорбция процесімен қатар жүреді. Ал химиялық сорбция әдетте қайтымды емес процесс.
Адсорбция бірнеше сыртқы орта құрамымен анықталады. Марганецтың сулы оксиді жоғары абсорбция сыйымдылығымен және жоғары адсорбционды ауыр металдарға жақындығымен сипатталады. Марганец пен темірдің оксидтерінің металдарды адсорбциялау қабілеті ағынды суды тазалауда пайдаланылады.
Табиғи судағы адсорбцияның концентрацияға қатыстылығы тікелей:ионның концентрациясы неғұрлым көп болса, адсорбциялану мүмкіндігі соғұрлым көбеюі мүмкін. Адсорбция нәтижесінде судың құрамы өзгереді, катиондарының азаюы жүреді, жалпы минералдану дәрежесінің төмендеуі және ионды құрамының өзгеруі жүреді.
Жерасты сулары үшін олардың химиялық құрамы әр түрлі болғандығы породаларда сорбталатын(әсіресе кальций, магний, натрий) белгілі бір катиондар ие.
Ионалмасу процессі сорбционды процестерінің алуантүрлілігі болып табылады.Бұл процесс адсорбенттегі ерітіндіге салынған электролит жұтылған катиондар жиыны бар кезде пайда болады. Бұл кезде ерітіндідегі және жұтылған комплекстегі иондар арасында алмасу жүріп отырады.Жоғары алмасу қабілеті монтмориллонитте.
Ал каолинитте керісінше біршама төмен. Ионды алмасу – шекті белгіленген тепе-теңдікке дейін ағатын өздігінен пайда болатын процесс. Ол породаның бетіндегі сонымен қатар көлемдегі иондарды қозғайды.
Ионды алмасу нәтижесінде табиғи сулар осы немесе басқа катиондарын жоғалтып, басқа катиондарға ие болады, яғни бұл судың концентрациясын сақтап сапасының сапалы өзгеруіне әкеледі. Ионды алмасу әрекеттесуші масса заңына бағынады және эквивалентті мөлшерде ағып өтеді; иондардың концентрациясының артуы ерітіндідегі ионды алмасуды да арттырады.
Табиғи адсорбенттер(топырақ, коллоид, органикалық зат) теріс зарядқа ие болуына байланысты, жерасты сулары арасында көбіне катионды алмасу жүреді. Континенттік және теңіздік комплекстер ажыратылады. Біріншісі құрлықта пайда болған, жұтылған кальцийге иелігімен сипатталады. Ал теңіздік комплексте бірінші орынды жұтылған натрий алады.Бұл тек шартты түрде бөлінген, яғни жерасты суларының әрекеті жұтылған комплекстер құрамының өзгеруіне әкеледі: континенттік комплекстен теңіздікке айналуы мүмкін немесе керісінше.
Достарыңызбен бөлісу: |